"Қазақстанға жемқорлықпен күресу үшін өлім жазасы керек", - адвокат - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстанға жемқорлықпен күресу үшін өлім жазасы керек", - адвокат

"Қазақстанға жемқорлықпен күресу үшін өлім жазасы керек", - адвокат

Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Мұрат Амитов сыбайлас жемқорлыққа байланысты сұхбат берді.

  • 21 Мамыр 2021
  • 2257
Фото - Caravan.kz

Жемқорлықпен қалай күресу керек? Заңды елімізде қатаңдату керек пе? Қазақстанда жемқорлық қандай деңгейде, жемқорлықтан арылу үшін өлім жазасын кесу керек пе?

Осы және өзге де сыбайлас жемқорлыққа байланысты, жемқорлықпен күресуге байланысты адвокат Мұрат Амитов Caravan.kz медиа порталының тілшісіне жауап берді.

— Қоғамда пара алушылық азаймай тұр. Ұсталып жатқандар да аз емес. Қалай ойлайсыз, жемқорлық елімізде неге тыйылмай тұр?

— Өзіміз тәжірбиемізден көріп отырмыз және күнделікті БАҚ беттерінен қарап отырамыз. Жұмыс бабымен де ондай нәрселерді көріп жүрміз. Расыменде жемқорлыққа байланысты қылмыстар азаймай тұр. Әртүрлі мемлекеттік қызметкерлер, лауазымды тұлғалардың жемқорлықпен ұсталып жатқаны күнделікті нәрсе.

Біріншіден, жасалған қылмыстың себебін анықтау керек. Жемқорлыққа байланысты қылмыстар неге жасалып жатыр? Осының себебін анықтауымыз керек. Оған адамдар не себепті барады? Мысалы, мемлекеттік қызметкерлердің айлығының жетіспеушілігі болуы мүмкін, егерде халқымыз әкімдердің есептері бойынша орташа айлық Алматыда 250 мың, 300 мың деген бар. Біздің мемлекеттік қызметкерлеріміз, мысалға алсақ сотта істейтін маман 100 мыңдай алады, ХҚКО қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлердің айлығы орта айлыққа да жетпейді. Олардың айлықтары аз, төмен мөлшердегі болып саналады. Біріншіден себептермен күресу керек шығар деп ойлаймын.

— Осы жемқорлықпен күресудің өзіңіз қандай жолын ұсынар едіңіз? Қандай да бір идея ойыңызда жүрген шығар дегендей…

— Заңды жылдан жылға қатаңдатып жатыр. Қытайдағы сияқты өлім жазасы болса, бізде жемқорлық азаяды деген ойдамын. Бірақ, ол үшін заңды қатты қадағалау керек деп санаймын. Өйткені, заңды қатаңдатып жіберіп сотта да, қадағалау ұйымдарында, антикорда әртүрлі реформалар болып жатыр. Заңсыз адамды жауапқа тарту да болып жатыр. Сол себепті заңды қатаңдатып жіберіп, кінәсіз адамның сотталып кетпеуіне үлкен мән беру керек. Заңды қатаңдату керек және жемқорлықпен күресу үшін жазаны көбейту керек, бірақ жоғарыда айтып өткен мән-жайларды ескеру керек. Соттың шешімі, адамның тағдыры сондықтан қателікке жол жібермеу керек.

— Елдегі жемқорлық қандай деңгейде деп ойлайсыз?

— Жаңа айтып өткенімдей, БАҚ-тан күнде көріп жатырмыз. Жемқорлықпен күресу күнделікті тоқтамай, күнделікті жемқор адамдардың жазаларын алып жатқандарына себепкерміз, куәгерміз. Статистикаға сенетін болсақ, жылдан жылға азайып жатыр. Елдегі жемқорлық төмендеді, жоғарылады деп айта алмаймын. Дегенмен елімізде онымен күресіп жатқаны анық. Күнделікті жемқорлыққа қарсы күрес күресіп жатыр деп ойлаймын.

— Жемқорлық тыйылмауы заңның осалдығы деп жатады. Осы пікірмен келісесіз бе?

— Бұл пікірмен толықтай келіспеймін, жартылай ғана келісемін. Пара алатын адамды тоқтамай тұр. Заңды қатты қатайтып жіберсе де болмайды. Біздің қылмыстық кодексте көрсетілген жемқорлық ауыр қылмысқа жатады. Сол себепті жемқорлықтың тыйылмауы заңның осалдығынан деп айта алмймын. Жемқордың іс әрекеті қылмыстық кодексте жауапкершілік көрсетілген, қандай баппен сотталатыны жазылған. Егер заңның осалдығы деп жауапкершілік көрсетілмеген болса, ол кезде осал деп айтуға болар еді. Сол себепті заң бізде осал, жемқорлықтың тыйылмауы заңның осалдығынан деп айта алмаймын.

Заң елде осал емес, қатты десе де болады. Жемқорлықпен күресіп келе жатырмыз, онымен да халықта атсалып келе жатыр. Жемқорлық уақыт өте тыйылады деген ойдамын. Дегенменде оны заңнан көру дұрыс деп ойлаймын. Заң шеңберінде көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сыбайлас жемқорлықтың жауапкершілігі үлкен, ол ауыр қылмыс.

— Кейбір мамандарыдң айтуы бойынша жемқорлықты түп тапырымен жою мүмкін емес дейді. Бұған не дейсіз? Қандай пікірдесіз? Расымен солай ма әлде олай емес пе?

— Жемқорлықты толық жою мүмкін емес деп ойлаймын, ол өзімнің ойым, өзімнің пікірім. Оны жоққа шығару үшін халқымыз, өзіміз сана сезімімізді өзгертуіміз керек. Жемқорлыққа итермелейтін нәрселердің бәрін түбегейлі жою керекпіз. Оған да уақыт өте келетін шығармыз деп ойлаймын. Мысалы, өз басым Грузия елінде болдым, басқа да Еуропа елдерінде болдым. Сол жақтағы қара халықтан “жемқорлық қалай”, — деп сұраймын. Грузияда мемлекеттік қызметкерлерде, гаи қызмкеткерлерінде болсын, халыққа қызмет көрсету орталықтарында болсын ондай жемқорлық жоқ дейді. Бірақ, жемқорлық жоғарыда бар дейді. Жемқорлық жоқ деп айта алмайды. Қандай күрес болмасын ол адамның сана сезіміне байланысты. Бірақ, адамдар әртүрлі болып жатады. Сол себепті сыбайлас жемқорлық түбегейлі жоқ болып мүмкін деп айта алмаймын. Жемқорлық жоқ деген елдердің өзінде басқа шендерде, басқа деңгейде бар екені анық, солай ойлаймын. Жемқорлықты түп тамырымен жою мүмкін емес деп ойлаймын. Бірақ, сана сезіміміз өзгерсе оған да келуіміз мүмкін.

— Сұхбатыңызға рақмет!

Соңғы жаңалықтар