Қазақтың гей жігіті: Каминг-аут бұл - саяси нәрсе - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың гей жігіті: Каминг-аут бұл - саяси нәрсе

Қазақтың гей жігіті: Каминг-аут бұл - саяси нәрсе

Дулат есімді қазақ гей жігіті өзінің өмірі туралы, гомобия туралы ашық сұхбат берді.

  • 8 Ақпан 2021
  • 202
Фото - Caravan.kz

— Өзіңіздің гей екеніңізді, басқалар сияқты қыздарды емес, ұлдарды ұнататыныңызды қашан түсіндіңіз?

Мен негізі оны ерте жастан бастап түсіндім. Толық түсінген кезім ол 11-12 жаста болған шығар. Ол кезде "гей", — деген сөздің барын білген жоқпын, бірақ, ер баланың ұнай бастағаны біртіндеп, біртіндеп анықтала бастады және барлық түсінік бір уақытта келмейді. Бұл туралы нәрсе жайлап, жайлап келді.

— Сізді "ашық гей", — деп айта аламыз ба?

Ашық геймін деп айту қиын. Өйткені, мысалы менің ФБ-дағы парақшамда түгел туыстарымыз жоқ десем де болады. Ол жерде достарым, замандастарым бар, менің жазғандарымды солар ғана оқиды. Егер Фб-дағы парақшамда жария геймін десем болады. Туыстардың арасында, жұмыста мен гей екенімді аса айта бермеймін. Белгілі бір дәрежеде жария гей екенімді айтса болады.

Дулат, маған сіздің діни көзқарасыңыз қызық. Дінге, Аллаға сенесіз бе?

— Біздің ЛГБТ қоғамдастығында дін мәселесі көп қозғалады. Менің дінмен қатынасым көпке дейін алыстау болды. Тіпті діннен толықтай безіп кеткен кездерім де болды. Құдайдың болмаса да, бір ақиқаттың бар екені рас шығар деп ойлаймын. Алланың 99 есімдерінің біреуі Әл-Хақ деген есімі бұл "Ақиқат", — деген сөз. Ақиқатқа жетудің жолы әртүрлі болуы да мүмкін. Сондықтан, мына жолмен ақиқатқа жету керек дегенге мен онша сене бермеймін. Оны әртүрлі жолмен жетуге болады. Қазір менің таңдаған жолым Француздардың философиясы, соның ішінде де болмысы туралы, адам өмірі туралы мәселелердің көбісі Исламмен келіп жатады.

— Каминг-аут деген сөз бар. Көк теам сайтының хабарлауынша біздің елде 1,5 миллионнан астам гей, лесбиянка, бисексуал, трансгендер өмір сүреді. Дегенменде, каминг аут жасайтындар өте аз. Көбінесе олар каминг-аут жасауға қорқатын сияқты. Ал өзіңіз қазіргі таңда каминг-аут жасауға дайсынсыз ба?

Каминг-аут деген — бір рет жасап, оны қоя салатын нәрсе емес. Мен қанша жыл өмір сүрсем, сонша жыл, күн сайын каминг-аут жасауым керек. Гомофоб елінде әрбір гей күн сайын каминг-аут жасайды. Каминг аут көбісі жасағысы келмейді дегенмен келіспеймін. Мен осы уақытқа дейін каминг аутты көп жасадым. Ең алғаш ата-анама 15 жасымда "гей", — екенімді айтып, каминг аут жасадым. Әрбір жаңа адаммен танысқанда "гей", — екенімді айтқаным бұл каминг аут жасағаным. Каминг аут деген нәрсенің өзі өте күрделі нәрсе. Каминг-аут деген нәрсе бұл — саяси нәрсе. Себебі, өзімнің атымнан жазба жарияласам оның өзі саяси нәрсе десе болады. Достарыма "гей", — екенімді айтқанымның өзі саяси нәрсе.

— Сұхбатыңызға рақмет!

Соңғы жаңалықтар