БАҚ беттерінде келесі жылдан бастап БЖЗҚ қарыздары бар қазақстандықтардың шоттары бұғатталады деген ақпарат тарап жатыр. Шоттарды шынымен де 1 теңге үшін бұғаттауы мүмкін бе? Caravan.kz тілшісі анықтап көрді.
Шын мәнінде мемлекет жазаны жеңілдетеді. Қалай? Талдайық.
Қазір әлеуметтік аударымдар немесе зейнетақы жарналары бойынша 1 теңге қарызыңыз болса да, салық органдары шотыңызды бұғаттап тастайды. Шағын және орта кәсіп иелері осындай оқылықтардан зардап шегетін.
2026 жылдың 1 қаңтарынан не өзгереді?
Енді «Төзімділік шегі» енгізіледі. Яғни шотты белгілі бір қарыз сомасынан асқан жағдайда ғана бұғаттай алады. Нақтырақ қарыз 6 АЕК-тен асқанда бұғатталады.
2026 жылғы АЕК — 4325 теңге, яғни 25 950 теңге. Егер қарыз осы сомадан төмен болса шот бұғатталмайды, тек ескерту жіберіледі.
Бұл кімдерге қатысты?
Ең алдымен жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнеске тиімді болады. Қазір «қара тізімде» 133 мың борышкер бар. Соның 98 мыңы (73%) 4000 теңге көлемінде болмашы қарыздары үшін тіркелген. Қазір олардың шоттары осы қарызы үшін бұғатталып, жұмыстары тоқтап тұр. Келесі жылы бұлай болмайды.
Қарыздары шекті сомадан асқандарды жазалау келесі тәртіп бойынша жүзеге асады.
- Алдымен хабарлама жіберіледі.
- Танысуға 5 жұмыс күні беріледі.
- Қарызды төлеуге тағы 10 жұмыс күні беріледі.
- Төлем жасалмаса – шот бұғатталады.
Маңызды нюанс
Бұғаттау ішінара болады. Шоттағы тек қарыз мөлшеріндегі сома бұғатталады. Қалған ақшаны еркін пайдалануға болады. Егер қолма-қол операциялар болса, кассалық қызметтер толық тоқтатылады.
Қай құжаттарға сүйенеді?
Өзгерістер бизнес жүргізу мәселелері бойынша түзетулер пакетінде және Әлеуметтік кодекстің 256-бабында бекітілген. Әлеуметтік төлемдер бойынша 6 АЕК-пен шектеу Салық кодексінің 118-бабындағы салық берешегіне арналған осындай шекпен сәйкестендіріледі.
Мұны не үшін енгізді?
Айта кетейік, 2024 жылы қыркүйекте Президент нақты тапсырма берген еді.
Тиын-тебен үшін бизнесті «қорқытып-үркітуді» тоқтату керектігін тапсырған.
100 теңгелік қарызды әкімшілендіру мемлекетке сол қарыздың өзінен қымбатқа түсетін.
Қандай жарналар бар?
— МЗЖ (10%) – барлық қызметкерлер төлейді.
— БЖЗҚ (2025 ж. – 2,5%) – жұмыс беруші төлейтін жаңа жарна.
— МКЗЖ (5%) – зиянды еңбек жағдайындағы қызметкерлер үшін.
— МӘМС және ӘА – медициналық сақтандыру және әлеуметтік аударымдар.
Осы жарналардың кез келгені бойынша қарыз болса хабарлама келеді. Бірақ бұл жағдайды пайдаланып қарызды созуға болмайды, өсімпұл бәрібір есептеледі.