1 шілдеде Астанада "Туған күніңмен, Астана!" балалар мерекесі өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 шілдеде Астанада "Туған күніңмен, Астана!" балалар мерекесі өткізіледі

1 шілдеде Астанада "Туған күніңмен, Астана!" балалар мерекесі өткізіледі

2011 жылдың 1 шілдесінде сағ. 11:00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің мұражайында Астана күні мерекесінің қарсаңында қаланың кішкентай бүлдіршіндеріне «Туған күніңмен, Астана!» атты балалар мерекесі өткізіледі.

  • 29 Маусым 2011
  • 865
Фото - Caravan.kz

Мұражай қабырғасындағы балалар мерекесі ұраны патриотизм болып табылатын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп жүрген іс-шаралардың қатарында.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті мұражайы өзінің оқу-ағарту қызметі аясында балалардың дамуы үшін көп мәдениеттілік контекстінде қызмет жасауға бағыт алған, мектепке дейінгі балалардың алуан түрлі салт-дәстүрлермен танысуы олардың түрлі мәдениетке құрметпен қарауын қалыптастырып қана қоймай, төзімділікке де тәрбиелейді.

Мұражайдың мектепке дейінгі мекемелермен ынтымақтастық негізінде жұмыс жасауы игі дәстүрге айналды. Биік өнегелік қасиеттердің дамуында тұлғаның мектепке дейінгі қалыптасатын кезеңіндегі мүмкіндіктердің ықпал ететіні сөзсіз.

Баланың балалық шағында қоршаған ортаға құрметпен қарым-қатынас жасауы арқылы патриоттық сезімдері қалыптасып, бірте-бірте жақын адамдарына, балабақшаға, туған жеріне, еліне махаббатқа тәрбиелеудің негізінде дамиды.

Қазақ халқының аңыздары мен ертегілері, Қазақстан астанасы – Астана туралы әндер мен өлеңдер, достық пен бақытты балалық шақ жайында баяндайтын балалар мерекесі қалалық № 20 «Арайлым» балабақшасының ұжымымен бірлесе дайындалды. Балаларға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар дайындалды.

Соңғы жаңалықтар