Қонаевты "татар" деген Ерлан Төлеутайды сотқа берген ақын: "Анау айтты екен, мынау айтты екен деген ол - қатын өсек" - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қонаевты "татар" деген Ерлан Төлеутайды сотқа берген ақын: "Анау айтты екен, мынау айтты екен деген ол - қатын өсек"

Қонаевты "татар" деген Ерлан Төлеутайды сотқа берген ақын: "Анау айтты екен, мынау айтты екен деген ол - қатын өсек"

Белгілі ақын Олжас Отар Қонаевты "татар дегені үшін" дәстүрлі әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутайды сотқа беретінін хабарлаған болатын.

  • 20 Қаңтар 2023
  • 1968
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты ақын Caravan.kz медиа порталының тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.

— Ерлан Төлеутайды сотқа беремін дегеніңізге байланысты, арыз тапсырдыңыз ба? Іс қалай болып жатыр?

— Дайындап жатырмын. Мен негізі өзім заңгермін. Құжаттарды дайыдап жатырмын. "Шымшық сойса да қасапшы сойсын" демекші адвокат ағамыз кемшілік бар ма, жоқ па сол жағын қарап жатыр. 

— Ерлан Төлеутай Дінмұхамед Қонаевты "татар" деуіне не себеп болды деп ойлайсыз? Қандай дәлел бойынша айтып отыр?

— Дәлел ретінде зерттеп барып тарихшылар ғана айта алады. Мен "бір рудың ақсақалы" деп жаздым, өйткені өзім заңгер болғаннан кейін өзімнің сөзіме жауап беруім керек. Сол жерде олай жазған себебім, менің әкем Ыстының шежіресін жазған адам. Сол кітаптың қаржылай демеушісі болдым әрі корректор болдым. Бастан аяқ қарап шықтым. 2004 жылы "Бәйдібек баба — Алып Бәйтерек" деген кітап шыққанда да сол кітапқа да атсалысқанмын. Шежірені білетін ақсалдар көп қой. Мысалы, Шудың бойында бір кісіге бардық, үш күн бойы шежірені талдап берді. Сол кісінің қолында көптеген жазбалар қалған екен. Сол кісінің негізінде "Бір рудың ақсақалы" деген сөзді жаздым. "Қонаевты бір руға қалай қоясың, рушылдық" деген сындар болды. Сондықтан мен бір жағынан келдім, ертең сотта әртүрлі жағдай болуы мүмкін. Ол кісінің қазақ болғанын дәлелдеуім үшін тарихшы, зерттеуші болуым керек, қолымда құжаттар болуы керек. Ал менің қолымдағы бар құжат ол кісінің рулық деңгейдегісі ғана. Ол кісінің руын дәлелдеп берсем, әрі қарай қазақ екені белгілі болады. Головкин қазақ деп еді шуладық, анау қазақ, мынау қазақ деп шуладық. Қазақ емес екенін біліп тұрсақ та қазақ дегеніне қуанамыз. Біз қазақпын деп жүрген, руын көрсетіп жүрген азаматтарды басқа біреуге теңейміз. Мен президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа да үндеу жарияладым, себебі соңғы кезде танымал адамдардан өзге ұлт жасау үрдісі жүріп жатыр. Менің түсінігімде бұл қазақты қорлау. Бір кездері Димаш Құдайбергенді қырғыз деп шуладық, Қайрат Нұртас өзбек екен, Ернар Айдар қарақалпақ екен дейміз. Біз неге тұлғаларға тіл тигізуге міндеттіміз?! Қазір сондай үрдіс жалғасып барады.

— "Қонаев қазақ емес. Қонаев қазақты руға бөліп, ара-дарасын шығарды" — деп Ерлан Төлеутай пост жазған болатын. Ол кісінің бұл айқтандары қаншалықты шындыққа жанасады?

— Мен тарихшы емес, оған тарихи баға бере алмаймын. Ол кісіні сотқа берейін деп отырғаным Қонаевтың қазақ екенін дәлелдеу үшін. Ол кісінің еңбегі бар ма, жоқ па білмейміз. Біз оған баға бере алмаймыз, біз тарихшы емеспіз. Ерлан Төлеутай да тарихшы, зерттеуші емес. "Ұлттық қорда мынадай дәлел бар екен, Ресейде мынадай дәлел бар екен соның негізінде" деп айтатын болса ол келеді. Ал анау айтты екен, мынау айтты екен деген ол қазақша айтқан кезде қатынөсек. Бізде онсыз да санаулы тұлға аз-ақ. Отырып алып анаған күйе жағамыз, мынаған күйе жағамыз. Қонаев татар болса оған еліктеп жүрген ұрпақ не болады? Қазақстанның басшыларын өзге ұлт қылып шығару Қазақстанды қазақтар басқармаған деген саяси жымысқы әрекет тұрған жоқ па? Мысалы, Ермахан Ибраимов. Менің Нартай Аралбайұлына өкпем қара қазандай. Сұхбатында "істеу керек, жасау керек" деп хит қылып шығарды деді. Сол Ермаханның артынан ерген көптеген спортшылардың көңілі қалды. Олар көңілі қалып "Ермахан сияқты күлкі болғанша болмай-ақ қояйын" деді. Сондай болуы мүмкін. Біздің мақсатымыз — идеологиялық тұрғыдан тұлғаларды насихаттау. Қазақтың ұлт ретінде кесірін тигізіп жатқан осындай ұлыларымызға күйе жағу. Көшеде біреуді көрсем мен олай демес едім. Ерлан ол дәстүрлі әнші ел алдында беделі бар, сөз сөйлер азамат ретінде дұрыс емес. Менің сол пікірімнен Арқаның, Шығыстың азаматтары хабарласып "біз де сотқа береміз" деп жатыр.


— Заңгер екеніңізді айттыңыз. Бұл іс қай жағынан қаралуы мүмкін?

— Маған ең бастысы, Дінмұхамед Қонаевтың қазақ екенін сот арқылы дәлелдетіп шығару. Екіншіден, материалдық шығынды өтеп алу. Бұл мақсат одан ақша алу емес. Былай бағалайтын болсақ, ол кезде Қонаев тек трайбализммен айналысқан жоқ. Қабілеті барлық азаматтар қызмет істеді. Біз неге тұлғаларымызды жоюға атсалысамыз? Қазақтан шыққан тұлғалар спорттан болсын, өнерден болсын көп емес. Соларға күйе жағуға, сүрінгенін көруге құмармыз. Қонаев менің бабам деп жасап жатқаным жоқ. Оның орнында басқа біреу болса да солай жасар едім. Мен Тәшеновке де, Өзбекәлі Жәнібековке де, Мырзатай Жолдасбековке де, Әбіш Кекілбаевқа да тіл тигізгенін қаламаймын. Патшаның қолынан сүйді деп Әбіш Кекілбаевты жерден алып, жерге салдық. Менің Ерлан Төлеутаймен алты аласы бес бересім жоқ. Өте қатты құрметтейтін ағам еді. Бірақ оның олай неге пендешілікке барғанына ашуландым.

Соңғы жаңалықтар