07.1 Ұлттық лигадағы ел чемпионатының алғашқы турында алматылық волейболшы жігіттер жеңіліссіз келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
	
07.1
Ұлттық лигадағы ел чемпионатының алғашқы турында алматылық волейболшы жігіттер жеңіліссіз келе жатыр

07.1 Ұлттық лигадағы ел чемпионатының алғашқы турында алматылық волейболшы жігіттер жеңіліссіз келе жатыр

Алматыдағы «Темір дос» спорт кешенінде волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында Ұлттық ХХ Қазақстан чемпионатының 1-туры өтіп жатыр.

  • 7 Қараша 2011
  • 338
Фото - Caravan.kz

Алғашқы 3 күннің қорытындысы бойынша жарыс қожайындары жеке-дара көш бастауда. «Алматылық» волейболшылар Қызылжардың «Есілі» (25-18, 25-20, 25-22) мен Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылысын» (25-18, 25-17, 25-17) 3:0, ал Хромтаудың «ТНК «Қазхромын» (15-25, 25-21, 25-16, 31-29) 3:1 есебімен тізе бүктірді. Айналым жүйесі бойынша өтіп жатқан бұл жарыста бүгін барлық командалар біркүндік демалыс алды. Алматылықтар келесі ойындарын «Атырау» (Атырау) мен «Конденсат» (Орал) командаларымен өткізеді.

Кеше атыраулықтар оралдықтарды 3:1 есебімен ұтқан болатын. Олар бұған дейін қызылжарлықтарға 0:3, өскемендіктерге 1:3 есебімен есе жіберді. Ал оралдықтар өскемендіктерден 1:3, хромтаулықтардан 0:3 есебімен ұтылған еді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера