жұмысшылар

20 000 жұмысшы жол жиегіне қажеттерін өтеcе, «Сасықкөлге» айналмаймыз ба?

20 000 жұмысшы жол жиегіне қажеттерін өтеcе, «Сасықкөлге» айналмаймыз ба?

20 000 жұмысшы жол жиегіне қажеттерін өтеcе, «Сасықкөлге» айналмаймыз ба? Бүгін «мұнайдың қара шаңырағы» аталған Қосшағыл елді мекеніне барып қайттым. Бұл жерде де түйіні шешілмеген мәселелер бастан асады екен. 800 дей түтінтүтеткен кішігірім қазақы ауылда балалар ойнайтын бір түйір ойын алаңы жоқ. Яғни, ересек балаларымыз  бен кішкентай балаларымызға өте обал, аса қиянат жасапотырған ел екенбіз. Әлде үкімет жоғарыға «Қосшағылдың әйелдері түгел бедеу»деген ақпарат таратты ма екен? Бүгін біз ұрпағымызды ойлай алмасақ, онда ол ұрпақтан ертеңгі күні үміт те күтпей-аққояйық! Қосшағыл көшелері тастай қараңғы! Әрине сосын көр қараңғы тас түнектешайтан есіреді. Қосшағыл көшелеріне аспалы жарық шамдар қондырып қоюғаболмас па екен? Қосшағылда жарты сағат отырып демалып алатын бір түйір  саябақжоқ екен. Сонда бұл елді мекеннің адамдары демалуды білмейтіндей кронаменжасайтын сағат секілді ме екен? Әлде Қосшағыл тұрғындары бұл нәрселердіңбіреуіне де лайық емес пе? Бұл жерге міндетті түрде ересек балаларға арналған«футбол алаңдары» мен кішкентай сәбилерімізге арналған «мултиойын алаңдары»салыну керек! Тас жолдары жөнделіп...