Нашақорлық - адам өмірін жалмайтын қауіпті дерт - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нашақорлық - адам өмірін жалмайтын қауіпті дерт

Нашақорлық - адам өмірін жалмайтын қауіпті дерт

Нашақорлық - бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер.

  • 7 Шiлде 2021
  • 1922
Фото - Caravan.kz

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Яғни, мемлекетттің  бірінші кезектегі  атқаратын шараларының бірі халық  денсаулығын нығайту.

Осы тұрғыда Caravan.kz медиа порталының тілшісі "Қапшағай көпсалалық колледжі" МКҚК педагог-психолог Камалова Рабиға Ғалымқызымен сұхбаттасты.

— Нашақорлық – қоғам проблемеасы. Жалпы, нашақорлыққа әуестік неден туындайды?

— Жасыратыны жоқ, нашақорлыққа көбінесе жастар шалдығады, алайда бүгінгі күні ересектер арасында да ескірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді. Жастар арасындағы есірткіге әуестік көбінде білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне сенгіш келеді. Өздері жас болғандықтан, қоршаған ортаның әр сипатты әрекетіне үлкен адамның ойына келмейтін жауап кайтарады. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жан дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық калыптаспағандығы, иланғыштық, еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер. Жасөспірімдер өздерінің ержүректігін, дербестігін танытуға болатын топтар мен ұйымдарға бірігеді. Нәтижесінде есірткіге организмнің тәуелділігі қалыптасады.

— Оны тоқтатпасақ та, азайтудың жолы бар ма? Емі дегендей… Өзіңіз сияқты психолог немесе дәрігерлер емдей ала ма?

— Нашақорлықты алдын-алудың ең тиімді жолы — отбасындағы тәрбие құндылығын арттыру. Отбасының іргесі берік болса, балалар мен жасөспірімдердің сыртқы ортаға алаңдаушылығы азаяды.

Жүйелі емдеу шараларын жүргізу арқылы медициналық жолмен нашақорлыққа салынған науқасты толық емдеуге болады. Ол үшін науқастың жазылуға деген үлкен сенімі болуы тиіс.

Ал, психолог мамандар науқастың ішкі күйімен жұмыс жүргізеді. Нашақорлық — ең алдымен психикалық дерт. Сондықтан, медициналық жолмен қатар науқасқа рухани қолдау беру арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Нашақорлықпен айналысатын адамдар мәжбүрлеп, кейде бақыланбайтын, өздерінің таңдаған препараттарына тәуелді. Әдетте, оларды пайдалану нәтижесінде теріс салдарға тап болғанына қарамастан, есірткі іздеуге және пайдалануға тырысады.

— Елімізде көп пе нашақорлар саны. Белгілі бір статистика бар ма? Жыл санап көбейіп жатыр ма?

— Қазақстанда 300 мың нашақор ресми тіркелген. Бүгінде нашақорлық мәселесі еліміздің қауіпсіздігі мен ұлт денсаулығына қауіп төндіріп тұр. Көптеген дамыған елде құқықтық, медициналық, әлеуметтік, есірткіге тәуелділікке қарсы оңалтуды қамтамасыз ету және есірткіге қарсы күресті насихаттау жүйесі бар. Қазақстанда, өкінішке қарай, мұндай жүйенің жағдайы мәз емес. Қазір есірткіге тәуелділіктің өсуі, есірткі шегіп алып қылмыс жасаудың көбеюі алаңдатарлық мәселе болып отыр.


Бұл әуестік жасөспірім шақтан бастап туындай ма? Әлде, жас талғамай ма?

-Адам сау болуы үшін психологиялық, физикалық, әлеуметтік жағдайы дұрыс болуы шарт. Ал, нашақорда психологиялық проблемалар болады. Яғни, оның жаны жаралы. Ол есірткіні проблемасын ұмыту үшін тұтынады. Бұл денсаулықққа зиянын тигізеді. Есірткіге тәуелділік көбіне жасөспірім шақтан, яғни, отбасындағы келіспеушіліктен туындайды. Отбасы мүшелері балаға тиісті деңгейде көңіл бөлмейді, әрі оған мейіріммен қарамайды. Салдарынан балада психологиялық проблемалар туындайды. Осылайша, ол есірткіні тұтынуы мүмкін. Ал, үйде есірткіге тәуелді адам болса, біреулер оны жасырады. Екіншісі, оны қолдап, ақша береді. Үшіншісі, құрбанның рөлін ойнайды. Сондықтан, отбасындағы тәрбиеге баса мән берген жөн.

— Ата-ана, жасөспірім мен жастарға айтарыңыз…

— Нашақорлық — адам өмірін жалмайтын қауіпті дерт. Онымен күресте барлығымыз бірге күш біріктіруіміз керек. Ата-аналарға айтарым,  балаларыңызбен көбірек уақыт өткізуге тырысыңыздар. Олардың қызығушылықтарымен санасып, үнемі тығыз қарым-қатынас орнатуға тырысыңыздар. Себебі, өз отбасынан жылулық таппаған бала, сыртқы ортаның ықпалына тез бейімделгіш келеді.

Жасөспірім шақ — адам өміріндегі ең маңызды шақ. Бұл кезеңді өзін-өзі жетілдіруге, дамытуға, тұлғалық қалыптасуға арнау қажет. Салауатты сана қалыптасқан кезде ғана осындай дерттен сақтана алатынымыз анық.

Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Ата-аналар және сіздер мен біздер, әрбір Қазақстан азаматы біріге күресуіміз керек.

Есірткі дегеніміз не?

Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез- құлқын бұзатын қауіпті, тиым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық жиілігіне ұшыратады. Нашақор — есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.

Грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nаrke» сөзі, ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.

Есірткінің қандай түрлері бар?

— Медицинада ауруды басу үшін қолданылатын өнімдеріне морфин, кофеин, метадон, көкнәр және т. б. заттар жатады.

— Сора өнімдері: гашиш, анаша, марихуана және т. б

— Қолдан жасалған эфедрин, фентози тәрізді дәрі, дәрмектер және т. б.

— Өндірісте және тұрмыста қолданылатын химиялық заттар ( бензин, бензол, толуол және т. б оларды көбінесе иіскейді).

Адам организміне ең қауіпті әрі көп қолданылатын есірткінің түрі – анаша. Анаша – сұр түсті химиялық зат, ол ыстық және құрғақ аймақтарда өсетін көкнәр тұқымынан алынады.

Соңғы жаңалықтар