"Қазақстан геосаяси тепе-теңдікті ұстап отырған бірден бір мемлекет" - Халықаралық саяси сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 541.82
  • 627.1
+29 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан геосаяси тепе-теңдікті ұстап отырған бірден бір мемлекет" - Халықаралық саяси сарапшы

"Қазақстан геосаяси тепе-теңдікті ұстап отырған бірден бір мемлекет" - Халықаралық саяси сарапшы

Халықаралық құқық жаһандық саясатта қаншалықты ықпалды? Саяси поляризация әлемдік тұрақтылыққа қандай әсер етуі мүмкін? Қазақстан жаһандық саясатт қандай рөлге ұмтылуы керек?

  • 23 Шiлде
  • 6365
E-history.kz

Осы және өзге де сұрақтарға журналист, халықаралық саяси сарапшы Баяжұма Асылбек жауап береді.

Халықаралық құқық жаһандық саясатта қаншалықты ықпалды?

— 21 ғасырдың халықаралық қатынастар жүйесінің құқықтың орны туралы пікірталас қазіргі таңда өзекті. Әсіресе соңғы жылдары геосаяси дағдарыстар, Ресей мен Украина арасындағы соғыс, Үндістан мен Пәкістан, Израиль мен Палестина арасындағы халықаралық шиеленістер, соғыстар, халықаралық санкциялар бұл Біріккен Ұлттар ұйымының қауқарсыздығын көрсетіп отыр. Халықаралық құқық дегеніміздің өзі нормативті жүйені және саяси ойыншылардың мүддесіне тәуелді дүние. Оны идеал ретінде дәріптеу де, түбегейлі жоққа шығаруға да болмайды. Тарихқа көз жүгіртсек, бұл тиімді немесе әлсіз деп қарап баға беруге болады. Бұған дейін БҰҰ әлемдік мемлекеттерінің басшыларын қосып, соғыс пен бейбітшілік, адам құқықтары, дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастарды реттейтін үлкен ұйым ретінде қаралып келді. Ядролық қаруларды таратпау туралы шарт, теңіз құқығы жөнінде БҰҰ конвенциясы сияқты реттеуге бағытталған құжаттар екінші дүниежүзілік соғысынан кейін қалыптасқан құқықтық жүйенің негізін қалайды. Алайда, тәжірбие көрсеткендей, заңды құжаттар болғанымен оны сақтау өкінішке орай орындалмай отыр. Мысалы, халықаралық құқықтың шектелуі, оның орындалуының әлсіздігінің бір себептері ол халықаралық соттар шешімдер шығара алады. Бірақ, оны орындату саяси ерік пен күш-жігер жетіспейді. Бұл жағдайда үлкен державалардың күші айқын сезіледі.

Палестина-Израиль қақтығысы халықаралық саясаттың қандай мәселелерін ашып көрсетеді?

— 2023 жылдың қазанында басталған Газа секторындағы кезекті қақтығыс Израиль мен Палестина арасындағы екеуінің арасындағы дау ғана емес, халықаралық саяси жүйенің әлсіздігін халықаралық ұйымдардың қауқарсыздығын ашық көрсетті. Осы қақтығыстан Газа секторында 50 мыңнан астам бейбіт тұрын қаза тапты, инфроқұрылым түгел жойылды десе де болады. Алайда, ешқандай санкция шараларын, жазалау шараларын ешкім қабылдаған жоқ. Яғни, Израильге ешкім, ештеңе істемеді десе де болады. Себебі, БҰҰ түсетін қаржы АҚШ-тан келіп түседі. Осы соғысты қолдап отырған елдің бірі АҚШ болғандықтан бұл халықаралық жүйенің Израильге ешқандай әрекет жасамайтыны белгілі. Халықаралық құқықтар әлсіздер үшін ғана жұмыс істейтін құжат. БҰҰ жүйесі өзінің нақты рөлін орындай алмады. Палестина-Израиль қақтығысы тек аймақтық дағдарыс емес, халықаралық жүйенің дертін ашып берген геосаяси қақтығыс.

Қазіргі жаһандық қақтығыстардың негізгі себептері қандай?

— 21 ғасыр технологиялық жетістіктер, дипломатиялық институттар және жаһандық байланыстар дәуірі деп есептейміз. Қаншалықты жетістікке жеткеннің өзінде де, біз әлемдік соғыс пен қақтығыстан айырыла алмадық. Соңғы 10 жылдықтың өзінде Ресей мен Украина, Палестина мен Израиль, Судан мен Эфиопия, Йемен мен Сауд Арабиясы, Үндістан мен Пәкістан қақтығыстары сынды әлемдік деңгейдегі қауіп жағдайында өмір сүріп келеміз. Бұрын қақтығыстардың негізгі себебі – жер үшін талас немесе этностық араздық болса, қазір соғыстардың себеп-салдары күрделене түсті деуге болады. Бұл реурстарға талас, технологиялық үстемдік және идеологиялық жарыс. Жаңа дәуір қақтығыстарының бірі ол кейбір кеңестікте мәліметтер алмасу, цифрлық тәуелділік негізінде өрбейді. Бұл қақтығыстардың тамыры терең, салдары жаһандық деңгейді қамтып отыр.

Қазақстан жаһандық саясатта қандай рөлге ұмтылуы керек?

— 21 ғасырда геосаяси көріністің күрт өзгеріп, жаһандану күші қайта бөлініп жатқан тұста, Қазақстан өзінің сыртқы саясаттағы орнын айқындауға мәжбүр болды. Қазақстан өзінің көпвекторлы мемлекет ретінде қалыптастырып үлгерді. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан билігіне келуі де тегін дүние емес. Себебі, ол кісі үлкен халықаралық саясатта тәжірбиесі бар азамат. Яғни, үлкен державалардың басшыларымен де жақсы тіл табысып жұмыс жасай алады және оны осы уақытқа дейін дәлелдеп те келе жатыр. Қазақстан Қытай мен Ресей арасындағы стратегияның көпірі болып отыр. Батыс пен шығысқа, Қытай мен Ресейді тоғыстыратын кеңістікке айналды. Орта Азиядағы ең үлкен экономика және саяси тұрақтылықтың орталығы ретінде Қазақстан Еуразиядағы геосаяси тепетеңдікті ұстап отырған бірден бір мемлекет. Сондықтан біздің таңдауымыз, мемлекетіміздің таңдауы алдағы уақытта орталық Азия мен Ресейдің, тіпті Қытайдың тағдырына үлкен әсер болатыны сөзсіз. Астанада өткен Иран ядролық келіссөзі, Сирия жөніндегі Астана процесі, БҰҰ ұйымдар қолдаған ядролық қарусыздандыру бастамалары. Бұл еліміздің әлемдік деңгейдегі диалог алаңына талпынысын дәлелдеп келеді. Әртүрлі қақтығыстарда араағайын болу, геосаяси дағдарыс кезінде үшінші күштілігін атқару, әртүрлі болып жатқан шиеленістерде дипломатиялық шешу мәселесінде де Қазақстан өз үлесін қосып келеді. Ең бастысы бұл — экономиялық дипломатия. Яғни, Қазақстан жаһандық логистика, энергия қауіпсіздігінің транзиттік әлеуетін қалыптастырып, Қытаймен ғана емес, Оңтүстік Корея, Түркия, Еуроодақ елдерімен де жасыл экономика, азық-түлік, қауіпсіздік, су ресурстары саласында үлен көпіріне айналып отыр. Қазақстан түркі әлемінің басты ұйытқысы ретінде Ислам, христиан елдерімен қатар конвессия аралық, дін аралық дипломатиялық үлкен іс-шаралар өткізіп отыр. Сондықтан бейтараптық біздің мемлекет үшін аса қажет.

Саяси поляризация әлемдік тұрақтылыққа, сондай-ақ біздің елге қалай әсер етуі мүмкін?

— Саяси поляризация дегеніміз қоғам мен элитаның белгілі бір идеологиялық немесе құндылығының екіге жарылуы. Бұл демократиялық елдерде де, авторитарлық жүйелерде де бар. БҰҰ, дүниежүзілік сауда ұйымдар бұрынғыдай тиімді әрекет ете алмайды. ДҰҰ өзін қаржылауын алып тастаған болатын. Елдердің көбі бір-бірінің уәделеріне сенбейді, көпжақты, әлемдік келісімдер қазіргі таңда бұзылды. Ішкі поляризация сыртқы күштерге ел ішінде манипуляция жасауға жол ашады. Қазақстан сияқты көп этносты ел үшін бұл аса қауіпті. Ал енді сыртқы поляризация ол елдердегі ашық немесе жасырын конфронтацияға итермелейді. Бейтарапты сақтау қиындай түседі. Бұл мәселе бойынша біз не істей аламыз? Бұл БҰҰ форматынан тыс, диалог форматтарын, Астанда болған процестерді дамыту керек. Швейцария, сингапур сияқты кішкене мемлекеттер поляризацияның көпіріне айналуға мүмкіндігі бар. Саяси поляризацияны ушықтыратын басты факторлардың бірі ол жалған ақпарат пен эмоция және манипуляция. Саяси поляризация қазіргі таңда әлемде ең терең және қауіпті үрдістердің бірі. Халықаралық жүйені әлсіретіп қана қоймай, әрбір мемлекеттің ішкі тұрақтылығына тікелей қауіп төндіреді. Поляризацияға қарсы тұру бұл тек саясаткерлердің емес, тұтас қоғамның және интеллектуалдық, моральдық көші болуға тиісті.

Сіздің ойыңызша, алдағы онжылдықта әлемді және Қазақстанды қандай геосаяси өзгертістер күтіп тұр?

— 2025 жылдан кейінгі онжылдық жаһандық билік тепетеңдігінің түбегейлі өзгеретін, ескі геосаяси аксиомалары күйреп, жаңа блоктар мен қақтығыстар дәуірі басталатын кезең. Жаңа онжылдықты сипаттайтын болсақ, бұл мультиполярлық әлемнің орнығуы, геоэкономикалық қайта құрылым, технологиялық үстемдік және аймақтық державалардың күшеюі болады. Алдағы онжылдықта АҚШ-тың рөлі мүлдем жойылып кетпейді. Бірақ, процесстер жалғыз өзі үстемдік жүргізу мүмкіндігенен айырылады. Жалпы 2025-2035 жылдары транзиттік әлемге қадам басамыз. Жаңа супердержавалар пайда болуы мүмкін. Бұрынғы тәртіп күйреп, жаңа тәртіп құрастырылады. Қазақстан елдер үшін бұл ішкі тұрақтылықты сақтау үшін жаңа үлкен сын сағаты болады. Сондықтан бұл Орталық Азия және біздің мемлекетіміз үшін аса ауыр жағдайларға ұласуы мүмкін. Қазақстанның қазір геосаяси, көпвекторлы саясаты Қазақстанды тұрақтылықты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Сол себепті еліміздің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін өз бейбітшілігімізді қадірлей білуіміз керек.