«Ауыл үйірмесінен бастап, әлем чемпионатына дейін жеттім»: Джиу-Джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ауыл үйірмесінен бастап, әлем чемпионатына дейін жеттім»: Джиу-Джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері

«Ауыл үйірмесінен бастап, әлем чемпионатына дейін жеттім»: Джиу-Джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Қазақ жігіттері намысшыл болғаннан кейін, оларлы қанша ұрсаң да, қанша қырылып төбелессең де өздігінен қайтпайды.

  • 18 Сәуiр 2022
  • 89
Фото - Caravan.kz

ММА-дан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Джиу-Джитсудан Азия чемпионы, ММА-дан, Джиу-Джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жакыпбеков Дастан Бекбосынұлы өзінің спорт жолының қалай бастағанын, жеткен жетістіктері туралы Caravan.kz медиа порталына тілшісімен бөлісті.

— Жалпы өзіңіз туралы айтып кетсеңіз. Туып өскен жеріңіз қай өңір?

— 1996 жылы, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қапал ауылында дүниеге келгенмін. Өзім туралы айтып кетсем, көпбалалы отбасынан шыққанмын. Үйде алты баламыз. Ағам бар, екі қарындасым және екі інім бар. Әке-шешем, бәрі Қапал ауылында тұрады. Өзім қазіргі таңда Алматы қаласында, Қалқамандағы 157 мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін. Өзім әрекеттегі спортшымын. Әуесқой спорттан кәсіби спорт түріне ауысып жатырмын.

— Спортқа қалай және қашан келдіңіз? Кәсіби түрде осы спорт түрімен айналысуға не түрткі болды?

— Спортты мен негізі 14-15 жаста бастадым. Қапал ауылында еркін күрес үйірмесі болатын. Сол үйірмеге ауылымыздың барлық балалары қатысатын. Солармен қызығып, сол жерден спортқа қызуғышылығым пайда болды. Басында, 4-5 жылдай еркін күреспен айналыстым. Ережесіз жекпе-жектерде де жақсы нәтижелер көрсетіп жүргенмін. Одан кейін 2017 жылдан бастап Талдықорғанға келіп, ережесіз жекпе-жек спорт түрімен айналыса бастадым. Спортпен айналысуға деген бейімім ауылымыздың ағаларынан, балаларынан басталған. Солардың артынан еріп жүріп,спортқа қызыға бастадым. Одан кейін ақырын-ақырын құлшынысым арта бастады. Басында күреспен айналысқанда 7-сыныптан бастап 9-сыныпқа дейін ауылда күресіп жүрдік. Одан кейін 9-сыныпта Талдықорған қаласында спорт интернатқа түсіп, сол жерде 2 жыл, яғни 2012 жылдан 2014 жылға дейін күрестік. Сосын спорт шеберлігіне үміткері атағына ие болдым. Облыс чемпионы, республика чемпионы болдым. Одан кейін туған жерімде ережесіз жекпе-жекке қатысып жүретін дос балаларым болған. Ауылда өскеннен кейін, әрдайым төбелес көргеннен кейін өзім соларға қызығып жүретінмін. Өз-өзімді тексеріп көрейін деген мақсатпен 2017 жылдан бастап сол бағытқа барып көрдім. Сол кезден бастап ережесіз жекпе-жекке шыға бастадым.

— Қандай жекпе-жектерге қатыстыңыз?

— Ережесіз жекпе-жек болғаннан кейін, бізде ондай іс-шаралар көп болды. Бір түрден шықпаймыз: жекпе-жек, MMA, жауынгерлік Джиу-Джитсу, панкратион, , жауынгерлік самбо, сол спорт түрлері болғаннан кейін жарыстар да көп болды. Күрестің қандай түрі бар, соларға шыға беретінбіз қарамай.  Ең бірінші іріктеу, Қазақстан чемпионатында 2017 жылы жеңіске жеттім. Одан кейін Бахрейнда өткен әлем чемпионатына барып, сол жерде үш жекпе-жек өткіздім. Бірінші қарсыласым болгар болды, екіншісі араб жігіті болды, ал үшіншісі швед болды. Солай үш жекпе-жекке қатыстым. Негізі, Бахрейннен үлкен аренада өзім үшін жақсы тәжірибе алдым. Соның нәтижесінде басқа мақсаттар пайда бола бастады. Елімізге келіп, Қазақстан кубогына қатысып, чемпион болдым. Одан кейін 2018 жылы қайтадан әлем чемпионатына іріктеу болды. Сол жерде де жеңіске жеттім. Бірақ 2018 жылы белгілі себептерге байланысты әлем чемпионатына бара алмай қалдық. Оның орнына Ресейде өткен Садоводств кубогы деген мықты жарыс болатын. Сол жерге бізді апарды. Ресейде бүкіл ТМД елдерінің бәрі қатысатын. Төрт жекпе-жек өткіздім. Одан кейін Джиу-Джитсудан Қазақстан Республикасының чемпионаты болды, соны ұтып, Бішкекте Азия чемпионаты болды. Бішкекке барып, бес жекпе-жек өткізіп, Азия чемпионы болдым. Бұл чемпионатта халықаралық дәрежедегі спорт шеберін орындадым. Ал 2019 жылы әлем чемпионатына тағы іріктеу басталды. Оны ұтып, әлем чемпионатына бардым. Бірақ өкінішке орай, екінші әлем чемпионатымда жолым болмады. Үшінші жекпе-жекте тең ойын болды. 2020 жылы Қазақстан бойынша көп жарыстар болды. Енді шығайын деп жатқан кезде карантин, пандемия басталды. Соның нәтижесінде жекпе-жектерге шыға алмай қалдық. Олар 2021 жылға қалды. Ал 2021 жылғы жарыстары 2022 жылға созылды. Сол кезде Өзбекстанда ММА-дан Орта Азия чемпионаты болды. Өзбекстанға барып, финалда  ұтылып екінші орын алдым. Қазақстанға оралғанда әлем чемпионатына жіберді. Сол әлем чемпионаты менің соңғы жарысым болды. Аллаға шүкір, бес жекпе-жек өткізіп, финалға шығып, екінші орынға ие болдым. Жалпы алғанда, менің нәтижелерім – Қазақстанда 12 рет ұттым, ММА-дан Азия чемпионатында күміс жүлдегері атандым, Джиу-Джитсудан Азия чемпионатында чемпион болдым. Сонымен ММА-дан әлем чемпионатында күміс жүлдегері атандым. ММА-дан, Джиу-Джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шеберімін.  Жекпе-жектен спорт шеберімін. Сонымен қатар, панкратионнан спорт шеберімін. Және ең алғашқы бастаған еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткермін.

