Отпантау» оқу-жаттығуында алғаш рет цифрлық голографиялық технологиялар қолданылды - Шаяхмет Әшіров - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отпантау» оқу-жаттығуында алғаш рет цифрлық голографиялық технологиялар қолданылды - Шаяхмет Әшіров

Отпантау» оқу-жаттығуында алғаш рет цифрлық голографиялық технологиялар қолданылды - Шаяхмет Әшіров

Кез-келген операция сәтті өтуі үшін әскерлерге ұрыс кезінде жергілікті жер және ауа-райының жағдайлары туралы толық ақпарат берілуі керек.

  • 8 Қараша 2021
  • 70
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа порталына Қорғаныс министрлігі Геоақпараттық қамтамасыз ету департаменті бастығының орынбасары полковник Шаяхмет Әшіров Қазақстан әскерін геоақпараттық қамтамасыз ету қалай жүзеге асырылатынын айтып береді.

— Геоақпараттық қамтамасыз ету департаментінің жалпы атқаратын міндеттері қандай, соны айтып берсеңіз?

— Негізі Департаментке Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін және жедел даярлығын топогеодезиялық, навигациялық және гидрометеорологиялық ақпараттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру міндеттері жүктелген.

Осы міндеттер шеңберінде Департамент әскерлері жер туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету, топографиялық, теңіздік, арнайы мақсаттағы және де қаланың жоспарларын басып шығаруын және қамтамасыз ету, астрономогеодезиялық деректермен қамтамасыз ету міндеттерін орындайды. Тағды да гидрометриялық қамтамасыз ету мақсатында басқару органдарын гидрометрия ақпараттарымен қамтамасыз ету міндеттерін орындайды.

— Ал енді, әскери топографтардың бөлімшелерін техникалық жабдықтау мен сол техникаларды тәжірибеде қолдану туралы айтып өтсеңіз.

Бүгінгі күні әскери топографтардың құралдарының орнына заманауи жерсеріктік жоғары санаттағы геодезиялық аспаптар келіп түсуде. Сол аспаптарды қолдану арқылы әскерлерді жер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету міндеттерін әскери топографтар орындай алады. Және де бұдан басқа әскери топографтардың жабдықтарында цифрлы мобильді кешен де бар, бұл мобильді кешендер кез-келген өзінің міндеттерін, біздің Қазақстанның әр аумағында мүлтіксіз орындауға мүмкіндік береді.

— Ел әскері осы саладағы заманауи және перспективалы инновациялық технологиялар қалай игерілуде? Соны айтып берсеңіз.

— Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшы өткен жылы Қорғаныс министрлігінің алқасында геоақпараттық технологияларды және одан да басқа технологияларды дамыту жөнінде нұсқау берген болатын.


Осы орайда біз ТМД-дағы әріптестерімізден қалыс қалып отырғанымыз жоқ.

Геоақпараттық технологияларды енгізу бағытында біз қазір көптеген перспективалық бағыттарды игеріп жатырмыз, оның бірі – бұл виртуальдық технологиялар. Бұл технологияларды игеру үшін қазір біз Ұлттық қорғаныс университетімен көптеген жобалар игеріп жатырмыз. Соның бірі Ұлттық қорғаныс университетінің технопаркінің базасында осындай технологияларды зерттеу үшін зертхана ашу болып табылады.

— Биылғы жылы «Отпантау» оқу-жаттығуында әскерлердің іс-қимылын қарауға алғаш рет цифрлық голографиялық технологиялар қолданылды. Олар қандай технологиялар? Он кім әзірледі және олардың тәжірибедегі маңызы қандай?

— Иә, Сіз дұрыс айтасыз, биыл «Отпантау» оқу-жаттығуында Қарулы Күштер тарихында алғаш рет біз жергілікті жердің 3Д моделін және әскерлердің жауынгерлік іс-қимылдарын көрсету үшін цифрлық голографиялық технологияларды қолдандық.

Бұл голографиялық макет технологиясы графикалық деректермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін компьютерден, проекциялық жабдықтардан, 3D көзілдіріктерден және ақпаратты көрсететін жұмыс аймағынан тұрады.

Бұндай технологиялар барлық дәрежедегі командирлерге жер туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік бере отырып, жердің тактикалық қасиеттерін егжей-тегжейлі зерделеу және бағалау арқылы олар қабылдайтын шешімдердің жеделдігі мен тиімділігін арттырады.

Соңғы жаңалықтар