”1 голдың құны 1 млрд”: Журналист қазақ футболындағы сұмдықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”1 голдың құны 1 млрд”: Журналист қазақ футболындағы сұмдықты жайып салды

”1 голдың құны 1 млрд”: Журналист қазақ футболындағы сұмдықты жайып салды

Спорт журналисі әрі қоғам белсендісі Аслан Қаженов қазақ футболындағы былықтың беті ашылып жатқанын мәлімдеді.

  • 3 Мамыр
  • 77
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“1 гол 1 млрд теңге тұрады…

Бұндай жағдай Қазақстанда ғана болуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік отандық футболдағы былықтарды әшкерелеуге білек сыбана кірісті. Соның нәтижесін көріп, жағамды ұстап отырмын. «Аслан, сен футболды түсінбейсің. Сондықтан ештеңе айтпай-ақ қой» — деп бет бақтырмайтындар сіздерге арналады. Плюс басшылардың астауынан су ішіп, оларға шаң жуытпайтындар да ескере жүрсін.

Соңғы 6 жылда еліміздегі футбол клубтарына 195 млрд теңге бөлінген. Бұл – өте үлкен сома. Ал, оның бюджеттен алынатынын ескерсек, масқара жағдай. Өкініштісі сол, барлығы дерлік Президент қойған лимиттен артық ақша алып отырған. Яғни, тапсырмасын орындамаған. «Ол тек ауызша айтылды. Заңмен бекітілмеді» — деген желеулер айтқан. Соншама қаржыны асап келген командалар, еще соңында қарыз болып қалады ғой. Қарыздың жалпы сомасы 30 млрд теңгені құрап отыр.

Енді әлгі ақша қайда кетті дейсіз ғой. Үлкен бөлігі – легионерлерге. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілі «Астана» клубын мысал қылады. Елордалық командаға 50 млрд теңге бөлінген. Оның 24 млрд теңгесі шетелдік ойыншылар мен бапкерлер жалақысына жұмсалған. Тіпті, мынадай да жағдай болыпты. «Астана» ойыншыларының бірін «Карабах» командасына жалға береді. Сол аралықтағы жалақысы жүре береді. Одан кейін келісімшартты бұзғаны үшін тағы ақша төлейміз. Вообщым соңында соған шыққан шығынның жалпы көлемі 1 млрд теңгені құрапты. Аталған ойыншы «Астана» сапында 1 ғана гол соққан. Яғни, 1 голдың құны — 1 млрд теңге.

Бұдан басқа да былық көп. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік берген мәлімет 10 беттен асады. Оның ішінде агенттердің әпенде әркеттері, шетелдегі жаттығулардың схемалары, инфрақұрымға қатысты мәселелер бар. Қазақстан чемпионатының түрі анау. Трансляцияның түрі мынау. Плюс биыл легионерлерге лимитті алып тастап, тіптен, каша қылып жібердік қой. Неге сондаймыз? Отандық футбол дегенде неге халықтың жүйкесі жұқаруы қажет? Қалтасын қағып жатқаны бір бөлек. Моральдық тұрғыда да әбден бітірдіңдер ғой. Кім жауапты? Әлде, осылай қазанның бетін жылы жаба салып, ары қарай дым болмағандай жүре береміз бе? Мен үнемі айтамын. Біз мына түрімізбен жақын болашақта адам болмаймыз…”, — деп жазды ол.