«Рухани Жаңғыру» бағдарламасында болашақты үлкен өзгеріске ұшырататын терең мән бар» - Болат Жоламанұлы - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасында болашақты үлкен өзгеріске ұшырататын терең мән бар» - Болат Жоламанұлы

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасында болашақты үлкен өзгеріске ұшырататын терең мән бар» - Болат Жоламанұлы

2017 жылдың 12-сәуірінде Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарық көрді.

  • 21 Маусым 2021
  • 184
Фото - Caravan.kz

Мақалада атап өтілген бағыттар бойынша жұмысты үйлестіру мақсатында 2018 жылы «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды. Ал 2019 жылы Қазақстанның он төрт облысы мен республикалық маңызы бар қалаларында «Рухани жаңғырудың» жобалық кеңселері ашылды. Сондай кеңселердің бірі Алматы энергетика және байланыс университетінде бар. 

Сaravan.kz медиа-порталына Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің "Рухани жаңғыру" кеңсесінің жетекшісі әрі әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Болат Кабдушев атқарып жатқан жұмыстары жайлы толыққанды айтып берді.

— Болат Жоламанұлы, оқу ордасындағы "Рухани жаңғыру" орталығы аталған бағдарлама бойынша қандай жұмыстар атқарып жатыр?

— Бізде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысын ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыратын университеттің құрылымдық бөлімшесі ретінде 2019 жылы құрылған болатын. Жалпы барлық жоғарғы оқу орындарына нұсқау шамамен осы кезде түсті. Жұмыс негізігі екі бағыт бойынша жүреді. Біріншіден жыл басында әлеуетімізге қарай жұмысымыз жоспарланып, Алматы қалалық қоғамдық даму басқармасы жіберілді. Екіншіден аталған орталық арқылы бізге тапсымалар түсіп тұрады. «Рухни Жаңғырудың» бірнеше бағыттағы бағдарламалары бар, 14 бағыты бар. Кейін тағы бірнешеуі қосылды, сол қосылғандары бойнша келген тапсырмалар бойынша жұмыс жасап тұрамыз.

Енді негізгі кімдермен жұмас жасаймыз? Әрине ол – студенттер және оқытушылар. Бізде шын мәнінде осы «Рухани Жаңғыру» сияқты идеологиядан басқа дұрыс идеология жоқ. Сондықтан негізгі идеология болғандықтан студенттермен осы бағытта барынша жұмыс істейміз.

Жылдың басынан бастап көптеген іс-шалар өткіземіз. Бірінші Ата заңымыздың қабылданауы өз алдына бір мейрам. Ол кезде жылдағы дәстүр бойныша атап өту үшін көбіне дөңгелек үстел ұйымдастырамыз. Оған сол саланы жақсы білетін адамдарды қатыстыра отырып, мәселені көтеруге тырысамыз. Былтыр ата заңымыздың қабылданғанына 25 жыл болды. Мейрейтойды жақсы өткіздік. Оның жақсы бағдарламасын жасағанбыз.

— Ал панденмия кезінде «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша жастарға тәлім-тәрбие беру жұмыстары қалай жүргізілді?

— Пандемияға байланысты жұмысымыз тоқтап қалған жоқ. Жұмыс жүргізу әдісіне тек өзгерістер енгіздік десек болады. Мысалы, қыркүйек айында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Әлеуметтік пәндер кафедрасы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша конкурс жариялады. Үйлерінде қашықтықтан оқып жатқан студенттерімізге пандемия жағдайында жастарды өз жеріне, ауылына, қаласына және кішігірім Отанына деген сүйіспеншілік сезімін тереңдетуге ынталандыруды мақсат еттік. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын «Туған жер», «Елдің жадындағы көрнекті есімдер», «Қасиетті киелі жерлерінің» жобалары аясында студенттерге туған өлкесінің тарихын баяндайтын зерттеулер жазып жіберуді ұсынғанбыз. Олар тапсырманы ерекше қызығушылықпен орындап, 5 қазанға дейін 50-ге жуық студент конкурсқа «Туған жердей жер болмас…» деген рухта жазған жұмыстарын жолдады. Жұмыстың қорытындысы университет сайында жарияланды.

Ал келесі жылында байқауды созып, біздің университеттің шеңберінде ғана емес, жалпы республикалық деңгейде жарияладық. Сөйтіп оның қорытындысын биыл сәуір айында жарияладық. Нәтижесінде керемет жұмыс шықты. Барлық республикалық жоғары оқу орындарының студенттері қатынасты. Соның ішінде әсіресе белсенді қатысқан Қазақ-ұлттық аграрлық зерттеу университеті, сосын Алматы мемлекетік педагогикалық университеті, сонымен қатар аймақтық оқу орындарынан Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы медицина университеті тағы басқалар. Нәтижесінде студенттердің үйінде онлайн отырып жазған шығармалары әдемі жинақ болып шықты.

Сонымен қатар бізде жетістікке жеткен еліміздің танымал адамдарымен дәстүрлі түрде кездесу өткізіліп тұрады. 1998 жылы құрылған студенттердің зияткерлік «Парасат» клубының шеңберінде еліміздің көрнекті тұлғаларымен жүздесу ұйымдастырамыз. Сол жұмыстың қорытындысы ретінде университетіміздің 45 жылдығына орай «Рухани Жаңғыру» аясында «Парасат» зияткерлік клубының шығармашылық жолы» атты кітап-альбом басылып шықты.

