Қайрат Ералиев, әлем чемпионы: "Олимпиада чемпионы атану ерекше бақыт" - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Ералиев, әлем чемпионы: "Олимпиада чемпионы атану ерекше бақыт"

Қайрат Ералиев, әлем чемпионы: "Олимпиада чемпионы атану ерекше бақыт"

"Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы атану ерекше бақыт. Сол себепті бұл бақыттың дәмін татқаныма өте қуаныштымын",- дейді белгілі боксшы. 

  • 18 Сәуiр 2021
  • 134
Фото - Caravan.kz

Қазақ боксы тарихында есімі ерекше жазылған Қайрат Ералиевпен Caravan.kz порталының тілшісі әңгімелесті 

— Қайрат аға, қазақ боксы тарихында 11-ші әлем чемпионы атанғанда қандай сезімде болдыңыз?

— Иә, әрине. Қазақ боксының тарихында атым қалғанына шексіз қуаныштымын. Әлем  чемпионы атанғанда әрине бойды ерекше қуаныш, ерекше мақтаныш, ерекше сезім билейді. Оны айып жеткізу мүмкін емес шынымды айтсам. Қазақ спортының тарихында қалу әрбір спортшының арманы десем де артық айтпаспын. Сол үшін барлығы да талмай еңбек етеді. Әлем чемпионы атану, Олимпиада чемпионы атану ерекше бақыт. Сол себепті бұл бақыттың дәмін татқаныма өте қуаныштымын.

— Қазіргі таңда қай қаладасыз, немен айналысып жатырсыз?

— Қазіргі таңда Шымкент қаласында тұрамын. Ешқандай жұмыспен айналысып жатқан жоқпын! Карантин (күліп). Тек қана отбасыммен тұрмыс-тіршілікпен айналысудамын.

— Карантин жұмысыңызға қалай әсер етуде?! Жалпы вакцинаға қалай қарайсыз, ойыңыз қандай?

— Әрине. Қазіргі таңда болып жатқан бүкіл әлемдік дағдарыс ешкімге оңай тиіп жатқан жоқ. Мен енді үлкен салада жұмыс істемесем де, қаладағы тіршілігімізге үлкен әсерін тигізіп жатыр. Менен бөлек бүкіл халыққа, елге коронавирус теріс әсерін тигізіп жатыр. Ол барша халыққа мәлім. Сол себептен осы дерттен аман-есен құтылып, баяғы қалыпқа түсіп, бейбіт өмірімізге оралғанымызды тілеймін.

— Бір кездері халық "Келесі Олимпиадаға дейін Қайраттың жасы 32-33-ке таяп қалады. Тым қартайып қалмай ма?!" — деп алаңдап еді. Әуесқой бокста қанша жасқа дейін Олимпиа ойындарына қатысуға мүмкіндік бар?

— Иә, енді бізде Қазақстанда халықтың түсінігі ол жасы отызға келсе спортта қартайып қалды, болмаса спортта нәтиже көрсету аз деп ойлайды. Мен ойымша олай ойлау деп айту дұрыс емес сияқты. Өйткені қазақ боксшылардың арасында өздеріңіз білесіздер, отыз жастан асқан Олимпиада чемпиондары бар, тіпті өте көп. Сол себепті  меніңде бір күткен нәтижем бар еді келе жатқан Олимпиадада. Токио Олимпиадасында отыз бір жасқа келеді екенмін. Спорт мансабымды аяқтайтын кезде бойымдағы бар-күш жігерімді салып, осы додада жақсы нәтиже көрсетуге тырысатын едім. Енді бәрі Аллахтың қалауымен ғой. Бізде бокс федерациясының басшылары дұрыс деп шешкен шығар. Олимпиадаға басқа жас боксшыларды алып баруды дұрыс деп ұйғарған шығар. Сол себепті мен орнымды босатып, алдағы Олимпиада ойындарына Павлодар боксшысы 57 келі салмақтағы Серік Теміржанов деген жас боксшы қатысады. Енді Олимпиадаға қатысатын барлық боксшыларға, барлық спортшыларға сәттілік тілеймін. Алла жеңілдігін беріп, жақсы нәтижелер көрсетіп, елдің абыройын көтеріп, көк туымызды желбіретіп Токио мемлекетінде әнұранымызды шырқатып жақсы-жақсы жаңалықтар жеткізсе екен деген тілегім бар.

