1 ақпаннан бастап телефон байланысының абоненттік төлемі 20 пайызға қымбаттайды
![]() |
Қазақстанда 1 ақпаннан бастап телефон байланысының абоненттік төлемі 20 пайызға қымбаттамақ. |
2013 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің байланыс және ақпараттандыру комитетінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы №79 бұйрығына сәйкес, телефон байланысы қала және ауылдық жерлердегі абоненттер үшін 20%-ға қымбаттайды және ғаламтор желісіне ұжымдық қосылу қызметінің бағасы 5%-ға арзандайды, деп хабарлайды BAQ.kz «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалалық және ауылдық жерлерде кәсібін дөңгелетіп отырған нотариус, адвокат және жеке кәсіпкерлер үшін ай сайынғы абоненттік төлем бір телефон аппараты үшін 6,1%-ға қымбаттайды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін