1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасындағы халық санағына дайындық жұмыстары басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасындағы халық санағына дайындық жұмыстары басталады

1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасындағы халық санағына дайындық жұмыстары басталады

Астана. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - 1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасындағы халық санағына дайындық жұмыстары басталады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Статистика жөніндегі агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Қыркүйек 2008
  • 456
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының үкіметі 2009 жылдың 25-ақпаны мен 6-наурызы аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын жүргізу туралы 2007 жылдың 28-қарашасындағы №1138-ші «2009 жылы Қазақстан Республикасында ұлттық халық санағы туралы» қаулыны қабылдады.

ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, 2008 жылдың қазан айының 1 мен 24 жұлдызы аралығында ұлттық санаққа басты дайындық жұмыстары жүргізіліп, елдімекендер мен үйлердің тізімі жасалады. Бұл жұмысқа арнаулы оқылған 9531 регистратор қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар