1 қыркүйекте ел өңірлерінде қандай ауа райы сақталмақ? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 қыркүйекте ел өңірлерінде қандай ауа райы сақталмақ?

1 қыркүйекте ел өңірлерінде қандай ауа райы сақталмақ?

1 қыркүйекте Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты

  • 1 Қыркүйек 2015
  • 480
Фото - Caravan.kz


тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз республиканың солтүстігінде бұршақ болуы ықтимал, жел күшейеді. 

Тек оңтүстік, оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болады, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с соғады, түнде тұман болады. Павлодар күндіз Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысында найзағай ойнайды. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында ыстық болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар