Ілияс Түстікбаев : Елімізді жаңа деңгейге шығаруға - адами ресурстарымыз мықты болу керек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ілияс Түстікбаев : Елімізді жаңа деңгейге шығаруға - адами ресурстарымыз мықты болу керек

Ілияс Түстікбаев : Елімізді жаңа деңгейге шығаруға - адами ресурстарымыз мықты болу керек

Қазақстанның мақсаты айқын, бағыты белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.        

  • 19 Қазан 2021
  • 219
Фото - Caravan.kz

Елбасының «Рухани жаңғыру " бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жобалар мен алдағы уақыттағы жоспарлар жайлы Қазақстан студенттері Альянсының Президенті Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы Caravan.kz медиа порталының тілшісіне айтып берді.

— Ілияс мырза! Өзіңізді таныстырып өтсеңіз…

— Мен Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы. Қазақстан студенттері Альянсының Президенті болып қызмет атқарып жатқаныма төрт жылдай уақыт болды. Нұр-Сұлтан қаласында Еуразия Ұлттық Университетінде білім алдым. Және қазіргі таңда Құқық мамандығы бойынша 2-ші курс доктарантымын.

Қазақстан студенттері Альянсы бұл республикалық қозғалыс. Республикалық деңгейде студенттердің басты ұйымы. Жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттерімен жұмыстар атқарамыз. Биылғы жылдан бастап, мектеп оқушылары мен абитуриенттер арасында кәсіби бағыт-бағдар беру бойынша жұмыстарды іске асырып жатырмыз. Сонымен қатар, Қазақстан студенттері Альянсы айтып өткенімдей, студенттерге қатысты келелі мәселе – бұл ұлттық біріңғай тестілеу тапсырудан бастап, бітіріп шыққан жас маманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық процестерге қатысты жұмыстар атқарады. Оның ішінде, жатақхана мәселесі, мемелекеттік гранттарды тағайындау, мемелекеттік шәкіртақы, Назарбаев стипендиясы, сонымен бірге, қазіргі таңдағы жоғарғы оқу орындарының лицензиясы, аккредитациясы, мониторингтік жұмыстар сынды әр түрлі бағыттар бойынша осы Қазақастан студенттер Альянсы министрліктің комиссияларына, жұмыс топтарына мүше болып кіреді.

Биылғы жылы жоғарыда айтып өткенімдей, кәсіби бағыттағы жұмыстар басталды. Бұл 17 облыс бойынша, яғни, өңірлер бойынша мектеп оқушыларымен кездесу, мамандық таңдау, жоғарғы оқу орнын таңдау кезінде қандай қателіктер бар, қандай кемшіліктер бар және де қалай дұрыс таңдау керек деген сияқты кездесулер мен курстарын өткіземіз.

— Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша қандай жұмыстар атқарып жатырсыздар және де алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз

— «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» мақаласының жарияланғанына төрт жылдан астам уақыт болды. Шыны керек, мен әрдайым жастарға, студенттермен кездесу кезінде бұл мақала тек бір рет қана оқылып қоя салатын мақала емес, бұны әрдайым оқып, сана-сезімге сіңіріп, жаңартып тұруымыз керектігін айтып жүремін. Себебі, біздің қазіргі таңдағы міндетіміз – санамыз ішкі ойымыздан озық болуы керек. Біз әрдайым жаңғырып отыруымыз қажет.

Көптеген мәселе, көптеген даму ең алғаш сана-сезімнен бастау алады. Сол себептен де, біз күнделікті жайттарға, мәселелерге күнделікті өмірдегі көзқараспен қарамай, санамызды жаңғыртсақ, ісімізде де өзгерісте болу керек.

Осы бағдарлама аясында, Рухани жаңғыру бағдарламасындағы 100 жаңа кітап сияқты керемет жобалар болды. Биыл арнайы Рухани жаңғыру бойынша ұлттық жоба, яғни, «Ұлттық Рухани жаңғыру» деген жоба әзірленді. Жобада 2021- 2025 жылдарға арналғанүлкен кешенді іс-шаралар жоспарланған. Бұл жерде ұлттық мәдениет, бірегейлікті сақтау, мәдени өзіміздің өнімдерді ынталандыру, олардың сапасын арттыру қарастырылған. Сонымен бірге, әрбір қазақстандықтың көркемдік шығармашылық әлеуетін іске асыру, жас ұрпақтың бойындағы рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру сияқты мақсаттар қойып отыр. «Ұлттық Рухани жаңғыру» деп, осы 10 жобаның ішіне кіргендігі сана-сезімге жаңғыруға мән бөлініп отырғанының айғағы.

Биылғы жылы жоба аясында, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына байланысты «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағыты кірген болатын. Соның аясында, 2021 жылы 600 мың жасты 2022 жылға дейін 1 миллионнан астам жасты қамту қарастырылған. Оның ішінде, гранттар, жастарға арналған тұрғын үй бағдарламалары сияқты, жастар арасында волонтерлік мәдениетті көтеру қолға алынған. Көп жағдайда шалғай елді-мекендердегі жастар естімей, хабардар бола алмай, қалыс қалып жататыны да бар. Соларды осы мемлекеттік бағдарламалар бойынша хабардар ету. Сонымен қоса, мәдени объектілердің санын ұлғайту сияқты бірнеше бағыттарды қамтып отыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің әзірлеуші және де осы жобаға жауапты ретінде жұмыстарды атқару 5 жылдық көлемде іске асырады деп ойлаймын. Бұл жердегі ең басты мәселе, кез-келген жоба, іс-шара жұмыстарына жастарды тікелей араластыру керек. Сол кезде ғана бұл пайдалы болады деп есептеймін.


Екінші айтатын мәселе, бұл жобалар тек бір жақты ғана қаралмай, яғни, жоғарыдан төмен түсетін жұмыстар емес, жастардың өзінің қажеттіліктері, қызығушылықтары болып сұраныстарына негізделу керек.

Бұл жоба аясында, ең басты қойып отырған бағыттардың бірі – басымдық патриотизм. Жаңа қазақстандық патриотизм – көп ұлтты және көп конфенсиялы қоғам табысының негізі деп аталады. Сол себептен, патриоттық сезімді қазіргі жастарымызға 21 ғасырда батыстық немесе әр түрлі шетелдік мәдениеттерге еліктеу кезінде, өзіміздің жаңа қазақстандық патриотизмді дамыту, жастардың сана-сезіміне жеткізу бағыты басым алынғандығы қуантады.

— «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қарапайым халыққа  жалпақ тілмен айтсаңыз…

— «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  — қазіргі жаңа тарихи даму кезеңінде еліміздің, ұлтымыздың рухани және мәдени құндылықтарын сақтауы және ұлғайтуы. Тек еліміздің көлемінде ғана емес, әлемдік деңгейде көрсету. Содан кейін, дамыған 30 елдің қатарына арнайы ену сияқты мақсаттарға жету негізі.

Және де жоғарыда айтып өткенімдей, көп нәрсе сана-сезімге байланысты. Көптеген дамыған мемлекеттерді қарайтын болсақ, олар өздерінің басты бағыты ретінде жер ресурстарын немесе қазба байлықтарды қолдану емес, керісінші, білімге, дамуға көп көңіл бөледі. Егер де біздің бәсекеге қабілетті көзі ашық білімді жастарымыз көп болатын болса,қазба байлықсыз-ақ елімізді дамыта алады деп жоспарланған.

— Жастарға айтарыңыз…

— Қазіргі таңда біздің елімізде болып жатқан соңғы өзгерістер бар, әлемдік деңгейдегі пандемия бар, кімнің кім екенін, қай сала қалай жұмыс жасап жатқанын көрсетті. Сол себептен де, көп мәселе, көп жайт осы білімге келіп тіреледі. Медицина саласы болсын, ауылшаруашылық саласы болсын, еліміздің экономикасын дамыту сияқты әр түрлі салада озық болу үшін – білімді жастарымыз көп керек. Сол себептен, қазіргі жастарға айтарым, тек білім алу керек, ғылыммен айналысу керек. Жоғарғы оқу орнында тек төрт жыл оқып, дипломды алып қана қоймай, зерттеумен айналысып, іздену керек. Қзір мемлекет тарапынан жас ғалымдарға көп көңіл бөлініп отыр. Елімізді жаңа деңгейге шығаруға, бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарына қосу үшін біздің  адами ресурстарымыз мықты болу керек. Жастарымыз білім алсын, шетелді көріп, шетелдік білім алсын, тәжірибе алып, зерттеп, біздің елімізге енгізсін деген тілегім бар!

— Сұхбатыңызға көп рахмет! Тек биіктерден көрініңіздер!

Соңғы жаңалықтар