Рухани жаңғыру - ой-сананың кемелденуі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рухани жаңғыру - ой-сананың кемелденуі

Рухани жаңғыру - ой-сананың кемелденуі

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – қазақстандықтардың дүниетанымы мен салт-санасын өзгертетін қозғаушы күш. Елбасымыз өзінің осы бағдарлама аясында жазған мақаласында ұлттық құндылықтарымызды ұмыт қалдырмай, жаhандық жаңашылдыққа бірден-бір жетелейтін сара жол. Ол үшін ілім-білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн.  

  • 20 Қараша 2020
  • 221
Фото - Caravan.kz

Өскелең  ұрпақты сауатты және терең мағыналы білім алуына, Туған жеріне, еліне, Отанына деген сүйіспеншілікті бойына сіңіріп өсуіне сіз бен біз бар күш-жігерімізбен ат салысуымыз керек.

Аталған бағдарлама бойынша Caravan.kz медиа порталының тілшісіне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарихшы Смағұлов Сабырхан Смағұлұлы өз ойын айтып берді.

"Елбасымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасында өте өзекті мәселелерді қозғады. Оның ішінде, таяу жылдардағы міндеттер деп аталатын тармағында  «Туған жер» бағдарламасына ерекше назар аударды. Яғни, туған жеріңнің тарихын, қасиетін білу керек. Оларды кеңейтіп дамыту әр азаматтың бойында болу қажет екенін атап көрсетті. Жас азаматтың бойына Отанға, туған жеріне, еліне сүйіспеншілікті арттыру.

Отанды сую отбасынан бастау алады. Баланы отбасында кішкене бала кезінен ата-анаға, бауырға, досқа, отанға, туған жерге, халқына деген сүйіспеншілікті үйретуіміз қажет. Сүйіспеншілікке тәрбиелеу балабақшадан бастап, мектеп жасында да, жоғарғы оқу орындарында да бала ұғымына кең көлемде, нық түсінік беріп қалыптастыру маңызды. Ол әрине бізде бар, болып жатыр және жалғасын табады деп мен сенемін. Осындай тәрбиені алған бала өз отанын, туған жерін сүюді, қорғауды, қолдауды бойына сіңіріп өседі.

Сонымен қатар, Елбасымыз «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты мақаласында бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу, прагматизм жөнінде өте жақсы басымдықтар танытты, дейді аға оқытушы Смағұлұлы Сабырхан мырза. 

Бұл бағдарлама сіз бен біз үшін, яғни, өскелең ұрпағымыз үшін өте қажет.

Қазақстан  революциялық жолмен емес, эволюциялық жолмен даму керектігі жөнінде былай деді:

Өткен ХХ ғасыр халықымыз үшін қасіретке толы зұлмат ғасыр болды. Оның ішінде қазақ тіліміз, мәдениетіміз құрдымға кете жаздады. Еліміздің көптеген өңірлері экологиялық аймақтарға айналып, құрдымға кетті.  

Әйткенмен, тарих тек ақтаңдақтардан ғана тұрмайды. ХХ ғасыр елімізге бірқатар иеліктерін де берді.

Елбасымыздың мақаласында: «Сол себепті, тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп,  болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды.

Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.

Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйе­сінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұ­мысының бір бөлігі», делінген. 

Cабырхан Смағұлұлының пайымдауынша, Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты мақаласында  айтылғандай бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу мәселесімен бірге, прагматизмнің аса қажет екенін тілге тиек етті және не үшін керек екенін жіліктеп түсіндіріп берді.

Прагматизм дегеніміз не? Прагматизм дегеніміз – пайдалы, тиімді, қажетті іспен айналысу. Уақытты бос өткізбеу керек. Жас азаматтар уақытын мүлдем босқа өткізу қателік. Уақытты тиімді пайдалану, ұқыптылық пен ыждағаттылықты үйрену керек. Жас кезінене өзін-өзі осыған тәрбиелеп, жинақы болса, оқуда да, қызметінде де алға қойған мақсаттарына қол жеткізіп, табысты, жемісті болады деп ойлаймын. Сондықтан, прагматизм өте қажет дүние.

Кеңес кезінде прагматизмге теріс көзқарас, теріс түсінік болатын. Ол капиталистік елдерге ғана тән қасиет, ол өзін жеке басын ғана күйттейтін, игоист, баюды ғана көздейтін деген ұғым қалыптасқан. Ал, қазір ол бізде басқаша көзқарас. Бізге прагматизм ауадай қажет.


Елбасымыз бәсекеге қабілетті ел болуымыз керек екенін басып айтты. Біз ауқатты елде өмір сүру үшін алға ұмтылумыз қажет. Елбасымыз алға жетелеуде, алға ұмтылуда осындай дүниелерді айқындап көрсетті.

Туған жер бағдарламасы бойынша телеарналардан арнайы жобалар көрсетілу қажеттілігін де атап айтқым келеді. Біздің Қазақ елі, Қазақстанымыздың барлық жері киелі. Солардың барлығын түрлі көрсетілімдер, бағдарламалар арқылы тереңінен кең ұғымда, үздіксіз жаңаша дамыған тұрғыда көрсетіп отырса деймін. Үздіксіз үдеріс болу керек.

Осындай бағдарламаларды көру арқылы бала бойына сіңіріп өскенде ғана, ол бала еліміздің дамуына үлкен үлес қосып, білікті, білімді мамандар мен ғалымдар шығып, еліміз бен жерімізге, Отанымызың өсіп-өркендеуіне көп үлес қосары анық.

Сондықтан, баланы тәрбиелеуде зор мән беріп, айналасына сүйіспеншілікпен қарауға, патриотты тұрғыда тәрбиелеуіміз керек. Ешқашан бей-жай, селсоқ қарамауымыз керек.

Біз Қазақ елі бәсекеге қабілетті елміз. Елбасымыздың осындай терең мағыналы басымдықтары арқасында тек алға ұмтылып, алға жылжуымыз қажет, екенін нық сеніммен айтқан Смағұлұлы Сабырхан мырза сөзін қорытындылады. 

Елбасымыз: «…Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни, туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», – деп атап өтті.

Анығында, өз туған жерінің, туған өлкесінің көркеюуіне үлесін қоса білген азамат бүкіл елдің игілігі үшін қызмет ете алады.

Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі: «Уа, Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім?» – деп сұрайды. Сонда ол: «Ең жақсы адам – қоғамға, елге пайдасы тиген пенде», – деп жауап берген екен.

Туған жеріңді қорғау, туған еліңе адал қызмет ету біліміңнің көптігінен емес, елдік санаға, отаныңа деген сүйіспеншілік пен махаббатқа байланысты.

Елбасы мақаласында: басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек», деп туған еліне қызмет ететін азаматтарды қолдауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар