1 мың доллар пара ұсынған мемлекеттік мекеме басшысы 3 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 мың доллар пара ұсынған мемлекеттік мекеме басшысы 3 жылға сотталды

1 мың доллар пара ұсынған мемлекеттік мекеме басшысы 3 жылға сотталды

Қаржы полициясының қызметкеріне 1 мың доллар пара ұсынған мемлекеттік мекеме басшысы 3 жылға сотталды.

  • 10 Маусым 2011
  • 490
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қарағанды облысындағы «Теміртау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Оспанов 2010 жылғы сәуірде дүкенде алкоголь өнімдерін сақтау және сатуға лицензияның бар-жоғын тексеру кезінде мәселені оң шешу үшін қаржы полициясының қызметкеріне 1 мың АҚШ доллары көлемінде пара ұсынған.

Сонымен қатар А.Оспанов өзінің қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, дүкеннің тұрған жері мектепке жүз метрден жақын екенін біле тұрып, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшектеп сату құқығы туралы мемлекеттік лицензияға қол қойып, жеке кәсіпкерден 2 мың АҚШ доллары сомасында ақша алған.

Теміртау қалалық сотының үкімімен А.Оспанов пара беріп, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланды деген айыппен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар
Хиджап киюге тыйым салынды
Жаңалықтар 23 Маусым