Жалпы 20 жылда көтпеген тұлғалар болды. Ең соңғы өткізген кездесулердің бірінде қазақтың мықты антропологы Оразақ Смағұл ағамыз болды.Сосын жазушы, «Жұлдыз» журналының бас редакторының орынбасары –
Тұрысбек Сәукетаевпен
кездесу болады. Жақында «Менің атым Қожа» фильмінде басты рөлде ойнаған актер Нұрлан Санжарды щақырдық. Ал жалпы бұған дейін ауған соғысының ардагері әйгілі генерал Бақытжан Ертаев, «Қара мойор» атанып кеткен ардагер Борис Керімбаев, былтыр ғана дүниеден өткен жазушы Қабдеш Жұмаділов сияқты көптеген ұлы тұлғалар болған.

Тағы бір Республика дәрежесіне дейін жеткізген конкурсымыз бар. Басында ол университет деңгейінде өтті, одан кейін қалалық деңгейге көтердік. Ал жақында республикалық деңгейде өтті. Бізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бірнеше бағытын қамтитын студенттердің танымдық-зерделеу жұмыстарын жүргізу қолға алынған. Жылда студенттердің ата-бабалардың ерлігі мен мұраларын қастерлеу бағытында «Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында» атты қалалық конкурсын өткізіп жүрміз, биыл 2021 жылға республикалық дәрежедегі студенттік конкурс деп жарияладық. Мұндағы студенттердің жинақталған зерттеу-шығармашылық жұмыстарын жинақтап жеке электронды жинақ жасап қойдық.

— «100 жаңа есім жобасы» деген айтып кеттіңіз. Жақында аталған жобаның кезекті байқауы аяқталды. Жалпы осы жобаған өз ұстаздарыңызды немесе студендттеріңізді ұсынған кездеріңіз болды ма?

— Әрине ұсынған кездеріміз болды. Бірақ осы конкурстің өзінің кішкене қиыншылықтары болды.Өткенде тіркеле алмай біраз қиындықтар болған. Ал былай бізде жас ғалымдар бар.Өткен жолы соны ұсынғанбыз, Оның ішінде 5 адамның аты-жөнін бергенмін. Өйткені олар белгілі бір жас шектеулі ғалымдар қатыссын деген болатын. Ал кейіннен ол шектеуді алып тастады. Ол кезде қайта тіркелу қиын болып кетті. Ал жалпы қатысып жүрміз. Енді аталған жобада жеңімпаз болғандарды міндетті түрде университетімізге кездесуге шақырып жүрміз. Соның бірі марқұм Әуезхан Қодардың қызы «Тамыр» журналына ие болып қалған Айман Қодар келген. Жалпы менің өз есебім бойынша осы сияқты 150-ге таяу адаммен кездесулер өткізіппіз.

— «Рухани Жаңғыу»бағдарламасының дәл қазіргі уақыта қай бағытына басымдық берген дұрыс деп ойлайсыз?

— Негізі үлкен нәрсе, бұл жерде ұлттық бірегейлік деген ұғым бар. Маған көбінесе сол мәселе ұнайды. Шын мәнінде Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың басын біріктіретін ұлтық құндылықтар мен мәселеге көңіл бөлу керек сияқты. Мысалы, біздегі студенттерд арасында өзі техникалық жоғары оқу орны болғандықтан энергетика саласында өзге ұлттық балалары көп. Жалпы бізді университеттегі түрлі ұлттардың басын біріктіретін бір іс-шара болса, қалай ұйымдастырамыз, қалай өткіземіз деген мәселе көп ойландырады. Қандай проблема бар десек, әлі де болса басқа ұлттың студенттері қазақ тілін дұрыс түсіне қоймайды. Дегенмен, қазір жылдан жылға оқу орнындағы қазақ тілді студенттердің саны өсіп келе жатыр. Бұрын 2000-шы жылы 90 пайыз орысша болатын. Ал былтырғы көрсеткіш бойынша оқуға түскен студенттердің 70 пайызы қазақша құрам. Сондықтан жаңағы 30 пайыз орыс тілді студенттердің көбі кей жағдайда іш-шараларда тілді дұрыс түсінбегендіктен сырт қалып жатыр. Біздегі қазіргі үлкен проблема сол. Оларды қалай біріктіреміз. Сондықтан ұлттық бірегейлік деген мәселеде барлық ұлттардың басын біріктіре алатын, жалпы ұлттық құндылықтар, дәстүр мәселесіне көбіреу тарту үшін сондай іс-шараларға көбірек көңіл бөлу керек. Сол мәселе бізді қатты толғандырып тұр.

— Жалпы алдағы жылдары «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы арқылы жастарға білім мен тәрбие беруде қандай жетістікке жете аламыз деп пайымдайсыз?

— Ары-бері ойланып қарасам, былтыр да жоспар жасағанда көрдім ғой бізде шын мәнінде ешқандай идеология жоқ. Идеология дегенде, бізде партиялар бар, мемлекет бар олардың ұсынып отырғаны нәрселері былай түсінбейтін нәрселер. Ал енді «Рухани жаңғырудағы» көтерілген қай мәселені алсаң да оның астарында терең ой, болашақты шын мәнінде үлкен өзгеріске ұшырататын үлкен мән бар. Біріншіден, латын графикасын алайық. Жақында тілдер институтынан мамандарды шақырып, дөңгелек үстел өткізідік. Негізгі мәселе неде, мысалы латын графикасына көшудің өзінде жастардың арасында арқалай көзақарас бар. Біріншіден, орысша сөйлейтіндер үшін ол әрине қорқынышты нәрсе. Өйткені оларға не қазақшаға көшу керек немесе орысшада қалатын болса, олардың қолданатыны тек кирилица болып қалады. Сондай-ақ, түркі халықтардың бірлігі мәселесі тұр. Себебі, түркі халқтарын біріктіретін, мәдениетін ортақ ететін осы латын графикасы. Қорыта айтқанда, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының түпкі ойы тереңде жатыр және еліміз, халқымыз үшін аса қажетті идеологиялық жоба.

Соңғы жаңалықтар