Ұлттың рухани құндылықтарын сақтау исі қазақтың міндеті - Гүлжанат Байболова - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттың рухани құндылықтарын сақтау исі қазақтың міндеті - Гүлжанат Байболова

Ұлттың рухани құндылықтарын сақтау исі қазақтың міндеті - Гүлжанат Байболова

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Рухани жаңғыру: «Туған жер» бағдарламасының мәні деп үш ерекшелікті атап көрсетті.

  • 16 Шiлде 2021
  • 449
Фото - Caravan.kz

«Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді».

«Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек».

«Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағ­дар­ла­масын жинақылықпен және жүйелі­лікпен қолға алуға тиіс».

«Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет.

Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек».

Осы тұрғыда Caravan.kz медиа порталының тілшісіне Қазақстан Республикасы «Өрлеу» БАҰО АҚ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институты, Педагогика және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы Гүлжанат Габдулахметқызы Байболова аталмыш бағдарламаның мәні мен алға қойған мақсатын, өскелең ұрпаққа берер рухани тағылымы туралы тарқатып айтып берді.

— Елбасының «Рухани жаңғыру — болашаққа бағдар»  мақаласы ұлт руханиятын дамытуға, ұлттық құндылықтарды дамытуда өзекті мәселелерді көтерді. Мақалада айтылған бағыттар негізінде ауқымды істер атқарылуда. Адам тән қуатымен — дәулет, байлық жиса, жан қуатымен — рухани қажеттіліктерді өтеу үшін ғылым, өнер, ақыл таппақ.  Жан қуатын қуаттандыруда рухани құндылықтарды насихаттауымыз болашаққа бағдар жасауымыз.

Жаһандық үдерісте «өзге» мәдениеттерге жұтылып кетпей, тіліміз бен дінімізді, салт-дәстүрімізді сақтап қалуда Елбасының Рухани жаңғыру Болашаққа бағдар мақаласы  үлкен серпін берді. Болашаққа бағдар көрсеткен мақаладағы ұлттың рухани құндылықтарын сақтау исі қазақтың міндеті.

Рухани жаңғыру — ата-дәстүрімізді, тарихымыз бен әдебиетімізді, тіліміз бен дінімізді сақтай отырып, бабалар салған сара жолмен замана көшіне ілесу деп білемін. Өз халқының тілін құрметтеген, дәстүрін сақтаған халық қана болмысын сақтап, жаһандануға жұтылмай болашаққа бағыт алады. Қазақы қасиеттерді сақтай отырып, әлемдік өрісте мәдениетімізді өрістете аламыз. Ұлттық өзегімізден ажырамас үшін жас ұрпақты рухани бұлақпен сусындатуымыз керек. Ұрпақ бойына ана сүтімен даритын ізгілік пен мейірімді, ата күшімен даритын жігерлілік пен өрлікті, өнегені ұялатып өсірсек, келер жас ұрпақ — кемел ұлт болады.

Жан дүниемізді жақсылықпен суарып, жас ұрпаққа бабалар аманатын табыстай алсақ, уақыт кеңістігінде замана желіне шайқалмайтын ар-ұжданды жоғары қоятын қоғам мен ұрпақты қалыптастыра отырып, ұлттық құндылықтарды сақтаймыз.


Туған жер бағдарламасы  — ұлттық патриотизмнің өзегі.

Ұлттық патриотизмді дамыту үшін ұрпаққа үлгі болар істі өз ұясы отбасында бойына сіңіреді.

Туған жерге сүйіспеншілік — өз отбасына, жақынына жанашырлықтан, бауырға бауырмалдықтан, ағайын-туыс, дос-жаранға қарайлаудан басталса керек.

Абайша айтсақ: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»…  Халық даналығын санамызда жаңғыртып отыратын аналарымыздың: «Өзіңді-өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер» — деген сөздері өзіңді сыйлаудың маңызын меңзесе керек.

Адам баласы үшін туған жердің, кіндік қаны тамған топырақтың қасиеті ерекше. Қайда жүрсеңде сағыныш бойыңды кернеп, санаңда тұрады. Елбасы мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы әр перзенттің елге, жерге деген махаббатын маздатып, туған топыраққа тағзым етудің жолын көрсеткендей. Өлкетану жұмыстары арқылы әр аймақтың тарихы толығуда. Өзі өскен ортаның тарихын таныған ұрпақ, елінің өткені мен бүгінін зерделеп, тарихына тағзым ете алады. Туған жер бағдарламасының ұтымды тұсы да осы! Елін, жерін, тілін сүйетін перзент тәрбиелеу.

Дәл қазір мен мұндалап көріне қоймаса да тамшылап сіңірілген ұлттық тәрбие, білім болашақта жемісін береді. Рухани құндылықтарды бойына сіңірген саналы ұрпақ — ұлт болашағы, еліміздің ертеңі. Мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар негізінде игі істер атқарылуда. Туған жер бағдарламасы  — бәсекеге қабілетті, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеудегі басты құрал. Бүгінгі атқарылып жатқан ауқымды істер алдағы уақытта өз жемісін береді. Бүгінгі жастар алған білімі мен бойларына жинаған ұлттық құндылықтарын алдағы уақытта рухани игі істері арқылы жалғастыратынына сенімдімін. Рухани дәнді сеуіп, ұлт болашағы үшін жасалып жатқан әр сөз, әр істің қайтымы — ұлтын ұлықтайтын, тілін құрметтейтін, үлкенге — құрмет, кішіге — ізет көрсететін, салтын санасына  сіңірген, анасын аялаған, атасын ардақтаған, баласын мәпелеген ұлтжанды ұрпақтар өсіп келеді.

Тұғыры биік тәуелсіз туған жеріміздің туы желбіреп,  әлемдік өрісте өркендей берейік!

Соңғы жаңалықтар