Тайғара Кенжегүл: "Сыбайлас жемқорлықтың мазмұны бірінші кезекте құқық пен адамгершілікті қамтиды" - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тайғара Кенжегүл: "Сыбайлас жемқорлықтың мазмұны бірінші кезекте құқық пен адамгершілікті қамтиды"

Тайғара Кенжегүл: "Сыбайлас жемқорлықтың мазмұны бірінші кезекте құқық пен адамгершілікті қамтиды"

Елімізде экономикалық қылмыстарға қарсы заңды қатаңдату керек пе? Жемқорлық қандай деңгейде? Онымен қалай тиімді күресу керек?Оның жолдары қандай?

  • 20 Тамыз 2021
  • 401
Фото - Caravan.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты осы және өзге де өзекті сауалдарға Маңғыстау облысы, «Қолдау-Қазақстан» КСЕХ директоры, заңгерТайғара Кенжегүл Диқанбайқызы Caravan.kz медиа порталының тілшісіне сұхбат берді.

— Қоғамда сыбайлас жемқорлық қылмысы азаймай тұр. Ұсталып жатқандар да аз емес. Қалай ойлайсыз, жемқорлық елімізде неге тыйылмай тұр?

— Жалпы өз ойымды айтатын болсам қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық біршама азайып жатыр деп ойлаймын. Себебі елімізде қазір пара алушылық жөнінде көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалы акциялар, видео-роликтер түсіріліп, әлеуметтік желіде таралып жатыр. Көптеген тренингтер ұйымдастырылып, іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Міне осындай жұмыстар жасалып жатқаннан кейін елімізде жемқорлық жәймен азып жатыр деп ойлаймын.

— Осы жемқорлықпен күресудің өзіңіз қандай жолын ұсынар едіңіз?

— Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылу керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты рухани этикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл екенін көрсетті. Міне сол жоғары деңгейде жұмыс жасауымыз керек. Мен айтатын болсам өзім түрлі іс-шаралар ұйымдастыратын едім. Неше түрлі байқаулар бар! Атап айтатын болсам,студенттер арасында сурет байқауын ұйымдастырар едім.Себебі бәрі де сол оқу орыннан басталады. Және де телеарнаналарға елге қажет емес жарнамалардың санын көбейткенше, жемқорлыққа байланысты көптеген видео-роликтер түсіріп соны қоюға барынша атсалысар едім. Сонымен қатар қызметкер арасында да тренингтер өткізіп тұрар едім.

— Жемқорлық тыйылмауы заңның осалдығы деп жатады. Осы пікірмен келісесіз бе?

— Бәрі де мүмкін. Дегенмен де, заңның кінәсі емес адамның түпкі санасынан шығар деп ойлаймын. Жалпы тұлғаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұрғысынан тәрбиелеуде отбасының рөліне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздеріне, шетелдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға айрықша назар аударылса екен. Бұл тақырып бойынша бірінші оқу құралының жарыққа шығуы және оның отандық жоғары оқу орындарының білім беру процесінде пайдаланылуы бұл пәнді оқытудың жаңа модельдері мен әдістемелерін өмірге әкелуі мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «сыбайлас жемқорлық» ұғымының мазмұнын, осы этностық әлеуметтік құбылыстың тарихи түп-тамырын түсінбейінше, ұғыну мүмкін емес

— Кейбір мамандардың айтуы бойынша жемқорлықты түп тапырымен жою мүмкін емес дейді. Сіз қандай пікірдесіз?

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады. Сондықтан бұл параграфта сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феноменін қарастырамыз. Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың көмегімен адамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам мен өздерін сезінеді. Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана болып бөлінеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» ұғымы қоғамдық сананың барлық нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бұл адамдардың сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы.

— Өзіңіз жасайтын жұмыс орныңызда, пара ұсынып тірлігін тындырмақшы болған мамандар кездесті ме?

— Жоқ, кездестірген жоқпын әлі. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ерекшелігі мәдениеттердің барлық түрлерімен өзара байланыста ғана емес. Оның мазмұны бірінші кезекте құқық пен адамгершілікті қамтиды. Мәдениеттердің барлық түрлері арасындағы диалог олардың арасындағы тығыз байланыстың барын белгілейді, олардың өзара толықтырушы рөлін атап өтіп, күшейтеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілеті.

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз не?

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет нақты әлеуметтік жүйенің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағдарланған, сондықтан оның түбегейлі қасиеті сыбайлас жемқорлықты тұтас, жүйелі – оның барлық адамгершілік, заңдық, экономикалық, саяси, ресурстық, технологиялық, экологиялық, әлеуметтік-психологиялық аспектілерінде, байланыстары мен көріністерінде болжай білу болып табылады. Әлеуметтілік, әлеуметтендіру сияқты адамгершілікті қолдау мемлекеттің қызметіндегі институттардың, құқықтың, тетіктердің, тәртіптің, рәсімдердің белгілі бір жай-күйін қажет етеді. Бұл мәселеде өркениеттік біртектіліктің ерекше мәні бар. Біздің еліміз үшін бұл көптеген басқа да мемлекеттер үшін де маңызды. Жаңа қазақстандық мемлекетті құру жағдайында тәуелсіз Қазақстанның өзіндік табыс коды, әлеуеті мен құндылықтары бар екенін ұмытпау қажет, оны сыбайлас жемқорлықтың шығу себебін жоя отырып, оған қарсы күресте жандандырған жөн. Қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті социумды тұрақтандырудың басты факторларының бірі болып табылады, қоғамның кез келген құрылымдық деңгейінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы күрестің табыстылығын айқындайды.

Соңғы жаңалықтар