— Әлеуметтік желіде қаншалықты белсендімін деп ойлайсыз?! Қай желілерде тіркелгенсіз?

— Қазір әлеуметтік желі өте қатты дамыған заман, сол себепті өзім әлеуметтік желіде блогерлер сияқты жұмыс жасамасам да, өзімның қызық сәттерімді бастан кешке қызық оқиғаларды салып отырамын. Инстаграм әлеуметттік желісінде жеке парақшам бар. Фейзбук, вконтакте желілерінде жеке парақшаларым бар. Отбасымды, достарымды қызық оқиғаларды жүктеп отырамын.

— Жалпы бокс әлеміне бала қызығып тұрса 5-6 жастан бастап алып келуге бола ма?

— Боксқа балаларды жалпы бес, алты жастан бастап үйірмелерге беру сәл ертерек деп ойлаймын. Баланы он жастан  асқаннан соң бокс үйірмесіне берген дұрыс. Өйткені кішкене ой-өрісі дамыған кезде, оңды-солды білетін кезде бокспен айналысқан дұрыс деп ойлаймын. Бокс ол оңай спорт емес, өздеріңіз білесіздер жарақат тез алады. Сол себепті бес, алты жаста баланы беру өте қауыпті деп ойлаймын.

— Баланың боксқа қызығатынын қалай байқауға болады?

— Жас балалардың қандай спортқа қызығатынын білу өте қиын. Баланың іс-қимылдарына, шеберліктеріне қарап анықтап, өзі таңдаған спортқа берген дұрыс. Қандай спортқа икемі келеді сол спортпен айналысқан дұрыс деп ойлаймын. Егер боксқа келетін болсақ, бокс өте жылдамдық шапшаңдық, ой-өрісі жақсы дамыған балалар боксты жақсы меңгеріп кете алады деп ойлаймын.

— Боксқа қатысатын баланың ата-аналарына қандай кеңес берер едіңіз?

— Баласын спортқа беретін ата-анаға кеңесім,  баланы он жастан асқаннан соң боксқа бергендеріңіз дұрыс дер едім. Және де оған бокс үйірмесіне қатысуына кедергі келтірмей керек. Керісінше демеу болып отыру керек. Оны мақтап, демеу беріп жасататын болса онда бала алдыға қарай жылжып, мотивация алады. Балаларға мотивация өте маңызды. Оларға жағдай жақсылап жасау керек, сол кезде барып мықты нәтиже көрсете алады. Спорт үйірмесінен қалдырмау керек. Бала спортқа қатысқаннан кейін, тәрбиесі, жүріс-тұрысы бәрі өздігінен өзгереді. Сол себепті баланы жас кезінен өзінің қызыққан және таңдаған спортына берген дұрыс деп айтар едім.

— Сізді  Мұхаммед Әлидің стилінде бокстасады дейді, негізгі әйгілі спортшыға еліктейсіз ба, жалпы кімді пір тұтасыз спортта?

— Әрине. 2016 жылы Рио Олимпиадасында Мұхаммед Әлидің стилінде бокстасқаным бүкіл халыққа белгілі. Енді біз жас кезде бокс үйірмесіне барғанда осы бокста алтын әріппен аты қалған Мұхаммед Әлидің стилі маған өте қатты ұнайтын өзіме. Бәріне де ұнайды деген ойдамын. Сол себепті  Рио Олимпиадасында шаршы алаңда  сондай бір сәт болып қалды. Мен бабымда болған кезім, сондай бір сәт болды.  Және сол сәтті пайдаланып, Мұхаммед Әлидің стилін қолдандым. Сол кісі сияқты бокстасамын деген ой болған жоқ. Сондай нәтиже болып қалды. Мен оған еш өкінбеймін. Керісінше қуанамын. Мені тарихта аты қалған кісінің стилінде бокстасты деп бүкіл ел, бүкіл әлем мойындап жатты. Әр боксшының өзінің кумирі болады. Еліктейтін адамдары. Сол себепті меніңде кумирім Мұхаммед Әли болды. Одан өзге өте көп еліктейтін тұлғаларым болды. Оның ішінде марқұм Бекзат Саттарханов бар. Ермахан Ибраимов ағамыз бар. Бақтияр Артаев, Серік Сапиев сынды мықты тұлғалар бар. Соларға қарап қазіргі жастар бой түзесе кем болмайды. Солардың шаршы алаңдағы техникаларын, шеберліктерін өздеріне сіңірсе екен деймін.

Соңғы жаңалықтар