Сырымбек Тауұлы: Бәсекелес компанияларға өзіміз көмектесіп тұрамыз, өйткені... - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сырымбек Тауұлы: Бәсекелес компанияларға өзіміз көмектесіп тұрамыз, өйткені...

Сырымбек Тауұлы: Бәсекелес компанияларға өзіміз көмектесіп тұрамыз, өйткені...

Кәсіпкер, "YOKOHAMA", "TRIANGLE" компанияларының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Сырымбек Таулы Caravan.kz медиа порталының тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.

  • 24 Желтоқсан 2018
  • 2076
Фото - Caravan.kz

Сырымбек мырза, мен бірден мынадай сұрақтан бастағым келіп отыр. Осыдан 3 жыл бұрын Гүлнұр Өтепова есімді кәсіпкер ханым бизнесмен болып өмірге келу керек деп сұхбат беріп еді. Сіз қалай ойлайсыз, расымен де бизнесмен болып өмірге келу керек пе? Әлде өнерге әркімнің ақ бар таласы демекші кез-келген адам бизнесмен бола ала ма?

Бизнесмен болу — туа біткен талант деп айта алмаймын, өйткені бизнесмен болу да оңай жұмыс емес. Ол жерде бірінші өзіңнің пысықтығың, екінші оқу керек. Бизнесмен болу үлкен еңбекті талап етеді. Өзіңді дамытып отырмасаң, туа біткен дарының болса да қоғамға ілесіп кету өте қиын, сондықтан оқып, жетіліп отыру керек. Бизнесмен болу әр адамның қолынан келеді, адам талпынса болғаны. “Ең жаман балық судың ағысымен жүзіп өліп қалады, ал жақсы балық қарсы жүзе алады”- дейді, сол сияқты өзіңнің жетілгеніңе сәйкес талпына аласың. 

Бизнес саласына қызығып жүргендер үшін не айтасыз? Қандай іспен айналысқан тиімдірек?

Бизнес саласына қызығып жүргендерге айтарым талпыныс керек, бизнесті бастамас бұрын сол нарықтықты қатты тексеру керек. Көп тренингте айтады ғой “тәуекел ет, өкінбейсің” – дейді ғой. Ол кез өтіп барады-ау, өйткені тәуекел етіп жинағаныңды жоғалтып алғанша “жеті өлшеп, бір кес” – деген мақалды еске алған дұрыс. Содан тынбай еңбек керек, бәсекелестікте біреу сегіз сағат жұмыс жасаса, сен тоғыз сағат жұмыс жаса деген сияқты артығымен жасап жетістікке жете аласың, бастысы ізденіс.

Сұхбаттарыңыздың бірінде медицина жағын дамыту керектігін айтқан едіңіз. Осы жағынан бизнес көзін ашу ойыңызда бар ма? Мысалы Жапониядан арнайы мамандар әкеліп, клиника ашу деген сияқты…

Медицина саласына келетін болсақ, біздеаурухана ашу деген ой жоқ. Бірақ біз Жапонияның өркендеген технологиясын медицина саласында жүрген адамдарға ортақ қарым-қатынасын жасап берсек және адам денсаулығына зиянсыз дәрі-дәрмектерді біздің дәріханаларға қосып берсек деген ойдамыз. Қазір Жапонияда ауырып емес, ауырмай тұрып ауырмаудың жолын іздеп жатыр. Біз қазір ауырып, дәрі ішіп жүрсек, олар ауырмайтын жол іздеп жатыр, сол жолды да бізге кіргізу керек. Былтыр жапониялық дәрігер профессордан сұрағаным бар. Ауырмау үшін “не істеу керек” – деп. Ол кісі аузыңды тию керек деді. Ең бастысы дұрыс тамақтануды үйренуіміз керек, одан кейін спортпен дұрыс шұғылдана білуіміз керек. Спортпен шұғылданда, микротравма деген бар. Ол көзге көрінбейді, қартайған шағыңызда әсер етеді. Осы нәрселерден сақ болып, ауыратын емес ауырмайтын жолды іздеуіміз керек.

Бизнесмендердің өзі мотивацияны қайдан алады?

Бизнесмендер талпынысты өзінің жасап жатқан жұмысынан, яғни жетістігін көргенде алады. Жетістікке жету үшін өзі талпыну керек. Мен өзім миллионерлердің, жетіске жеткен адамдар туралы кітаптарын көп оқимын. Өйткені олар жетістікке әртүрлі жеткен. Мысалы McDonalds-ты 19-20 жастағы жігіттер бірігіп жасаған. Ал KFC-ді 63 жасқа жеткен ақсақал жасаған. Сол сияқты әрқайсысы әртүрлі. Сондықтан ізденіс керек, әркім өзінің жасаған жұмысынан ләззат алу керек. Сол кезде жетістік те, мотивация да болады.

Ең алғаш тапқан үлкен сомаңыз қанша еді? Есіңізде ме?

Ең алғаш алған қомақты ақшам есімде. 1995-96 жылдары “Love is”, “Буми-бом” сияқты сағыздар болған, есіңізде болар. Сол сағыздарды кезінде сатқанмын. Қазіргі ақшаға шақсақ, төрт мың теңге тапқаным бар. Сол ең үлкен қомақты ақшам, “өте үлкен пайда таптым” – деп қуанғанмын.

