1 маусымнан бастап «Скутер» акциясы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 маусымнан бастап «Скутер» акциясы басталады

1 маусымнан бастап «Скутер» акциясы басталады

1 маусымнан бастап республикада «Скутер» акциясы басталады, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 30 Мамыр 2011
  • 452
Фото - Caravan.kz

Соңғы жылдары Қазақстанда шағын өлшемді кемелер қатарына жататын катамаран, қайық, суда жүзуге арналған мотоцикл (гидроциклдар) сияқты әртүрлі жүзуге арналған құралдарды қолданып суда демалу кеңінен тарап келеді. Шағын өлшемді флоттың саны Қазақстан акваториясында соңғы 5 жылда 50 пайызға өсіп, қазір шамамен 30 мыңға жетті.

Су қоймаларындағы кемелердің қозғалысы едәуір жиілеп келеді, кемелердің қозғалыс жылдамдықтары аса жоғары. Сонымен бірге, маневр жасау үшін едәуір кеңістікті қажет ететін су спортына қызығушылықтың ұлғаюы байқалып отыр. Су жолдарындағы «кептеліс» туралы айту әлі ертерек, дегенмен «техниканың беріктігі» және «кеме жүргізушінің сауаттылығы» терминдері қауіпсіздігін қамтамасыз ету басым талаптардың қатарына жатады.

Гидроциклдер деп аталатын скутерлердің иелері суда қозғалудың қарапайым ережесін жиі естен шығарады. Желікпе кеме жүргізушілері жеке қауіпсіздік шараларын елеместен, суға түсушілерге тікелей жақын жерлердегі жағажай аймақтарында қауіпті маневрлер жасайды. Мұндай судағы аттракционды сауықтар адамның ажалына немесе мүгедек болып қалуы сияқты қайғылы оқиғаға әкеп соғады. 2010 жылы шағын өлшемді флотта апаттың өсуі байқалды. Статистика бойынша 14 адам қаза тапқан, 5 адам хабарсыз кеткен және 6 адам зардап шеккен 14 оқиға тіркелді.

Былтырғы жылдың өзінде Қарағанды облысындағы Балқаш көлінде су мотоциклі иелерінің кемені басқару құқы жоқ тұлғаларға беру нәтижесінде су мотоциклімен болған оқиға салдарынан екі адам дене жарақатын алған жасырын көлік оқиғасының екі фактісі тергелді. Бұдан басқа құқық бұзушылықтың негізгі себебі кеме жүргізушілердің нормативтік құқықтық актілерді білмеуі, мас күйінде кемені басқаруы, сондай-ақ қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұстанбауы болып отыр. Осыған орай суға түсу маусымының басталуына байланысты көліктік бақылау органдары шағын өлшемді кемелерді пайдалану қауіпсіздігіне ерекше назар аударып отыр.

Былтырғы жылы азаматтардың облыс орталықтарына шығуға мүмкіндігі болмағандықтан көліктік бақылау органдарының мамандары Қызылорда облысы бойынша алыс аудандарда шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу және техникалық куәландыру жүргізді. Қарағанды облысы бойынша демалу аймақтары саны жағынан көп болғандықтан, облыс әкімдігінің қаулысымен шағын өлшемді кемелерді және оларға арналған тұрақ базасын (құрылыстардың) қолданудың жергілікті ережесі бекітілді және іске асырылуда.

Көліктік бақылау органдары Төтенше жағдайлар, Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрліктерімен өзара іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізуде, суда болған оқиғалар туралы хабарлау жүйесі құрылды және ол жұмыс жасауда.

Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әділет Барменқұловтың тапсырмасына сәйкес навигация басталар алдында өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының және республика бойынша олардың барлық филиалдарының мамандарымен жыл сайын демалу аймақтарының және тұрақ-базасының иелерімен нұсқама жүргізіледі және олардың дербес жауапкершіліктері бекітіледі.

Сонымен қатар ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті шағын өлшемді кемелердің қауіпсіз пайдаланылуын реттейтін нормативтік-құқықтық акті әзірлеп, оны бекіту үшін ҚР Үкіметіне жолдады. Пайдаланудың көп жылғы тәжірибені және шетел тәжірибесін ескере отырып, шағын өлшемді кемелерді және олардың тұрақ базасын (құрылыстарды) қолдану, техникалық қадағалауды жүргізу тәртібі, көлік оқиғаларын тергеу, кемелерді мемлекеттік тіркеу және шағын өлшемді кемелерді басқаруға кеме жүргізушілерді аттестациялау қағидалары жаңартылды.

Үстіміздегі жылғы 1 маусымнан бастап адамдар көп демалатын жерлерде жоғары жылдамдықты, серуенге арналған, спорттық және басқа да шағын өлшемді кемелердің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыру болып табылатын жыл сайынғы республикалық «Скутер» акциясы басталады.

Акция суға түсу маусымы бойы жалғасады. Акция барысында өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының мамандары су қоймалары аумағында, адамдар көп жиналатын жерлерде рейд жүргізеді, кеме құжаттарын, құтқару құралдарының болуын тексереді.

Көліктік бақылау комитетімен жүргізілетін іс-шаралар қатарында судағы қауіпсіздік мәселелерінде азаматтардың өздерінің қырағылығы айтарлықтай рөл атқарады.

Соңғы жаңалықтар