1 маусымға "Қазгидрометтің" болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 маусымға "Қазгидрометтің" болжамы

1 маусымға "Қазгидрометтің" болжамы

«Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін Қазақстанның шығыс бөлігінде- жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күшті жел тұрады.

  • 1 Маусым 2011
  • 394
Фото - Caravan.kz

Жекелеген аумақтарға бұршақ түсуі ықтимал. Антициклон тарамдарының ықпалында болатын республиканың батыс және оңтүстік өңірлерінде күн аздап бұлтты, ашық болады. Мәселен, Ақмола облысының кей жерлерінде 18-23 м/с күшпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғып, бұршақ түсуі ықтимал. Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Алматы облыстарының кей аумақтарында жел көтеріліп, оның екпіні секундына 15-20 метрді құрайтын болады.
Маңғыстау облысының өзендерінің жағалауын тұман басады деп болжанса, Оңтүстік Қазақстан облысында секундына 15-20 метр күшпен соғатын ұйытқыма желге шаңды дауыл араласпақ.

Синоптиктердің таратқан ақпаратына сүйенсек, сәрсенбі күні Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлеріне жоғары өрт қаупі төнеді.

Соңғы жаңалықтар