1 мамырдан бастап Ұлы Отан соғысы ардагерлері ТМД елдеріне тегін қатынай алады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 мамырдан бастап Ұлы Отан соғысы ардагерлері ТМД елдеріне тегін қатынай алады

1 мамырдан бастап Ұлы Отан соғысы ардагерлері ТМД елдеріне тегін қатынай алады

Мұндай іс республикалық "Жеңіс" әлеуметтік-қайырымдылық акциясының негізінде жүзеге асқалы отыр.

  • 27 Сәуiр 2018
  • 63
Фото - Caravan.kz

Республикалық "Жеңіс" әлеуметтік-қайырымдылық акциясы негізінде биылғы жылдың 1 мамырынан бастап 31 желтоқсанға дейін Ұлы Отан соғысы ардагерлері Қазақстан бойынша және Қазақстаннан ТМД елдеріне тегін қатынай алады, деп хабарлайдыToday.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Игі істі "Самрұқ Қазына" әл-әуқат қоры мен "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы бірлесе ұйымдастырып отыр. Биыл барлық соғыс ардагерлері теміржол тасымалын тегін қолдана алады. 

Ардагерлерге купедегі орындар, мүмкіндігі шектеулі соғыс ардагерлеріне "Talgo" вагондарындағы арнайы купелер қарастырылған. 

Сондай-ақ "Жолаушылар тасымалы" соғыс ардагерлерін барып-келу кезінде тегін тамақпен де қамтамасыз етеді. 

Оқи отырыңыз:

Эстрада өкілдерінің көбі жанды дауыста ән айтса масқарасы шығып қалатындарын біледі — Жан Мұқанов

Астана медицина университетінен шығарылған студенттердің оқу үлгерімдері жақсы болған

Павлодар облысына қытайлар зауыт ашуға келді