Нұрсұлтан Бекқайыров: Рухани жаңғыру – мәдениет, әдебиет, тарих, дін мен тіл ұштасқан үлкен бір құбылыстың жемісі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Бекқайыров: Рухани жаңғыру – мәдениет, әдебиет, тарих, дін мен тіл ұштасқан үлкен бір құбылыстың жемісі

Нұрсұлтан Бекқайыров: Рухани жаңғыру – мәдениет, әдебиет, тарих, дін мен тіл ұштасқан үлкен бір құбылыстың жемісі

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – қазақстандықтардың дүниетанымы мен салт-санасын өзгертетін қозғаушы күш. Елбасымыз өзінің осы бағдарлама аясында жазған мақаласында ұлттық құндылықтарымызды ұмыт қалдырмай, жаhандық жаңашылдыққа бірден-бір жетелейтін сара жол. Ол үшін ілім-білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн.

  • 25 Маусым 2021
  • 149
Фото - Caravan.kz

Өскелең ұрпақты сауатты және терең мағыналы білім алуына, Туған жеріне, еліне, Отанына деген сүйіспеншілікті бойына сіңіріп өсуіне сіз бен біз бар күш-жігерімізбен ат салысуымыз керек.

Қазіргі таңда "Рухани жаңғыру" аясында қандай жұмыстар жасалып жатыр, қазір бұл бағдарлама қандай деңгейде?

Осы және өзге де сұрақтарға «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы Нұрсұлтан Бекқайыров Caravan.kz медиа порталының тілшілеріне жауап берді.

— Сұхбатты бастамас бұрын ең алдымен өзіңіз жайлы  толық айтып өтсеңіз…

— Менің аты – жөнім Бекқайыров Нұрсұлтан Болатұлы. Мен «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы қызметін атқарамын. Сонымен қатар, әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 3 курс докторантымын.

— Рухани жаңғыру идеясы дегенді қалай түсінесіз?

— Менің ойымша «Рухани жаңғыру – мәдениет, әдебиет, тарих, дін мен тіл ұштасқан үлкен бір құбылыстың жемісі. Болашаққа нық, дұрыс қадамдар жасау үшін, елге көрсетілген бір жол, бағыт-бағдар деп ойлаймын. Жаңа заманға, жаңа жаңалықтарға аяқ баса отырып, ел мүддесін көтеру.

— Айтыңызшы қазіргі жастар, қоғам белсенділері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қандай жұмыстар атқарып жатыр?

— Мен өзім де жастар қатарындамын, Алматыға студент болып аяқ басқалы бері нағыз бәсекеге қабілетті жастардың қайнаған ортасында жүрдім. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – еліміздің дамуын, өсуін, озық деңгейге жетуін түрлі салаларды (саяси, экономикалық) қолға ала отырып, санамыздың ашық болуына итермелеу. Ал мен білетін қазақ жастары, Елбасымыз сенген қоғам белсенділері бағдарлама аясында өздеріңіз естіп, көріп, оқып жүрген «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы, «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы, т.б.. Соңғы аталған жоба аясында Қазақстанның киелі жерлеріндегі тарихи және мәдени ескерткіштерге реставрациялау жұмыстары жүргізілген.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарған Оспанқұлов Ғабидолла Абдуллаұлы 2019 жылы өткізілген шаралармен 12 млн адам қамтылғанын бір сұхбатынан оқыған болатынмын. Ал қазіргі күнге дейін ол санның өскендігі анық.


— Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы бағыттар уақыттың талаптарына нақты жауап береді ме?

 Осы тұста Елбасымыздың «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» деген сөзі есіме келді. XXI ғасыр расымен де білімге құштар жастардың, еңбектеніп, ізденетін адамның жолы ашық болатынын дәлелдеп беріп отыр. Менің ойымша "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы бағыттар уақыттың талаптарына толықтай және нақты жауап береді. Уақыт өте, бұл бағдарламаның жайдан жай жасалмаған қарапайым халық, жастар түсінеді деген ойдамын.

— «Рухани жаңғыру» – болашағымызға бағдар. Бағдарламаны алдағы уақытта да ойдағыдай жүзеге асырған жағдайда, 10 жылдан кейінгі біздің қоғам қалай болады деп ойлайсыз?

— Өз тілін құрметтейтін, әйтсе де бірнеше тілді меңгерген, рухани дәстүрі сақталған, өз байлығын өзі игере алатын, әлемнің экономикалық, саяси, мәдени сахналарында тойтарыс беретін қоғамды көремін. «Тарихты білмей, өткенді, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау қиын», — деп Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай Рухани жаңғыру тарихты тереңінен қозғауға, еске алуға, ұмытпауға шақыратын бағдарламалардың бірі. Осы тұста еліміздің патриоттық сезімі жүрегінде қайнап тұрған, ұлттық коды сақталған ел, халық болады деп ойлаймын.

— Сұхбатыңызға рақмет!
 

 

Соңғы жаңалықтар