ТРИЗ-педагог Самал Сәкенқызы: "Ата-анамен тығыз байланысу арқылы баланың неге қабілетті екенін анықтаймыз" - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТРИЗ-педагог Самал Сәкенқызы: "Ата-анамен тығыз байланысу арқылы баланың неге қабілетті екенін анықтаймыз"

ТРИЗ-педагог Самал Сәкенқызы: "Ата-анамен тығыз байланысу арқылы баланың неге қабілетті екенін анықтаймыз"

Балалардың шығармашылығы үйдегі кішкентай бүлдіршіндердің дамуына негіз болады. Олардың жақсы эволюциялық даму үшін шығармашылық пен қиялын дамытуы керек. Балалар табиғатынан шығармашылыққа бейім. Кішкентайлардың осы туа біткен сыйының уақыт өткен сайын жоғалып кетпеуіне тырысу керек.

  • 12 Тамыз 2021
  • 74
Фото - Caravan.kz

Баланы кішкентай кезден шығармашылыққа қалай баулу керек, баланың өзіндік ойы болуы үшін, өз алдына шешім қабылдай алу үшін кішкентай кезінде қандай үйірмелерге барғаны дұрыс? Осы және өзге де сұрақтар төңірегінде «an-Nisa school» мектебінің негізін қалаушы 5 жылдық тәжірибесі бар ТРИЗ- педагог, Самал Сәкенқызы Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне сұхбат берді.

ТРИЗ методикасы

ТРИЗ (Теория и решения изобретательских мышлений) методикасы өмірлік проблемаларды қиындықсыз жеңіл ǝрі тез шешуге үйрететін үздік методика. Əлемдік білім беру стандарттарында мойындалған. Баланың креативін, ішкі мотивациясын ашуына, сабақты ешкімнің қысымынсыз өзі оқуына үлкен ǝсер етеді.

— «an-Nisa school» мектебінде қандай бағдарламалар бар? Балалармен қандай әдіс арқылы жұмыс істейсіздер?

— Жалпы балалар таңертен мектепке сағат 8-де келеді, таңғы асын ішеді, түске дейін сабақ оқиды түсте тамақтарын ішеді. Одан кейін бізде 8 түрлі үйірме бар солармен айналысады. Баланың қызығушылын ояту мақсатында немесе оның бойында бар қабілеттерді анықтау үшін сол 8 түрлі үйірмеге қатыстырамыз және ТРИЗ методикасымен сабақ өтеміз. Осы 8 түрлі үйірменің барлығына бала қатысады. Осы арқылы бала неге қызығады, неге бейім соны анықтап аламыз.

— Қанша маман жұмыс істейді? Олардың балалармен бір-біріне қарым-қатынасы қаншалықты жақын?

— Жалпы біз санға емес, сапаға жұмыс істейміз деп шештік. 1-11 сынып аралығында оқушылар болса, жалпы 20-25 маман жұмыс істейді. Одан соң оқушылардың кураторы болады. Бұл еш жерде жоқ, яғни ЖОО ғана болатын ұстаз десек болады. Куратор барлық оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болады. Қарым-қатынастың қаншалықты жақын екендігін біз мұғалімді жұмысқа алар кезде таңдаймыз. Яғни балалар арасында сұрақ-жауап ретінде таңдаймыз. Балалар қай мұғалімге көп дауыс береді демек, сол мұғалімнің баламен байланысы мықты деген сөз. Мұғалім жас маман болып тұрса да, егер баламен жақсы жұмыс жасап тұрса, оның оқыту әдісі мықты болып тұрса, демек оны міндетті түрде жұмысқа шақырамыз.

— “An-Nisa school” мектебі басқа орталықтарға қарағанда қандай ерекшелігі бар?

— “An-Nisa school” мектебінің үлкен ерекшеліктерінің бірі тек қана қыздарға арналған. Екінші қабілетін анықтау. Одан соң жаңағы үйірме деп жатырмыз сол ерекшілігі. Үйірмеге бала жәй мен оны білем деп қатыса салуы мүмкін немесе мына нәрсе менің жаныма жақын деп қатысуы мүмкін. Мен қайсысымен өскенде жұмыс істей аламын, менің мақсатым қандай,мен бұл үйірмені өмірде қалай қолдана аламын, бұл менің өміріме қалай жақсы әсер ете алады деген сұрақтар болуы керек баламыздың санасында. Міне біз осы үшін жұмыс жасаймыз. Тағы бір ерекшелігіміз оқушылар психологтармен де тығыз байланыста болады . Және ата-аналармен тығыз байланысу арқылы баласының неге қабілетті екенін анықтап береміз. Кураторлар қыздарыңызға көмектеседі.

— Неге тек қана қыздар? Ұлдар бірге оқуға болмайды ма?

— Негізі қыздар мен ұлдардың бөлек оқуы біраз зерттелген нәрсе. Мектебімізде қыздардың қабілетін анықтау үшін 8 түрлі үйірме жұмыс бар. Бұл үйірмелер тек қабілетін ғана ашып қоймайды. Қыздарымыздың өмірлік миссиясын тауып, өз сүйікті саласында шедеврлер жасауына септігін тигізеді. Сөзсіз болашақта дарынды оқушыдан табысты тұлғаға айналады!


— Егер қыздар мен ұлдар бөлек оқыса кейін тіл табыса алмай қалмайды ма?

— Керісінше қыздар өз ортасында өз ойлары бар, өз ойын ашық жеткізе алады. Өз-өзін бағалауы жоғары болады. Еркектермен тайталаспай, салғыласпай өз энергиясын өзіне толық жұмсайтын тұлғалық дамуы бар қыз болып қалыптасады. Ондай тәрбиелі қыз кез-келген адаммен тіл табыса алады. Мен оған кәміл сенемін.

— Куратор тек сабақ жөнінде көмек береді ме, қалай көмектеседі?
 
Оқушылар үй тапсырмасын куратор көмегімен мектепте орындайды. Сондықтан ата-ана ретінде оқу үлгеріміне мүлде алаңдамауларына болады. Ал қыздары күнделікті арқасына ауыр сөмке іліп алып, оқулық тасып жүрмейді.

— Балалар көбінесе қандай үйірмелерді таңдайды деп ойлайсыз?

— Бірінші біз баланы барлық үйірмеге қатыстырамыз. Содан соң барып кім қандай үйірмеге жақын, қандай үйірмеге қабілеті бар бала сол нәрсеге кетеді. Егер бала бір нәрсеге қызықпаса оны сол үйірмеге қатыстырғаннан еш пайда жоқ. Балалардың шығармашылығы ең ақылды балаларда ғана болады. Шығармашылықтан туа біткен қабілеті бар және өте ақылды адамдар ғана рахат алады деп ойлайтындар бар. Бірақ шындық біздің бәрімізде туа біткен шығармашылық екенімізді, бірақ еңбек пен адалдық табиғи қабілеттен гөрі маңызды екенін айқын көрсетеді. Шығармашылық бәріне тиесілі, оны тек жақсарту керек.

— Ата-аналар қыздарын осы мектепке алып келсе нақты қандай нǝтиже алады және қанша жастан бастап қабылдайсыздар?

— Өмірлік миссиясын тауып, табысты болады. Жетістікке жǝне мақсатына жететін ортаның мүшесі болады Ағылшын тілінде еркін сөйлей алады Өзін-өзі бағалай білетін, психологиялық сау тұлға болады. Біз балаларды 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін қабылдаймыз. Америкалық ғалым Томас Леонардтың зерттеуі бойынша, баланың жетістікке жетуі үшін оның білімі тек 10%, ойлау жүйесі 40% ǝсер етеді екен. Ал ортасының ǝсері 50%-ды құрайды. Демек ата-ананың бала алдында басты міндеті – ең ǝуелі білімінен бұрын жақсы орта табуына көмектесу.

Тағы бір айтып кететін ерекшелігіміз бар. Бізде ата-аналар көбінесе баласына махаббаттарын білдіре алмай жатады. Немесе қыздарымен көп сырласпайды. Қыздары аналарына бір нәрсе айтуға ұялады немесе аяқ тартады. Сол себепті біздің мектепте психологтар оқушылармен ғана емес олардың ата-аналарымен де байланыс құрып, барынша ана мен қызы жақын болуына екі жақтан жұмыс жасап мықты байланыс орнатады.

Соңғы жаңалықтар