— Мықты бәсекелес спортшыны кім деп айта аласыз?

— Бәсекелес спортшылар көп қой. Мысалға, шетелге шығып жүргеннен кейін қаншама адамдарды көресін, қаншама жауынгер көресін. Әркімнің мінезі әртүрлі. Сол бәсекелестердің ішінен ең мықтысы – өзіміздің қазақ елінің спортшылары ғой. Өткені басқа елдермен салыстырып, соны байқайсын. Өзге елдің спортшыларын батырып, қатты ұрып жіберсең, олар артқа шегініп, қайтып қалады. Сенімен төбелескісі келмей қалады. Ал қазақ жігіттері өзіміз сияқты намысшыл болғаннан кейін, оларлы қанша ұрсаң да, қанша қырылып төбелессең де өздігінен қайтпайды.

 — Қазіргі таңда қандай жекпе-жекке дайындалып жүрсіз?

— Қазір өзім жаңа айтқандай, әуесқой спорттан кәсіби спорт түріне ауысып жатырмын. Бұйыртса келесі айда, яғни мамыр айында, кәсіби жекпе-жегімді бастайын деп жатырмын. Өзбекстанда Ташкент қаласында болады. Қарсыласым әлі белгісіз, бірақ сол жекпе-жекке қызу дайындық үстіндемін.

— Дайындық қанша уақытқа созылады?

— Дайындық негізі әрқалай. Жиынға байланысты. Біз әлем чемпионатына дайындалған кезде, үш жиын болды. Оның әрқайсысы: бірінші жиын жиырма бір күн болды, екінші жиын он бес күн, ал үшіншісі он күн болды. Сөйтіп үш кезенге бөлініп дайындаламыз. Бір жарысқа жоқ дегенде 1,5-2 ай дайындаламыз. Ал енді мен қазір кәсіби жекпе-жек болғаннан кейін, бір адам ғана дайындаламын. Бұл жерде басқаша дайындалу керек. Оған 1,5-2 ай шамасында уақыт кетеді. Ол жерде дайындыққа барғанда, әуелі салмағымызды реттейміз. Жекпе-жектен гөрі салмақ қуу қиынға соғады. Ол үшін біз диета ұстаймыз. Одан кейін тамақтануды азайтамыз. Содан, салмақ қуу басталады. Ең қиыны – соңғы грамм, килограмм қалған кезде қатты қиналамыз.

— Ең ауыр өткен жекпе-жек туралы айтып кетсеңіз?

— Әрбір күрес өте ауыр. Оңай жекпе-жек болмайды. Бізде әуесқой болғаннан кейін, бір жарыста біз 4-5 қарсыласпен шығамыз. Оның әрқайсысының өзіне тән артықшылығы, кемшілі болады. Мысалы біреу тұрыста жақсы төбелеседі, екіншісінің күресі жақсы, үшіншінің греппингі (ауырту әсері) жақсы. Әр қарсылас өзінше бір мықты. Және әр жарыста әрқалай болады. Мысалы бір жарыста жарақат алып төбелесеміз, екінші жарыста салмақ қуу дұрыс болмайды. Әр жарыста өзіндік қиындық болады. Ондай жағдайлар көп болды. Ең ауыры деп осыны айтсам болады – әлем чемпионаты, финал, қырғыз жігіті. Сол жекпе-жекте физикалық тұрғыда қарсыласым жақсы дайындалған. Арман Әшімовтармен төбелесіп көрдім, олардың тұрыстары жақсы.

 — Спорт мансабына енді қадам басқан жас спортшыларға берер кеңесіңіз?

Енді, жас спортшыларға, ұрпақтарға кеңесім – қазіргі таңда бәрі уақытқа байланысты. Уақытты бос өткізбеу керек.

Соңғы жаңалықтар