1 маусымға "Қазгидрометтің" болжамы
«Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін Қазақстанның шығыс бөлігінде- жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күшті жел тұрады. |
Жекелеген аумақтарға бұршақ түсуі ықтимал. Антициклон тарамдарының ықпалында болатын республиканың батыс және оңтүстік өңірлерінде күн аздап бұлтты, ашық болады. Мәселен, Ақмола облысының кей жерлерінде 18-23 м/с күшпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғып, бұршақ түсуі ықтимал. Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Алматы облыстарының кей аумақтарында жел көтеріліп, оның екпіні секундына 15-20 метрді құрайтын болады.
Маңғыстау облысының өзендерінің жағалауын тұман басады деп болжанса, Оңтүстік Қазақстан облысында секундына 15-20 метр күшпен соғатын ұйытқыма желге шаңды дауыл араласпақ.
Синоптиктердің таратқан ақпаратына сүйенсек, сәрсенбі күні Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлеріне жоғары өрт қаупі төнеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін