Бұл күн Қазақстанда 2016 жылдан бері Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен атап өтіледі. Ол еліміздің дамуы мен гүлденуіне үлес қосқан әр адамға деген ризашылық пен құрметтің терең мағынасын білдіреді. Бұл патриотизмнің, келісім мен бірліктің, достық пен өзара құрметтің символына айналды. Мереке өскелең ұрпаққа тәрбие беріп, тарихи жадымызды сақтау сияқты маңызды міндетті орындайды.
Қазақстанның көпұлтты отбасы – бірнеше көші-қон толқынның нәтижесі. Қазақ жеріне қоныс аударған этностардың елімізді өзінің туған үйіндей қабылдап, мекендеуіне қазақ халқының сіңірген еңбегі зор.
Баршаңызға баянды бақыт, мықты денсаулық, ашық аспан, өзара түсіністік пен қолдау тілейміз! Бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!