«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – қазақстандықтардың дүниетанымы мен салт-санасын өзгертетін қозғаушы күш - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – қазақстандықтардың дүниетанымы мен салт-санасын өзгертетін қозғаушы күш

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – қазақстандықтардың дүниетанымы мен салт-санасын өзгертетін қозғаушы күш

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – қазақстандықтардың дүниетанымы мен салт-санасын өзгертетін қозғаушы күш.

  • 9 Шiлде 2021
  • 477
Фото - Caravan.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жобалар мен алдағы уақыттағы жоспарлар туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесінің директоры Жұманбаева Ақерке Ақтайқызы Caravan.kz медиа порталының тілшісіне айтып берді. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәні жайлы айтсаңыз?

— «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Қоғамдық сананы жаңғыртуға байланысты Елбасымыз айтқан алты негізгі принцип (бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы) қалада іске асырылатын барлық іс-шараларға негіз етіп алынды.

Осы мақсатта Бағдарламаның 6 бағыты бойынша 17  арнайы жобасын, олар:«Туған Жер»

«Қазақcтанның Киелi Жерлерiнiң Географиясы»

            «Жаңа Гуманитарлық Білім. Қазақ Тіліндегі 100 Жаңа Оқулық» 

            «Қазақстанның 100 Жаңа Есiмi»

            «Архив-2025»

            «Қазақ Тілі Əліпбиін Латын Графикасына Кезең-Кезеңмен Көшіру»

            «Ұлы Даланың Ұлы Есімдері»

            «Түркі Әлемі Генезисі»

            «Дала Фольклоры Мен Музыкасының Мың Жылы»

            «Ауыл –Ел Бесiгi»

            «Ежелгi Өнер Жəне Технологиялар Музейi»

            «Заманауи Қазақстандағы Мәдениет»

            «Тарихтың Кино Өнерi Мен Телевизиядағы Көрiнiсi»

            «Еңбек- Елдің Мұраты»

            «Құқықтық Мәдениет»        

            «Үнем-Қоғам Қуаты»

«Дәстүр Мен Ғұрып»- арнайы жобаларын жүзеге асырудың жол картасы мен индикаторлары бекітілді.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында барлық іс-шараларды бір стильмен өткізу мүмкін емес. Бастысы мазмұнды бөлігіне назар аударған өте маңызды. Біздің қоғамның әрбір мүшесі бағдарламамен толығырақ танысып, оның негізгі мәнін шынымен түсінгенін қалаймын.

Бүгін де, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» кеңсесі  басқармалармен бірлесе отырып 17 арнайы жоба аясында 176.123 қатысушымен 305 іс-шара ұйымдастырды.

Бүгінгі күні «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің 61 ұйымға 244 сағатты қамтыған  семинар-тренингтеріне 1151 адам қатысты. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір тармағы «100 жаңа есімнің» мәні жайлы айтсаңыз? «100 жаңа есімге» енгендер жаңарып отыра ма? Әлде, тұрақты ма?

«100 жаңа есім» жобасының мақсаты — Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихы мысалында табыстылық, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білімге табыну идеяларын ілгерілету арқылы, ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту болып табылады.

Әрине ол жыл сайын өзгеріп отырады. Цифрларды сөйлететін болсақ, жоба басталғаннан бері қатысу үшін 8 мыңнан аса өтінім қабылданды (2017 жылы – 2112, 2018 жылы – 2388, 2019 жылы — 1673, 2021 жылы — 2790) адам құрайды.

Бүкілхалықтық онлайн дауыс беру арқылы 193 жеңімпаз анықталды (2017 жылы — 102, 2018 жылы – 29, 2019 жылы – 32, 2021 жылы — 30).

Осы жылы бәсеке өте мықты болды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жеңіске жеткендердің ішінде «Ғылым және инновация» саласында киберспортшы- Хасенов Абай; «Мәдениет және спорт» саласынан суретші – Әйгерім Кәрібаева; және  «Медицина» саласынан — Парпиев Латиф жеңімпаз атанды. 

— Осы бағыт бойынша іске асырылып жатқан жобалардың бірнешеуіне тоқталсаңыз…

 — Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында бір қатар ұлы тұлғаларға ескерткіштер орнатылды.

Атап айтқанда, 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткіші ашылды. Алып мүсін Сарыарқа даңғылы бойындағы Кенесеры мен Абай көшесінің ортасындағы аллеяда орналасқан. Дәл сол жерден Талғат Бигелдинов көшесі басталады. Ескерткіш қоладан және граниттен жасалды. Мүсінші – Нұрлан Далбай, ал сәулетші – Расул Сатыбалдиев. Олар Ұлы Отан соғысы жылдары кезіндегі жас ұшқыш Бигелдиновтің бейнесін жасап шықты. Батырдың кеудесінде медальдары да бейнеленген.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Алаш қайраткерлері – Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлына арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына президент Қ.Тоқаев, мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, кейбір үкімет мүшелері, алаштанушы ғалымдар қатысты.

Ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің авторы-мүсінші Асқар Нартов, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Ескерткіштің жалпы биіктігі-10, 25 метр. Қоладан жасалған. Ғалымның мүсіні 5, 25 метрге жетеді. Гранит тұғырының биіктігі — 5,8 метр. Ескерткіштің тұғырында «Менің халқым менен де биік» деген сөз қашалған.

