"Қазіргі дағдарыс 90 жылдардағыдан да қатты болуы мүмкін": Мұхтар Тайжан бұлыңғыр болжам айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазіргі дағдарыс 90 жылдардағыдан да қатты болуы мүмкін":  Мұхтар Тайжан бұлыңғыр болжам айтты

"Қазіргі дағдарыс 90 жылдардағыдан да қатты болуы мүмкін": Мұхтар Тайжан бұлыңғыр болжам айтты

Әлемді дүр сілкіндірген вирустың кері әсері еліміздің экономикасына қаншалықты зиянын тигізіп тұр? 

  • 26 Наурыз 2020
  • 913
Фото - Caravan.kz

Осы тұрғыда Caravan.kz медиа-порталының тілшісі  қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжанның пікірін білді.

— Коронавирустың кесірінен болатын экономикалық дағдарыстың деңгейі қандай болмақ?

— Экономикаға өте қатты кері әсер етеді. Өйткені, бизнес, экономикалық қарым-қатынастар түгел тоқтатылды. Бұл өте қиын жағдай болып тұр. Меніңше, енді банк жүйесі үлкен дағдарысқа ұшырайды. Өйткені, клиенттер кредиттерді төлей алмайды. Банк жүйесіне кері әсерін береді. Банктер үшін жаман соққы болады.

Сондықтан бізге реформа керек. Иә, президентіміз бірнеше күн бұрын бірнеше өте жақсы шешімдер қабылдады. Бірақ, бұл уақытша ғана. Ал, бізге қағиди тұрғыда шынайы, терең реформа керек. Ал, енді ондай реформа жасамаса Қазақстанның экономикасы жылдан-жылға әлсірей береді.

—  Қазіргі жағдай 90 жылдардағы ахуалды қайталауы мүмкін бе?

— 90 жылдардан да жағдай жаман болады. Өйткені, ол жылдары біздің еліміздің сыртқы қарызы болмаған еді. Ал, қазіргі сыртқы қарызды өте қауіпті деп айтуға болады. Мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіпті болып тұр.

Бұрын мұндай қарыз болмаған. Бұл — бір. Екіншіден, 90 жылдары жеке сектор өте үлкен болатын. Мұндай монополистер жоқ болатын. Ал, қазір экономиканың 70-80 пайызы мемлекеттің қолында. Ол да өте қауіпті.

Сондықтан, бұл дағдарыс — 90 жылдардағыдан да қатты болуы ықтимал.


— Экономикалық дағдарыстың қиын кезеңі қанша уақытта белгілі бола бастайды деп ойлайсыз?

— Алдағы 6 айда ахуал өте күрделі болады. Бір айтарым, бізге терең реформа керек.

Айта кетейік, бұған дейін коронавирус туралы болжамдар жайында жазған болатынбыз. 

"Қазақстанда дағдарыс басталуы мүмкін"

Коронавирустың таралуы әр елдің экономикасына әсер етіп жатыр. Мұнай бағасы төмендеп, валюта бағамдары өзгерген. Бұл Қазақстан экономикасына да өз ықпалын тигізді. Қазір Қазақстанда бір доллар 440 теңгеден сатылып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанда экономикалық дағдарыс басталуы мүмкін.

Қазақстандық экономист Арман Бейсембаевтың болжамы бойынша, Қазақстанда биыл жазда дағдарыс басталады. Ал, желтоқсанда экономикалық даму қарқыны төмендейді. Экономистің болжамы бойынша, дағдарыс 10 жылға дейін созылуы мүмкін, бірақ ерекше фазаның арқасында мемлекет одан 18 айда шығады.

Бейсембаевтың сөзінше, елді импорттан жапса, дүкендер сөресінен азық-түлік пен тауарлар азаюы мүмкін. Ал бұл 90-жылдардағы дағдарысқа алып келеді.

Соңғы жаңалықтар