1 жасар Арман мемлекеттің квотасымен Кореяға емделуге аттандырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 жасар Арман мемлекеттің квотасымен Кореяға емделуге аттандырылуда

1 жасар Арман мемлекеттің квотасымен Кореяға емделуге аттандырылуда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің квотасы бойынша басындағы үлкен ісікке ота жасату үшін Арман Жанділдә Кореяға ұзақ мерзімдік емдеуге жіберіледі.

  • 9 Қаңтар 2013
  • 437
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ДСМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бірнеше ай бұрын пайда болған қатерлі ісік баланың бетінің жартысын жауып тастаған. Химиялық терапияның екі курсынан кейін ісік көлемі біршама азайғанымен, көп ұзамай қайтадан пайда болды. Нәрестенің көз жанарын сақтап қалу үшін ісікті алып тастауға аса күрделі ота жасату қажет.

Осыған орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бүгін тура бір жасқа толатын Арман Нұрланұлы Жанділдәны квота бойынша Кореяға — Сеул Ұлттық университетіне ұзақ мерзімге емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады. Баланың жанында анасы және Алматыдағы емдеу ұйымдарының бірінің дәрігері болады.

Ұшу 2013 жылғы 10 қаңтарға жоспарланып отыр.