  Сонымен қатар, көрнекті күйші Дина Нұрпейісованың ескерткіші Абылай хан даңғылы мен Күйші Дина көшесінің қиылысында орнатылды. Ескерткіштің авторы-мүсінші Бауыржан Жалын. Ескерткіштің жалпы биіктігі — 5530 метр. Биіктігі 2720 метрге жететін композитордың мүсіні қоладан жасалған. Гранит тұғырының биіктігі-2210.


Осы көрсеткіштерге қарап, бабалар рухына мың мәрте тағзым ете отырып, ел келешегіне парасат көзімен қарау абзал- дегім келеді.

«Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобасының жүзеге асыру аясында жүзеге асырылуы аясында жалпы республика бойынша 700-ге жуық сакралды нысан анықталып, жұмыс жасалуда. Нұр-Сұлтан қаласында С.Сейфуллин атындағы музей, XIX ғасырда салынған гимназия, Василий Кубриннің үйі, мұсылман мектебінің ғимараты, «Бәйтерек», «Мәңгілік ел» монументі сияқты нысандар ерекше қызығушылық тудыруда.

Осыған байланысты «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты мен 2ГИС.Нұр-Сұлтан халықаралық компаниясының арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Бүгін де, Нұр-Сұлтан қаласының сакралды нысандарын 2ГИС-тен табуға болады. Елорданың 18 сакралды нысаны картаға енгізіліп, ол жерде табиғи, тарихи және өзге де маңызды нысандар жөнінде ақпарат жарияланып отыр.  «Қызықты жерлер» атты бөлімді таңдап, ол жерден нысандар туралы ақпаратпен қатар, фотосуреттерді, пайдаланушылардың пікірлерін де көруге болады,

«Туған жер» жобасы бойынша

Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Нұр-Сұлтанда республикалық «Қайырымды істер марафоны» басталды.

Осы орайда меценат, NEO Qazaq Style жаңа бағытының негізін қалаушы, интерьер дизайны Мансура Жәкен әлеуметтік жобалармен айналысатын орталықтар үшін арнайы дайындалған 17 ағаш есікке сертификаттар табыс етті. Меценаттық көмек жалпы 4 млн. теңгені құрады.

Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасыларға елордалық меценаттардың бастамасымен 5 000 азық-түлік себеті таратылды. Жалпы құны 75 млн.теңгені құрайды.

«Қайырымды істер марафоны» аясында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК-мен бірлесіп, аз қамтылған отбасылардан шыққан және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Ер Төстік» спектаклін ұсынды. Сонымен қатар іс-шара барысында балалардың  әрқайсысына естелік кәдесыйлар тарту етілді.

Алғыс айту күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының меценаттары Жәкен Мансура, Әлиева Жазира, Мұқаев Дәулет, Гүлнар Қасым және Илютин Дмитрийге «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

2021 жылдың ақпан айында «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру мақсатында Сараптамалық кеңестің отырысы өтті. Сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттарымен және зиялы қауым өкілдерімен  «Жасампаздық бастамалар: жаңа формат, айқын көзқарас, ортақ келісім» тақырыбында талқылау өткізілді.

Елордадағы 19 мектептің кітапханасына «Қоғамдық сананы жаңғырту: тұжырымдамалық және әдіснамалық тәсілдер» кітабы мен «Жас ақын» және «Жастар жырлайды» өлеңдер жинақтары, сонымен қатар Ұлттық академиялық кітапхананың қорынан 200-ден астам кітап сыйға тартылды. Жалпы құны 1 млн. теңгені құрайды.

 Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық Физика-Математикалық мектебі (РФММ) мектебі 2020-2021 оқу жылында жиыны 3 млн. тг. құрайтын көпбалалы отбасыларына, әлеуметтік осал топтарға қаржылай және мұқтаж оқушыларды оқуға керекті жабдықтармен қамтамасыз ету сынды демеушілік көмек көрсетті. 

— Алдағы уақыттағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

Алдағы жылға бізде көптеген жаңа жобалар жоспарланған. Олардың барлығы жаңа төрт арнайы жоба бойынша жүзеге асырылады. Олар: «Еңбек- елдің мұраты»,«Құқықтық мәдениет», «Үнем-қоғам қуаты», «Дәстүр мен ғұрып» — атты арнайы жобалар биыл ресми түрде қосылды. Осы жобаларды дамыту жоспарымызда бар.

Мәселең, «Құқықтық мәдениет» жаңа арнайы жобасына тоқталатын болсақ, қазіргі таңдаҚР Парламенті Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшесімін.

Осы айдан бастап, менің өзім, Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасын әзірлеу мәселесі бойынша  жұмыс тобына қосылдым.

 Қазіргі таңда, сол аталған заңның қабылдануына үлес қосып жатырмыз. Бұл заң жобасы  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының әлеуметтік саласын тікелей қамтып отыр.  Осы мүмкіндіктер кеңсе тарапынан құқықтық салада жұмыс жасайтын болады.

 Әсіресе, егде жастағы кісілер, жастар мен жасөспірімдердің мәселелерін жақсы білетін болғандықтан осы жұмыс тобына қосылып,  аталған бағытта жұмыс істей отырып мемлекет пен қоғам арасындағы көпірге айналатынмызға сенімдімін. Мұның бәрі қоғамда құқықтық мәдениет қалыптастыру жолындағы жұмыстың нәтижесі деп білемін.

Жоспарланған іс-шаралардың барлығы Нұр-сұлтан қаласында бағдарламалық мақаланы іске асыру шеңберінде өзекті болып табылады және мен елордамыздың әрбір тұрғыны мен қонағы қызықты бір нәрсе табатынына және бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз ұлы қазақ халқының құндылықтарын жандандыратынымызға сенімдімін.

Соңғы жаңалықтар