Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2025 жылғы 29 шілдеде Энергетика министрінің міндетін атқарушы «Электр энергиясына шекті тарифті бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес, электр энергиясын өндіретін компаниялардың тарифі келесідей өзгереді.
— Т. И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС — тариф 22,58 теңгеден 23,25 теңгеге дейін көтеріледі (1 кВт/сағ үшін).
— Ақтөбе ЖЭО — 17,54 теңгеден 18,19 теңгеге дейін.
— «Жайыктеплоэнерго» АҚ — 13,25 теңгеден 13,95 теңгеге дейін.
— МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» — 22,16 теңгеден 23,26 теңгеге дейін.
— «Кристалл Менеджмент» АҚ — 15,27 теңгеден 16,09 теңгеге дейін.
— «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС — 21,11 теңгеден 23,58 теңгеге дейін.
— «З-Энергоорталық» — 16,77 теңгеден 18,46 теңгеге дейін.
— «Қызылордажылуэлектроорталығы» — 12,10 теңгеден 13,13 теңгеге дейін.
— «Батыс Пауэр» ЖШС — 15,89 теңгеден 17,63 теңгеге дейін.
— «Karabatan Utility Solutions» ЖШС — 10,67 теңгеден 13,06 теңгеге дейін.
— «OzenMunaiProm» ЖШС — 26,92 теңгеден 28,68 теңгеге дейін.
— ТНК «Қазхром» АҚ — 10,67 теңгеден 11,65 теңгеге дейін.
— «ССГПО» АҚ — 18,82 теңгеден 18,94 теңгеге дейін.
Сондай-ақ электр энергиясын өндіруші ұйымдардың 63-тобына арналған тариф 1 кВт/сағ үшін 44,02 теңге болып белгіленді.
Бұйрық 2025 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.