Жарияланды: 15300

"Етеккір сізге келе ме? деген сұрақтар жиі қойылады" 21 жастағы трансгендер қызға айналудың қиындығы туралы айтты

"Етеккір сізге келе ме? деген сұрақтар жиі қойылады" 21 жастағы трансгендер қызға айналудың қиындығы туралы айтты

Еркек қалпынан нәзік қызға айналған жігіт қыз болудың қаншалықты қиын екенін айтып берді.

Ол кішкентай кезінен сұлу аруға айналуды армандаған, өсе келе сол арманына қол жеткізді. 18 жасынан бастап өз болмысын қызға ауыстыруға шешім қабылдаған Амилай Баймұратовамен Caravan.kz порталының тілшісі сұхбаттасқан болатын.

- Қызметте, жұмыста өзіңізді қалай таныстырасыз?!

Жалпы мен бір жерге жұмысқа сөйлесуге баратын болсам, мен өзімді Амилай Баймұратова деп таныстырамын. Ол жерде бұрынғы еркек кездегі есімімді айтқым келмейді. Сондықтан өзіме ыңғайлысы - Амилай.

- Жалпы қай жастан бастап осындай шешімге келдіңіз және не себеп болды?

Мен негізі кішкентай кезімнен бастап қыз болғым келетін. Бірақ 14 жасымнан бастап қызға ұқсап боянып, киініп өз-өзімді үйреттім. Содан соң 18 жастан бастап толық осы шешімге келдім. Қазіргі таңда жасым 21-де.

- Отбасыңыз бұл таңдауыңызға қарсы шыққан жоқ па? Қанша ағайындысыздар?!

Отбасым бұл таңдауға басында қарсы болды. Түсінбеді, себебі енді ауылдық адамдар ғой ондай жағдайды тіпті білмейтін. Осындай күйімде менің бақытты екендігімді көргеннен соң, олар жақсы көз-қараспен қабылдады.

- ОТА деп жатамыз ғой, сіз төсіңізді қай мемлекетте жасаттыңыз?!

Мен ешқандай шетелде жасатқан жоқпын, бізде де медицина дамып жатыр ғой, мен төсімді Алматы қаласында 2019 жылы мамыр айында жасаттым. Бағасы 700.000 теңге тұрады.

- Қателеспесем мүше ауыстырған жоқсыз, оған қаражат жағы қиын болып жүр ме немесе психологиялық дайындық аздық етіп тұр ма?!

Бұл сұрақ құпия болып қала берсін, қазірше оны айтқым келмейді. Жеке басым, жеке өмірім болғандықтан жеке болып қала берсін.

- Өзіңіз сияқты ер адамнан қызға айналғысы келгендерге не айтасыз?! Өзіңізде ешқандай өкініш жоқ па?!

Менің оларға айтар ақылым - керек емес. Ол оңай жол емес, оңай бағыт емес. Сондықтан ұл болып жүре бергеніңіз дұрыс. Қазіргі заманда ұлмен ұл жүре береді ғой. Қызға айналсаңыз қатты қиналасыз. Жігіт табуыңызға өте кері әсер береді. Сізбен жігіттер көшеде жүруге ұялуы мүмкін. Ал егер еркек болсаңыз онда ұл мен ұл жүре беруге болады. Өйткені көшеде аса байқалмайды.
 

- Айналаңыздағы адамдар сізге қалай қарайды?! Өзіңізді қай ортада еркін сезінесіз?!

Айналамдағы адамдар маған жақсы да, жаманда көз-қараспен қарайды деп айта алмаймын. Егер мені біліп қойғандар болса, суретке, видеоға түсіріп алады. Кейбір айтатын адамдар да кездеседі. Мынау еркек қой, транс бұл деп айтатындар да бар. Бірақ менің қасыма келіп, ұрып, қорқытып боқтағандар болмапты.

- Біздің қоғам жалпы ЛГБТ -ға үркіп қарайды, жынысын ауыстырғандарға басқаша қарайды. Оған қаншалықты психологиялық жағынан мықты болу керек?

- Қоғамда ЛГБТ -ға жаман көзқарас ол тек әлеуметтік желіде ғана. Егер бетпе-бет келген кезде олармен сөйлессеңіз, тілдессеңіз қарапайым адамдардан қарағанда түсінігі, адамгершіліктері мол. Адамдармен жақсы тіл табыса алады. Және олардың жан дүниесін түсініп сөйлессеңіз жақсы жандар.
- Жалпы Гей, лезби дегендерге көзқарасыңыз қалай?!

- Менің оларға көзқарасым 50/50. Маған гей, лезбилер ұнамайды деп айта алмаймын. Өз өмірлері өздері біледі. Бірақ маған жақындағанын қаламаймын. Олармен қарым-қатынас жасауға болады. Бірақ махаббат ретінде емес, тек адами тұрғыда.

- Қазіргі таңда жігітіңіз бар ма?! Отау құруға қалай қарайсыз? Ол жағын ойландыңыз ба?!

- Қазіргі таңда жігітім жоқ, бірақ отау құруға ниетім бар. Бірақ қазір емес, көлік, үй болғанда бұйыртса. Қазір үйленіп алып, бала-шағаларын баға алмай жүргендер қаншама. Сол сияқты болмасын деп, өзімді материалдық жағынан дұрыстап алып, содан соң отау жайлы ойланамын. Тұрмысқа шығып, бала асырап алсам деген ниетім бар.

- Қыздар ұнаған кездер болды ма?! Амилай қайтадан бұрынғы қалпына келгісі келген сәттер бола ма?!

Қыздар ешқашан маған ұнамаған, ұнамайды да. Себебі мен кішкентай кезімнен бастап жігіттерге ғашық болғанмын. Қыздарға құрбы ретінде ғана қараймын. Жоқ, бұрынғы қалпыма ешқашан оралмаймын. Осы Амилай қалпымда қаламын.

- Инстаграмда қаншалықты белсендісіз?! Әлеуметтік желіде ең көп қойылатын сұрақ ?!

Инстаграмда қолым босаған сайын, стористер салып тұрамын. Күнде адамдармен араласуға тырысамын. Ең көп қойылатын сұрақ ол - "етеккір сізге келе ме?!", "Ұлсыз ба, қызсыз ба?", - деген сұрақ.

- Қателеспесем қайырымдылыққа ақша аудардыңыз иә?! Аудиторияңыз демек сізге сенеді иә?

Аса бір мықты жұмыс жасадым деп есептемеймін. Дегенмен де аз да болса көмегім тигеніге қуаныштымын. Көмекке мұқтаж жан жазды маған, мен бос отқанша деп инстаграмыма салдым, бір сағатта 20.000 теңге жиналды, ол қаражатты қайырымдылыққа аударып жібердім. Оқырмандарым теріс түсінбесін деп, аударғандарымды стористерге салып отырдым. Жалпы қолымнан келсе әрқашанда біреуге көмек беруге тырысамын.

https://instagram.com/amilai.kz?igshid=5a9vzq3z7jgn

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін