"Лионель Месси туралы шоуда өнер көрсеттім": Әйгілі Cirque du Soleil-ге шақырту алған қазақтың акробаты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Лионель Месси туралы шоуда өнер көрсеттім": Әйгілі Cirque du Soleil-ге шақырту алған қазақтың акробаты

"Лионель Месси туралы шоуда өнер көрсеттім": Әйгілі Cirque du Soleil-ге шақырту алған қазақтың акробаты

Бір циркте бес мыңнан аса адам қызмет атқарады. Ал, ол циркте жануарлардың қатысуынсыз тек адамдар ғана өнер көрсетеді.

  • 22 Мамыр 2020
  • 185
Фото - Caravan.kz

1984 жылы Канада елінде Cirque du Soleil құрылды. Жылына 600 миллион табыс табатын ұжым әлемге танымал. Осы атаулы атақты ұжымның құрамында қазақ жігіті өнер көрсетеді. Ол – Ернұр Сыздықов.

Қарапайым отбасында өмірге келген қазақтың акробаты бұл салаға қалай келгендігі жайлы Ернұрмен Caravan.kz медиа порталының тілшісі сұхбаттасты.  

— Ернұр! Акробатикаға келуіңізге кім себеп болды? Көп жағдайда балаға ата-ана таңдау жасайды.

— Ата- анамның бұл салаға ешқандай қатысы жоқ. Қарапайым отбасында дүниеге келгенмін. Ол кісілердің таңдауы деп айта алмаймын. Ал, бала үшін таңдау жасайтын ата-аналар жайлы ойланып та көрмеппін.

Ата-анамның айтуы бойынша, ең алғаш қадам басқаннан бастап, тынымсыз бала болғанмын. Орыстарда «Трудный ребенок» дейді ғой. Бір орында отыра алмайтын, әр нәрсені шұқылап, шкафтың, диванның үстіне өрмелеп шығып, секіріп түседі екенмін. Ол да менің бала күннен бастау алған ерекшелігім болар.

Ата-анам 5 жасымда балабақшаға берген. Балабақшада өзіммен қатарлас Ләззат есімді қыз болатын. Ол 4 жасынан бастап акробатикаға қатысады екен. Мен сол қызға қатты қызыға қарайтынмын. Одан кейін Ләззатпен мектепте де бірге оқыдым. Сол қыз менің тынымсыз бала екенімді көріп, өзімен бірге акробатикаға ала кетті (күліп). Яғни, менің осы салаға келуіме себепші болды ма деп ойлаймын қазір. Ата-анам үйдегі шкаф, дивандары сындырмайтын болды, энергиясын акробатикаға жұмсайды деп қатты қуанған (күліп). Ата-анам маған тек қолдау көрсетті. Яғни, бетімнен қағу болған емес.

Жалпы, баланы кішкентайынан бейім болған спорт түріне берген дұрыс деп білемін. Мәселен, мен сияқты. Әр адам үшін спорт өте маңызды.

 
 

— Шетелде тұрып жатқаныңызға қанша уақыт болды? Әлі де елге келетін ойыңыз жоқ па? Өзге елде тұруда қандай да бір қиыншылықтар болмай ма?

-17 жасымнан бастап, яғни, 2009 жылдан бері шетелге шықтым. Алғаш рет Ресей, Санкт-Петербург қалаларында болдым. Ол менің ең бірінші «батутта секіруден» Халықаралық жарыстарға қатысуым болатын.

Қазіргі уақытқа дейін әр елді аралап жүрмін. Нақты мына елдің тұрғынымын деп атйта алмаймын. Әр елді аралап жүре береміз ғой. Жақын арада келетін ойым жоқ. Себебі, өзімді жан-жақты шыңдап, дайындауым керек. Шетелде тұруда ешқандай қиыншылықтар болған емес. Айналамда өзім сияқты әр елден келгендер. Атап айтасм, француз, қытай, орыс, ағылшын деген сияқты.

Түрлі олимпиадалық жарыстарда өзімнің бағымды сынай түскім келеді. Әрбір жас қазақтың атын тек жақсы жағынан шығарса деймін. Қазағымның көк туын биіктерде желбіретсе деймін! Спорт саласында мен де өз үлесімді қосқым келеді.

— Елімізде акробатиканы қаншалықты қолдайды. Қызығатын қазақ жастары бар ма? Шәкірттеріңіз бар шығар.

— Айтып отырғанымдай, өзім әбден шыңдалып жүрмін. Еліме әкелсем деймін. Қазақ елінде өз өнерімді көрсету ең үлкн арманым.

Акробатика елімізде кереметтей дамыған деп айта алмаймын. Ал, мен соны одан ары дамытқым келеді.

Әрие, шәкірттерім бар. Мен әр демалыс сайын Қазақстанға келенде асыға, аптыға күтіп отырады. Ол мен үшін үлкен жетістік. Мені асыға күткені емес, қызығатын өскелең жастардың бар болғаны мені қатты қуантады. Кейде айналамдағылардың кішкентай балаларын маған беріп, яғни ұстазыдық етуімді таңдап жататындар да аз емес.

Біз де шет елден кем түспей, акробатикадан қарқынды дамытсақ деймін. Барлық нәрсе бірден болмайтыны баршамызға аян. Дегенмен, атсалысу біздей жастар үшін парыз деп білемін.

Мен елге келгенде, тренеровкаға жазылып келетіндер 5-16 жас аралығындағы жасөсіпірмдер. Арасында ересек адамдар да болады. Мен қолымнан келгенше уақытымды шәкірттеріме арнаймын. Кім білер уақыт өте үлкен аудиториям да болатын шығар. Ол тек маған байланысты деп ойлаймын.

