1 жасар астаналық бүлдіршінге қаржылай көмек қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 жасар астаналық бүлдіршінге қаржылай көмек қажет

1 жасар астаналық бүлдіршінге қаржылай көмек қажет

Көмек кішкентай астаналық Аңсар Оразбайға да қажет. 4 келі 400 грамм болып туылған бала ертеңінде-ақ бірден өз салмағын жоғалтып, аурушаң болып қалған.

  • 16 Қараша 2012
  • 327
Фото - Caravan.kz

Күніне 20 мәрте талмасы ұстайтын бүлдіршінге дәрігерлер әлі күнге диагноз қоя алмай келеді. 1 жастан асса да Аңсар басын дұрыс ұстамақ түгілі, денесін де көтере алмайды. Еңбектеп, жүру дегенді мүлдем білмейді. Анасы болса жалғыз сәбиінің бұл науқастан айығып кетеріне сенімді. Тек сол арманын орындауға қалтаның таяздағы қолбайлау болып отыр. Сырқат баланың бір дәрісінің өзі 30 мың теңге тұрады. Оның өзін біздің елімізде тіркелмегендіктен Германиядан тапсырыс беріп алдыртады. Ем-дом да осы елде жасалады екен. Алайда ол үшін 60 мың АҚШ доллары қажет. Бар үмітім-мейірімді жандарда дейді жалғызбасты ана.  


Гүлниса Бөлекбаева, Аңсардың анасы:

— Баламды жалғыз өзім өсіріп жатырмын. Қаражат жағынан қиынырақ. Егер ақшалай көмек болса, әрі қарай ем қабылдар едік.

Соңғы жаңалықтар