1 тамыздағы күн тұтылу ең жақсы көрінетін Алтай өңірі мыңдаған туристерді күтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 тамыздағы күн тұтылу ең жақсы көрінетін Алтай өңірі мыңдаған туристерді күтуде

1 тамыздағы күн тұтылу ең жақсы көрінетін Алтай өңірі мыңдаған туристерді күтуде

Павлодар. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - 1 тамыздағы толық күн тұтылу ең жақсы көрінетін Қазақстанмен шекаралас Ресей Федерациясының Алтай өңірі мыңдаған туристерді күтуде. Бұл туралы кеше "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Барнаул планетарийі" муниципалдық ұйымынан хабарлады.

  • 4 Шiлде 2008
  • 1767
Фото - Caravan.kz

Барнаул планетарийінің директоры, РФ еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Галина Шкловскаяның айтуынша, Барнаулдағы толық күн тұтылысын бақылау үшін 4 нүкте ашылады. Олардың ең бастысы планетарий ғимаратында орналасады.

Ғалымдардың хабарлауынша, ені шамамен 250 шақырымды құрайтын тұтылу жолағы Новосибирск — Ташанта федералдық тас жолдың үстінен өтеді.

Барнаул планетарийінің мамандарының ақпаратына сүйенсек, Астана уақытымен 15.48-де Ай дискісі Күннің оң жақ шетіне жанасады да жартылай тұтылу басталады. 16.47-де Ай Күнді толығымен жабады. Толық күн тұтылысы 2 минут 15 секунқа созылады да, 16.49-да Күн дискісінің оң жақ шеті Ай көлеңкесінен біртіндеп арыла бастайды. 17.48-де күн тұтылу толығымен аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта