"Тездетші, қысылып тұрмын": Бибігүл Рамазан өзіне қол салған сарбаз туралы ешкім айтпаған мәліметтерді жария етті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тездетші, қысылып тұрмын": Бибігүл Рамазан өзіне қол салған сарбаз туралы ешкім айтпаған мәліметтерді жария етті

"Тездетші, қысылып тұрмын": Бибігүл Рамазан өзіне қол салған сарбаз туралы ешкім айтпаған мәліметтерді жария етті

Соңғы уақытта әскердегі өлім-жітім көбейіп кетті, бұған не себеп? Өзіне қол салған солдаттардың істері қалай жүріп жатыр?

  • 27 Қаңтар 2023
  • 4334
Фото - Caravan.kz

Осы және өзге де сұрақтарға әскердегі әлімжеттік тақырыбын көптеген бері жазып жүрген маңғыстаулық қоғам белсендісі Бибігүл Рамазан жауап берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Асылып тұрған ремень оны өлі күйінде тапқан сарбаздың ремені болып шықты": Бибігүл Рамазан аузынан еркектің шәуеті табылған сарбаз туралы тағы тың деректерді жария етті

— Әлібек Қалбайдың ісі бойынша сот ақпан айының 9-на ауысты. Сот осылай ұзаққа созыла берсе шындықтың бетін ашу қиын болып кетпей ме?

— Қалбай Әлібек ісі бойынша ең алғаш жазған өзім едім. Әлібектің ісі қалай болып жатқаны барлығы көз алдымда. Біріншіден, сот сағызша созылып кетті. Сотты созып жіберуі тергеушілердің өздеріне қиын болады. Өйткені, бала қайтыс болған күні "алғашқы көмек көрсеттім, әскери бөлімде" болдым деген мейірбике кеше сотта басқаша сөйлеп тұр. Сотта жылады. Әскерилер өздері берген жауаптан өздері шатасып жатыр. Сол күні мейірбике болса да алғашқы көмекті көрсетпеген. Әскери бөлімде көптеген мейірбикелер болады. Оларға үкіметтен қыруар ақша бөліп, неге айлық береміз? Балаға алғашқы көмек көрсетуге сапқа мейірбике келмеген. Әлібек Қалбайдың жеңгесі әскери бөлімге барған кезде жеңгесі маған былай деді: "мейірбике алдымыздан шықты да, Қалбай Әлібек есінен танып қалды, бірақ үстінде көгерген жері жоқ", — депті. Бала 21-нен 22-не қарағанда түні қайтыс болды. Олар баланы тексеру керек ешқандай көгерген жерлер жоқ па дегендей. 18-нен бастап журнал бос болған, ештеңе жазылмаған. Іс қанша созылған сайын куәгерлер сөздерінен шатасып жатыр.

— Куәгер дәлелдері мен зорлық-зомбылық өлім белгілі бар сот-медициналық сараптаманың нәтижелерінің негізінде бір жас сарбазды ғана кінәлі деп тауып отыр. Демек, бір емес, бірнеше адамның қатысы бар ғой?

— Баланы бір емес, 2-3 адам сабаған сияқты. Іш құрылысын анадай етіп сабау бір адамның қолынан келмейді. Аманжолов Айболатты ғана күдікті деп тауып отыр. Аманжолов Айболат өзі сияқты кішкентай ғана бала. Барғандарына 2-3 күн болған ғана кез. 13-і күні Маңғыстаудан Алматыға дейін пойызбен 3 күн жүріп барды. 16-ы күні жетіп, 17-і күні анасына "мама, мен келдім" деп айтқан. 21-і күні қайтыс болды. 4-5 күннің ішінде қайтыс болып отыр. Өзімен бірге кеше ғана келген Аманжолов Айболат олай ұрады деп ойламаймын. Бұл жерде ұйымдасқан 3-4 контрактник ұрды деп ойлаймын, мен солардан көріп отырмын. Күдікті болып отырған Аманжолов Айболаттың жағдайын мен де ойлаймын. 

— Күдікті болған жас сарбаз әлі де қамауда ма? Оның жағдайы қалай болмақ деген ойыңыз қандай?

— Оны неге қамап отырғанын түсінбеймін. Бір ғана Курочкин деген куәгер деп отыр. Қазақ балалары куәгер болмаймыз деген. Курочкин өтірік айтып "7 секундта 16 соққы берді" деп айтқан. Адам бір ұрғанда олай өліп қалмайды. Курочкинді тергеушілер куәгер болғаны үшін оған бостандық беріп отыр. Кәдімгі киіммен еркін жүр екен, бізде тіпті суреті де бар.