Сіз жетекшілік ететін "Daco Motors kz" компаниясының басты амбассадорлары әнші Сәкен Майғазив пен Қайрат Нұртас. Неге? Оларға демеушілік еткеніңізге қарағанда олар да ақшаға мұқтаж ба?



Сәкен Майғазиев, Қайрат Нұртас бауырларым ақшаға мұқтаж деп ойламаймын. Біз ол кісілерді неге жарнамаға алдық? Біз қазақты қолдауымыз керек, барымызды бағалай білуіміз керек. Ол адамдардың бізге бір жағынан көмегі, екінші жағынан біз қанша қаражат төлесек те, өзіміздің қазағымызды қолдағанымыз. Өйткені көп жарнамаларда шетелдің жұлдыздарын, шетелдің спортшыларын қолдап жатады, ал біз өзіміздің жұлдыздарымызды қолдайық. Біз бір-бірімізді қолдап, бірге жеңіске жетеміз.

Сондықтан біз әрқашан өнер адамдарын, өзіміздің танымал адамдарды, өзіміздің өсіп келе жатқан жастарымызды қолдаймыз.

Жыл сайын компанияның жарнамалық жұмыстарына қанша қаржы бөлесіз?

Компанияның жарнамаға бөлетін қаржысы қомақты. Дәл мынадай мөлшерде деп айту қиын болады, өйткені, жыл сайын артуда. Бір жылдары 35 миллион бөлдік, биыл 100 миллион теңге шамасына жуықтап қалады. Қазір жылдың аяғы, сондықтан есептері енді шығып жатыр. Ал бір жылдары қаржы бөле алмай қалған кездерімізде достарымыздың қолдауымен-ақ жарнаманы жасап жүргенбіз. Бірақ қомақты қаражат жинап жүргенбіз, біз оның 50-ден 60 пайызын шетелдік әріптестерінен аламыз да, қалған 50-ден 40 пайызын өзіміздің компаниядан тікелей бөлеміз.

Орталық Азия мен Ресейді қамтитын зауыт салу ниетіңіз бар екен, жоспар бойынша ол қанша уақытқа созылуы мүмкін?

Біз де қазір “Triangl Tires” ұжымымен үлкен жоба басталды. Қазіргі таңда олар АҚШ-та өздерінің өндірісін салуда. Ол 580 миллиондық жоба. Біздің жоба одан сәл төменірек болады. Өйткені біз ондай үлкен, ауқымды қамтимыз деп айта алмаймын. Біз Ресей, Орталық Азия мүмкіншілік болса дами келе Еуропаны жоспарлап отырмыз. Өйткені біздің Қазақстан территориясына осы дөңгелектердің зауыты керек деп ойлаймын. Сондықтан бізде бәсекелестік болу үшін өзіміздің мемлекетте болып, сырттан келетін тауарлармен бәсекелестік жасай аламыз және экспортқа шығамыз деген ниет бар. Америкада салынып жатқан зауытқа өзім барып көрдім. Жоспар бойынша 2020 жылы аяқталуы керек. Егер бәрі ретімен уақытылы орындалса, әрі қарай бірігіп жобаны бастап кетеміз. Бізді таңдап отырған себебі, біріншіден Орталық Азияда бізден басқа дөңгелек зауыты жоқ, екіншіден біз кеден одағындамыз, Ресейге, Украинаға, Арменияға кедендік салықсыз жібере аламыз және тиімдісі Еуропаға жіберуге өте ыңғайлы. Қытайдағы тұрған алпауыт зауыт Еуропаға ұзақ уақыт, ұзақ мерзімде баратындықтан Қазақстанды таңдап отыр. Қытайдағы әріптестеріміз де Қазақстанға көзқарастары жақсы, Алла қаласы 2021 жылдың басында немесе аяғында бастап, 1,5-2 жыл ішінде зауыт өз жұмысын бастайды деген ойдамын!

Бәсекелестік бар жерде сапа бар дейді. Өз бәсекелестеріңізді қаншалықты зерттейсіз?

Бәсекелестік туралы айтатын болсақ, біз бәсекелестікке көп күш саламыз. Өйткені, біз тек Қазақстанда емес, Ресейлік компаниялармен де бәсекелес болғымыз келеді. Бәсекелестік болған дұрыс, тағы да күшейсе екен деймін. Өйткені олар тоқтап қалатын болса, біз де дамымай қаламыз. Сондықтан күшейгенін қалаймын. Олардан асып түсу үшін жақсы ойлар келеді. Мысалы, біз жылда 30 шақты қызметкерлерімізді біліктіліктерін жетілдіру үшін шетелге жібереміз. Маркетинг саласын көп қараймыз, Женева қаласында жаңа шыққан көліктердің көрмесі болады, сонда барып қатысамыз. Қай көлік, қандай дөңгелек салып, шығарып жатыр дегендей. Тіпті өзіміздің бәсекелес компанияларға да көмектескім келеді, өйткені бірге дамуымыз керек

Соңғы жаңалықтар