Жарияланды: 480

Баян Алагөзова: Мені режиссерлер әрдайым бай-қуатты әйелдің рөліне шақырады

Баян Алагөзова: Мені режиссерлер әрдайым бай-қуатты әйелдің рөліне шақырады

Баян Алагөзова жаңа рөлі жайлы, "КешYou" тобының экс-әншілері туралы сұхбат берді

Режиссер Рашид Сүлейменовтың "Айналар" атты фильмінде бай-қуатты әйелдің рөлін сомдаған продюсер Баян Алагөзова Caravan.kz медиа порталының тілшісіне сұхбат берді.

Жаңа рөлі туралы

- Маған режиссерлер жаңа рөл ұсынған кезде, мен бірден "бай-қуатты әйелдің рөлі ме?", - деп сұраймын. Олар "қайдан біліп қойдыңыз", - деп сұрайды. Өйткені мені көбінесе осындай тектес рөлдерге шақырады. Байдың рөлі, танымал билігі бар әйелдің рөлі көбінесе сондай рөлдерге шақырып жатады. Мүмкін, мысалы еден жуушының рөлін дұрыстап алып шыға алмайтын шығармын. "Айналар" фильміндегі рөлім де дәл солай қалталы әйелдің рөлінде. Кішігірім рөл, дегенмен де түсірілім барысы өзіме ұнады. Рашид Сүлейменовтың фильмінде ойнағандықтан емес, жалпы оны мықты режиссер деп есептеймін. 

Актерлік өнерге бет бұрған "КешYou" тобының экс-әншілері туралы 

- Қазіргі таңда, "КешYou" тобынан шыққан қыздардың барлығы да өнерде қызмет етіп жүр деп мақтанышпен айта аламын. Ал олардың актерлік шеберлігіне келетін болсақ, Мөлдір де, Жанар да, Айдана да, Камшат та, Ақбота да өздерін актрисалық жағынан сынап көрді, өздерін көрсетті. Камшатқа қазір барлық фильмдерге келісе берме дер едім, өйткені ол тым көп болып кетті. Ондай жағдай әртіс деген адам халықты жалықтырып алуы мүмкін. Ал Жанар Дугалованы режиссерлер шақырмай жүр ме, әлде өзі келіспей жүр ме білмедім. Бірақ Гитис-ті қызылға бітірген, кәсіби актриса, ол фильмдер мен сериалдарға көп түссе деймін.

"КешYou" тобының қазіргі мүшесі туралы

- Қазіргі құрамға көңілім толады, жақында тағы бір жаңа бейнебаянымыз жарыққа шығады. Бұрындары екі қыз сұлу, бір қыздың дауысы болса, ал бұл жолы үш қыз да сұлу, үшеуінің де дауыстары мықты. Оларды фильмдерге түсуге шақырса, жібересіз бе деген сұраққа жауап беруім қиын. Өйткені, оларды фильмге жіберуге немесе оларды өзім түсіруге қорқамын. Себебі, біздегі қыздардың көбісі солай фильмге түсіп, мега жұлдыз болып кетіп кейін түрлі жағдайларға тап болып қалып жатамыз. Сондықтан да әзірге оларды фильмдерге түсіртуге көп ойланамын, жалпы бұл сұраққа жауап беру қиын мен үшін.

Баян Алагөзова продюсерлік ететін "Пышка" фильмі туралы

- Біз орталық жаңа фильмнің түсіріліміне кірісіп кетті. Білетін боларсыз, инстаграм желісіндегі парақшамда толық қыздарға іріктеу жасаған болатынбыз. Ол қызды таптық, Ақтөбе қаласының аруы. Жаңа есім, ол қыздың осы фильмнен кейін жұлдыз болып оянатынына сенімдімін.Фильмнің сценарий өте күлкілі, комедия жанрындағы фильм түсірмегенімізге біраз болған еді. Фильм туралы әзірге толығырақ айта алмаймын, өйткені қазір бәрін айтып қойсам, кейін көрерменге қызық болмай қалады. Күтіңіздер, өте күлкілі әрі қызық болады.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін