1 маусымнан бастап Нұр-Сұлтанда балабақшалар өз жұмысын бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 маусымнан бастап Нұр-Сұлтанда балабақшалар өз жұмысын бастайды

1 маусымнан бастап Нұр-Сұлтанда балабақшалар өз жұмысын бастайды

Нұр-Сұлтан білім басқармасы 1 маусымнан бастап барлық балабақша мен қосымша білім беру ұйымының жұмысын штаттық режимде жалғастыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

  • 22 Мамыр 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылдың 18 мамырынан бастап мектепке дейінгі ұйымдар меншік түріне қарамастан "кезекші топ" режимінде, бірінші кезекте, баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін және ата-аналардың қалауы бойынша күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өз жұмысын қайта бастады", — деді білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова

Оның айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдарға дайындыққа қатысатын балалар 1 тамызға дейін балабақшаларға барады.

"1 маусымнан бастап барлық балабақша мен қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын штаттық режимде бастау жоспарланып отыр", — деді Қадырова.


Елордада 377 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, онда 55 708 бала оқиды. Оның ішінде: 94 — мемлекеттік, 237 — жекеменшік балабақша, оның ішінде 214 — мемлекеттік білім беру тапсырысы, 43 — шағын орталық, 3 — ведомстволық ұйым. Орта білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі топтарында 3 485 бала білім алады. 

Соңғы жаңалықтар