Вакцинаға жалған құжат жасату харам - Ардақ Байғабыл - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вакцинаға жалған құжат жасату харам - Ардақ Байғабыл

Вакцинаға жалған құжат жасату харам - Ардақ Байғабыл

 

  • 14 Желтоқсан 2021
  • 287
Фото - Caravan.kz

Қоғамдағы түйткілді мәселелер жайлы көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтардың шариғи тұрғыда дұрыс, бұрыстығы жайында білу үшін Caravan.kz медиа порталының тілшісі дінтанушы, блогер Ардақ Байғабылмен сұхбаттасты.

Ардақ мырза! Қазіргі таңда түрлі жаңашыл нәрсе көбейіп кетті. Чакрология, нумерология дегендер. Бұлар шариғатта құптарлық іс пе?
— Чакрология – индуизм, буддизмнен келеді. Олар адамның чакроларымен жұмыс жасайтындар. Бұл екеуі де дінімізде құпталмаған. Аллаға серік қосу болып табылады. Адамның туылған уақытымен, яғни, сандармен жұмыс жасап, болжам айту үлкен қателік. Чокрология, нумерологияға, жалпы бақсы-балгерлерге баратын болса 40 күн намазы қабыл болмайды. Ал, оларға сеніп, өліп кететін болса, Аллаға серік қосқан болып өледі деген хадис бар.
Бұларды шариғатымызға жаңашылдық әкелгендер деп айтамыз. Бұлардың бақ-балгерлерден түк те айырмашылығы жоқ. Бәрі бір ұғым. Діні бөлек мемлекеттен алып, ислам дінімен ұштастырып әкелсе онда ол микс. Ал, асыл дінімізге жаңашылдық әкелгендерге пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Кімде-кім біздің дінімізге жаңашылдық әкелсе, ол адасқан. Адасушылар — тозақта», дейді. Тіпті, бұл біздің қазақшылдығымызға жат нәрсе.
Болашақты жору – харам. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) болашақты тек Алланың нұсқауымен ғана айтпаса, өзінің тарапынан еш уақытта айтпаған. Осыны түсіну керек, білу керек.

-Вакцина алдым деп, жалған құжат жасату жайлы айтарыңыз…
-Өзім вакцинаға жалпы қарсы емеспін. Тек, мәжбүрлі вакцина дегенді мүлдем құптамаймын. Әр адамның өзінің идеологиясы болады. Заң тұрғысынан да, адамның өз таңдауы болу керек. Мен жалпы, вакцина тұрмақ, прививка салғызбаймын. Балаларым да алмаған, алдыртпаймын да. Ол менің өз таңдау құқым.
Ал, дін бойынша жалған құжат деген жасау дұрыс емес. Шариғатта екі харам келгенде, жеңілін таңда дейді. Бұл халал деген емес.
Вакцина – әлі өз межесіне жетіп, толық зерттелмеген. Жалған құжат жасату да шариғатқа сай емес. Ал, адам соның жеңіл жағын қарастырып, таңдау жасауға мәжбүрліктен барады. Яғни, рұқсат етіледі. Амал жоқтан жалған құжат жасатуға барады.

-Садақа сұрау көбейгені соншалық, қоғамымызда қайыршылар көбейіп кеткендей көрінеді маған. Шариғат осы алақан жайып сұрай беретіндерге не дейді?


— Дұрыс айтасыз. Осы жылдың көктем айында, пандемия саябырлаған кезде өтінім көп түскен. Қазақстан бойынша Каспий банктің төлемдер (платежи) бөліміне официально структура болмаса, кіргізбейді. Сол жақта 90 өтінім түскен. Қайырымдылық қорлары көп ашылып кеткен. Оның ашылуына ештеңе айта алмаймын. Садақа Алланың разылығы үшін берілетін нәрсе, сауапты іс.
Бірақ, мынадай мәселе бар. Қоғамдағы ақша сұрау, қайыр тілеу, тілемшілік деген нәрсе көп болып кетті. Мысалы біздің қор 100 отбасын таңдасақ, соның 50 пайызы алаяқтар болып шығады. Біз қайырымдылық қорымыз деп, барып көмек бере салмаймыз. Оны зерттейміз. 5-6 балам бар дегеннің 2-3 баласы бар болып шығады. Машинам жоқ дегеннің үйіне барсақ, 2 машина тұрады. Үйім жоқ дегеннің үйі, күйеуім жоқ дегеннің күйеуі бар болып шығады. Түрлі осындай алдап-арбауларға тап болып жатамыз. Кей-кездері реніш білдіріп, жұмыс жасағым келмей кеткен кездер де болды. Мұндай алаяқтықты жасайтындардың 50 пайызы әйелдер. Айтсаң тағы әйелге тиеді. Бізге қоңырау шалып, бірде-бір еркек көмек сұрамайды, сұраған да емес. Жәрдем үшін апарған пакеттегі тамақты лақтырған да әйелдер. Осы ғана ма акиматтың бергені, Нұр-Отанның бергені ма деп, азсынады. Жоқ олар емес, біздің өзіміздің қазақтың жігіттерінің, көптің көмек қолын созған жәрдемі дегенде ғана өзі лақтырған пакетті жинай бастайды. Мен де ашумен оңбаған екенсңз деп, бермей, алып кеткен кездерім де болды. Бет бақтырмай тұрған әйелдерге ашуым келеді.
Кейде қазақ десең өзіңе тиеді. Абай атамыздың керемет сөзі бар. Қазақта не жоқ десе, қазақта Құдай жоқ дейді. Билеріміздің де айтқаны бар: «Тілде бар да, ділде жоқ» деп. Тілмен айтамыз, ділде, жүректе түк жоқ.

-Ал, осы садақаны өсіммен (процент) берушілер, пара алушылар бергендердің садақасы қабыл бола ма?
— Проценттен, парадан тапқан ақшадан садақа қабыл болмайды. Біреу процент алдым деп, немесе процент беру арқылы, пара алумен көп ақша табатындар бар. Сол парадан тапқан ақшаны ақтап аламын деуі мүмкін. Бұлай жасау мүлдем болмайды. Пара, пайыз алуарқылы үлкен күнәға батып тұр.
Бұлардың бәрі дініміз бойынша харам етілген.
-Ардақ мырза! Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге көп рахмет! Алла істеріңізге береке берсін!

Соңғы жаңалықтар