1 қыркүйек - демалыс: министр сабақ қашан басталатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 қыркүйек - демалыс: министр сабақ қашан басталатынын айтты

1 қыркүйек - демалыс: министр сабақ қашан басталатынын айтты

1-сыныпқа баратын балалар үшін 1 қыркүйекті өткізуге рұқсат берілді

  • 24 Шiлде
  • 8
ФОТО: Sputnik.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев биыл демалысқа түсетін 1 қыркүйек — білім күні қалай өтетінін айтты.

Биыл Конституция күні сенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты демалыс дүйсенбіге — 1 қыркүйекке ауыстырылып отыр. Сондықтан биыл жаңа оқу жылын 2 қыркүйекте бастауға шешім қабылданды.

“2 қыркүйектен негізгі сабақтар басталады. Бірақ бірінші сыныпқа баратын балалар үшін 1 қыркүйектің символдық мәні бар. Ата-аналар оны да айтқан. Сондықтан әрбір мектептің педагогикалық ұжымы шығарған шешімі негізінде бірінші сыныпқа баратын балалар үшін 1 қыркүйекті өткізуге рұқсат беріп отырмыз. Ал жаңа оқу жылы 2 қыркүйекте басталады”, — деді Бейсенбаев үкіметте өткен брифингте.

Айта кетері, былтыр 1 қыркүйек жексенбіге түскен. Сол кезде бірінші қоңырауға арналған шараға мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған оқушылар мен 11-сыныпқа өткен оқушылар қатысты.

Перейти к новостям спорта