— Қандай олимпиадалық жарыстарға қатыстыңыз. Алған орындарыңыз жайлы айтсаңыз.

— Олимпиадалық жарыстарға қатысу менің ең үлкен арманым болатын. Ол үшін мен балабақша кезімнен дайындалдым десем, артық айтпаймын. Бар күш-жігерімді салып, аянбай тер төктім.

2011 жылы Англияның Бермингим қаласында «Олимпийский лицензионный чемпионат мира» болды. Ол жақта ыстығым көтеріліп ауырып қалғаным себепті, орын ала алмадым.


Қазақстан Республикасында әрдайым бірінші орындарды иемденіп жүрдім. Одан соң, Азия чемпионаты болдым.

Ал, 2014 жылы Япония елінің Чиба қаласында 3-ші орынды иемденіп, қола жүлдегері болдым.

Тағы бір айтарым, әлемге танымал Испанияның ойыншысы, Барса футбол клубынын капитаны — Леонель Месси туралы шоуда өнер көрсеттім. Ол «MESSI10 by Cirque Du Soleil» деп аталады. Мессимен бірге Шакира да болды. Ал, маған ол жерде өнер көрсету мен үшн үлкен бақыт еді.

Премьера басталмай турып, жарты жылдық (6 ай) дайындығымызды 2019 жылдың басында Канадада, Монтреальда бастадық. Шоудың негізгі мақсаты футболдағы уақыт бойынша 90 минут, 45 минуттан 2 тайм жасадық.

Мен шақырту алмас бұрын, Ұлттық құраманың сапында спорт олимпиадасына қатысып жүрген болатынмын. Cirque du Soleil-дегі адамдар спроттық жарыстарда көзге түскендерін іріктеп шақырады екен. Оған қоса, өздері жыл сайын кастинг жариялап, үлкен іріктеу өткізеді.

Мен жарысқа қатысу барысында көзге түскен болуым керек. Маған 2011 жылы шақырту жіберді. Бірақ, мен бірден қабылдамадым. Себебі, басқа да жоспарларыммен бас тартуға тура келді.

Еліміздегі Қазақ циркінде жұмыс жасап жүргенімде, уақыт өте мүмкіндігімді жіберіп алмау мақсатында, Cirque du Soleil-ге шақырту есіме түсіп, бағымды сынауды жөн көрдім. Түрлі трюктарымды видеоға түсіріп, сол жаққа жібердім. Маған екі күннен соң өзге елдің номерімен қоңырау шалып, мені шақырғандағы қуанышымда шек болмады. Екі күн ішінде шақырту аламын деп еш ойламадым. Кейбіреулерге бір жылдан кейін шақырады екен. Маған сол жерде өнер көрсету, сол кезде-ақ, бұйырғанын түсіндім. Міне, содан бері осы салада түрлі олимпиадалық жарыстарға қатысып келемін. Акробатика саласы тек спорт қана емес, ерекше өнер саласы деп айтар едім.

— Cirque du Soleil-ге олимпиадалық жарыстарда орын алғаннан соң бардыңыз ба?

— Ең үлкен арманым олимпиадалық жарысқа қатысу еді. Бір өкініштісі, ол арманым орындалмады. Лондонда өткен олимпидалық жарысқа барғанымда ауырып қалдым. Cirque du Soleil-ге келуім бұйырып тұрған болу керек. Осындайда, қазақта бұйырған кетпейді, қуған жетпейді деген сөзі еріксіз ойыма оралады.

 

— Акробат болу оңай емес. Қиындықтар мен қызық сәттер жайлы айтып берсеңіз. Қандай да бір жарақат алдыңыз ба?

— Акробатикалық трюктар өте жоғары деңгейде өтеді. Дайындық талабы өте қатал. «Солдатский режим» деп айтар едім. Таңғы 10:00- ден кешкі 22:00 ге дейін, аптасына 6 күн физикалық дайындықтар өтеді. 

Қызықтар да болып жатады. Дегенмен, қатал талап жақсы есте қалады. Әлемдік олимпиадаларда бақ сынау айтқан ауызға оңай болғанымен, қиындықтары өте көп. Адам қиындыққа төзе білгенде ғана, жүйелі, нәтижелі жеңіске жетеді.

Жарақат болмады дей алмаймын. Бірақ, осы уақытқа дейін ауыр жарақатқа тап болмадым. Әрине, бетін ары қылсын. Оны қарсыласыма да тілемес едім. 

— Күніне қанша уақыт шұғылданасыз?  

— Кішкентай кезімнен дағдыланған әдет бойынша, бір күнде кем дегенде екі сағатымды арнаймын. Ал, олимпиадалық жарыстар кезінде, аптаның алты күнінде таңертеңгі оннан, кешкі сағат онға дейінгі уақытқа созылады. Тер төкпеу мүмкін емес.

 

— Замандастарыңызға айтарыңыз…

— Спорттың қай саласы болмасын, өзің қалаған салаға баруға кеңес беремін. Мен ешкімнің ықпалынсыз, өзімнің шынайы қалауыммен барғандықтан, әрбір замандасыма спортпен дос болыңдар деймін! Бала күннен армандаған, өзіңіз бейім болған салаңызға қарай еш қорықпастан, толықтай бет бұруға кеңес беремін.

Спортты дамытуда тек алға ұмтылуды көздеуді айтамын. Қазақ елінің мақтаны болыңыздар! Тек алға!

— Ернұр! Әрбір қазақ баласына өзіңдей қайсар да, батыл болуын тілейміз! Алға қойған арман-мақсаттарыңа жетуіңе шын жүректен тілектеспіз! 

Соңғы жаңалықтар