— Енді Мираш Бекбол туралы айтсақ. Адвокат Пралиев жағаұстатарлық жайттардың бетін ашты. Күдіктілердің бірі маңғыстаулық Мирас Жолмамбетов болып отыр. “Минет үшін рахмет” деп жібергені әзіл болғаны, оның ешқандай кінәсі жоқтығы айтылып жатыр. Осыған байланысты қандай пікір білдіре аласыз? Марқұм солдаттың немесе Мирастың ата-анасы сізге хабарласып, көмек сұраған жоқ па?

— Бекбол Бекболдың өлімін алғаш болып мен жаздым. Жан жақтан мағын шығып бастады. Атыраудан бөлесі, сыныптастары жазды. "Бекбол өзіне қол салатын жігіт емес. Бекболдың туған інісі бар, мүгедек. Бекбол ата-анасын бағатын адам, оның өзіне қол салуы мүмкін емес", — деді. Содан кейін туыстарын тауып, оларға  шыға бастаймын. Әлеуметтік желілерде сөйлесе бастаймыз. Бір күні маған Бекболдың әкесі "мені шақырып жатыр, маған адвокат керек" деді. Мен ол кісіге Қалбай Әлібектің адвокатын бердім. Ол адвокат 500 мың теңге сұраған екен. Ал Мираштың ата-анасында ондай ақша жоқ. Ол кісіге 200 мың теңгеге адвокат тапқанын айтты. Меніңше Бекболдың адвокаты әлсіз сияқты көрінеді. Жағаұстатарлық жағдайдан кейін әкесіне "эскпертизаны көрдіңіз ба?" деп сұрадым. "Иә, экспертиза жасалды. Бәрі жақсы деп жатыр" деді. Тергеушілердің Бекболдың ата-анасына бұл эскпертиза туралы айтпағанын білдім. Әкесі ештеңе білмей, бейқам отыр екен. Мен ашынып кетіп "аға, сізге жақсы адвокатқа ақша тауып берейін, не істеп отырсыз? әлде сізге ақша ұсынды ма" деп сұрадым. Бекболдың әкесі "Бибігүл мына жағдайдан кейін ауырып жатырмын, ешкім ешқандай ақша бермеді. Өз-өзіме келіп алайын" деп жауап берді. Бекболды асылып тұрған жерде тауып алған Мирас Жолмамбетовтың тәтесін танитын едім, сол кісіге ол туралы сұрағанымда Мирас анасына "Бәрі жақсы, анашым. 3 айдан кейін борышымды өтеп боламын. Маған ештеңе болмайды. "Минет жасап бергеніңе рақмет" деген жай "связка" болды", — деп жайбақарат отырғанын білдім.

— Адвокат Сержан Пралиев кеше ғана маған берген сұхбатында қандай да бір телефонға видео түсіріліп, ол телефонның сынғаны туралы айтты. 4-5 сағат құпия бірдеңе болған дейді, осы жайлы қандай да бір ақпарат біле алдыңыз ба?

— Қайтыс болуына бір күн қалғанда Бекбол "тездетші. Қысылып тұрмын. Жеткен соң қайтарамын" деп жаны қиналған. Ол неге олай сұраған? 18 тамыз күні Шекарашылар күні. Олар не болса да сол күні удай мас болған.19 тамыз күні Мираш қайтыс болды.

— Мираштың жағдайынан кейін әскерде көгілдер көп деген ой тумай ма? Бұдан өзіңіз қандай ой түйдіңіз?

— Әскерде тәртіп жоқ деп ойлаймын. Қалбай Әлібектің жағдайында түнгі күзет офицері Әлішер Дайрабаев Әлібекке "Айжамалсың" деп мазақ еткен. Біз оны детектормен дәлелдедік. Сол сияқты білімсіз контрактниктердің санын азайту керек. Контрактниктер өз міндеттерін білмейді. 

— Әскерде өлім-жітімнің көбейіп кетуіне не себеп? Дұрыс тәртіп болмағаннан ба? Сіздің ойыңыз?

— Әскерде өлімнің көбейіп кетуі саны бар да, сапасы жоқ контрактниктердің кесірі. Мен Қалбай Әлібек қайтыс болды деп жазған кезде бір әйел маған "командир Доспаев тіпті өзгермеген екен. Өткен жылы 30212 әскери бөлімге түсті, екі аптадан кейін "госпитальде балаңыз" деп телефон шалды. Бүйрегі үш жерден жыртылған. Контрактник ұлымды қайта тәрбиелесі келген. Екі ай балам ауруханада жатып шығарып алдық", — деді. Бұл жағдай дәл сол Қалбай Әлібектің бөлімшесінде болған. Контрактник 3 жыл, 6 айға сотталып кеткен. Бұл деген нәтиже сабақ болмай тұр деген сөз.

Бибігүл Рамазан Бекбол Мираштың достарынан ақша сұраған кездегі хат алмасқан скринімен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар