"Желідегі видеоның тарауына Жақсылық Үшкемпіров себеп болған" Атышулы видеодағы жігіттің кім екені белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Желідегі видеоның тарауына Жақсылық Үшкемпіров себеп болған" Атышулы видеодағы жігіттің кім екені белгілі болды

"Желідегі видеоның тарауына Жақсылық Үшкемпіров себеп болған" Атышулы видеодағы жігіттің кім екені белгілі болды

Әлеуметтік желіде асау жылқыны үйретіп жатқан әлдебір жігіттің видеосы кең тараған болатын. Асаудың мойнына кенеше жабысқан жігіттің әрекеті көпшілікті таң қалдырған еді. Тіпті видео шетелдік журналистерді де қызықтырған болатын. 

  • 25 Наурыз 2021
  • 168
Фото - Caravan.kz

Көп ұзамай асау үйретушінің кім екені белгілі болды Шетелдіктерді де таң қалдырған Абылай Қанатұлы грек-рим күресінің бауаны болып шықты. Ол желіде таралған видеоға кім себеп болғанын өзі айтып берді.

Бұл  туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Абылай өзіңіз "Шетелді қызықтырған балуан қазақ" деген атпен кеңінен танылдыңыз. Асау жылқыларды қалай бағындырасыз?!

 — Бала кезімізден аттың құлағында өсіп, әрдайым жайлауда болып, аттың мінезін білдік. Егер сен қорықсаң, сені ол сезеді сен қорықпасаң оны да сезеді. Сондай атты жіті таныған қарапайым қазақтың қара баласымыз ғой. Біз мұсылманбыз. Алланы таныған соң, аттың үстіне отырғанда әрдайым істеп отырсақ, ат бағындыруға мұршасын береді. Басқа айла тәсілі немесе сиқыры жоқ. Бәрі бір Алланың қалауымен болады ғой.

— Сізде қорқыныш жоқ па? Жылқы бір жеріме зақым келтіреді деген.

— Жоқ қорқыныш болған жоқ. Тек сәл қобалжуым болды. Шалғыны қалай лақтырамын деген. Көптен бері лақтырмаған соң, сол сәтте өзі бір сәттілік серік болып жылқының өзі шалынып алдыма түсті. Сонда шалғыны лақтыра салып жабыса кеттім. Сол жабысқаннан ойым тек жібермеу болды. Қаншама жыл жаттығуларлың, қаншама жыл күресте жүргеннің бір септігі тиді ғой қайткенменде. Жылқы жұлқыған кезде қанша күш керек, сезіліп тұрды оның жылдамдығы қолымды жұлып кететіндей болды. Спортта жүрген соң сол нәрселерге дайын болдым. Ол тебеді немесе тістейді-ау деген ой болады ғой. Бірақ сол сәтте менің ойым тек жібермеу болды. Басқа ештеңе ойламадым.

Әлеуметтік желіде тараған видеоңыздың тарихын баяндап беріңізші. Кім түсірді, желіге кім жүктеді?!

— Жақсылық Үшкемпіров (жанны жәннәттің төрінде болсын) сол кісі жаздың ортасында спортшыларды шақырып оқу жаттығуын жасайтынбыз. Сол аралалықта ол кісі той беретін. Сол тойда жан-жақтан небір мықты азаматтар, небір мықты балуандар келетін, көкпаршылар келетін. Сол ерулік тойында қатысып, тамашалап тойлайтынбыз. Сонда қазақша күрес, көкпар, аударыспақ, асау үйрету сайыстары болатын. Сол сайыстың ортасында әрқайсысымыз қатысып әр түрлі сайысқа қатысатынбыз. Асау үйретуден ортақ шешіммен бәрі мені таңдап сол сайысқа қатысқан болатынмын.

Ал видеоға түсірген сол жердегі бір қонақ жігіттер болатын. Бірақ оларды танымадым. Не де болса қазақтың жігіттері түсірді. Алла разы болсын.


— Шетел журналисттері келіп, сізге қызығып арнайы сұхбат алып кеткені жайлы айтып өтсеңіз?!

— Журналисттер арнайы іздеп келген ия. Алматы әкімшілігіне кіріп мені сұраған екен. Аллахтың шеберлігі әрине сол сәтте менде Алматы қаласында болдым. Нұрбақыт Теңізбаев деген ағамызға келіп мені сұрап, ол кісі менің бапкеріме шығып солай тауып алды. Тағы да бір өнеріңді тамашалап көргіміз келеді деп қолқа салды. Сурет, видеоға түстік бірге. Сол үшін келген екен.

-Асау жылқыны үйрету жоспары сізде қалай пайда болды, не түрткі болды?! Екінің бірі мұндай батылдыққа бара қоймайды.

— Асау үйрету негізі жоспарда болған жоқ. Жаңағы ерулік той болып жатқанда, сол жерде сайыс болғандықтан қаншама жігіттер, небір мықтылар үйретіп жатты. Сол жерде алтыншы адамды іздеп тұрған еді. Сонда бір ортасында тұрған азаматтар мында бір спортшылар бар еді ғой, ортаға шығып өнер көрсетсін деп қолқа салды. Өзім шығып сондай өнерім болмаса да шыға салдым. Сол сәтте бәрі реттеліп сәтімен түсті.

Қазіргі таңда грек-рим спорт шебері әрі бапкер Абылай Қанатұлы өзінің жеке бизнесімен айналысуда. Және қаншалықты қауырт жұмыстары болғанымен ешқашан спорттан алыстамайтынын жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар