Мұсылмандар арасында гейлердің болуы мүмкін бе? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұсылмандар арасында гейлердің болуы мүмкін бе?

Мұсылмандар арасында гейлердің болуы мүмкін бе?

Мұсылмандар арасында гейлердің болуы мүмкін бе?

  • 30 Қыркүйек 2019
  • 5991
Фото - Caravan.kz

Бірнеше күн бұрын мұсылмандар исламдық гейлер шеруін өткізуге ақша жинауда деген ақпарат тараған болатын. Imaan ЛГБТ мұсылмандарының британдық ұйымы 2020 жылдың көктемінде Лондонда алғашқы исламдық ЛГБТ шеруін өткізу үшін қаражат жинау жобасын бастады. Бұған қоса олар осы жылдың шілдесінде мұсылмандардың Лондонда өткен ЛГБТ шеруіне қатысқанын және оның Ұлыбритания астанасы тарихындағы ең ірі оқиғалардың бірі болғандығы туралы хабарлады. 

Жалпы, мұсылмандар арасында гейлердің болуы мүмкін бе? Мұндай ақпаратты таратушылардың мақсаты арандатушылық па деген сұрақтар төңірегінде Caravan.kz медиа-порталының тілшісі еліміздегі дінтанушылардың пікірін білді. 

Мұсылмандар исламдық гейлер шеруін өткізуге ақша жинауда Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

Мұсылман қоғам қайраткері Мұрат Телібеков: 

 — Құбылыс — бұл қиын нәрсе. Жыныстық азшылық жайлы бұрыннан бері христиандарда да, мұсылмандарда да айтылып жүр. Бұл шараның мақсаты не? Менің ойымша, мұсылман гейлер өздерінің ұмтылыстарын білдіргісі келсе, Лондонда жиі өтетін ЛГБТ-ның жалпы шеруінде айтар еді. Олардың мұсылмандық ерекшеліктерін атап өтудің өзі біртүрлі көрінеді. Менің ойымша, Лондон қаласының әкімшілігі ислам экстремистерінің тарапынан зорлық-зомбылыққа тап болуы мүмкін. Мен ондай зорлыққа қарсымын, бірақ өкінішіке орай Лондондағы мұсылман қауымынан ондай жағдайдың орын алатынына сенімім мол. Бұл жағдай негізі діни құндылықтарды қорлау ретінде қарастырылады.


Теолог Мухиддин Паттеев:

Жоқ, мүмкін емес. Мұсылмандар арасында гейлердің болуы мүмкін емес екендігі айдан анық. Аталған ұйымның ақша жинап жатқандығы туралы да ақпаратты еш жерден естімедім де, оқымадым да. 

Сұхбаттасқан Назира Абсаттарова

Соңғы жаңалықтар