1 жасар сәбиінен айырылған Айгүл Қосанова көзіне жас алды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 542.03
  • 627.29
+31 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 жасар сәбиінен айырылған Айгүл Қосанова көзіне жас алды (ВИДЕО)

1 жасар сәбиінен айырылған Айгүл Қосанова көзіне жас алды (ВИДЕО)

ҚР Халық әртісі Айгүл Қосанова 20 жыл бұрын 1 жасар сәбиінен айырылғанын айтып, көзіне жас алды.

  • 14 Шiлде
  • 201
Screenshot

Бұл туралы ол “Мамский әңгіме” YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Атын бірінші қызым қойып, оны Әлібек деп атын қойдық. 1 жасқа толғанда Әлібек Дінішевке тұсауын кестірдік. Желтоқсанның ортасында балам ауырды. Емханаға барғанда дәрігер маған “тез арада ауруханаға жатыңыз” деді. Қазір ойласам, “не үшін” дегенді сұрамадым деп ойлаймын. 26 желтоқсанда ауруханаға түстік. 30 желтоқсан күні балам емшек те ембей, су да ішпей қойды. Сұлып жатып қалды. Бөлімшеде түннің ішінде дәрігер таба алмадым. Жансақтау бөліміне сырттан бару керек болатын. Баламды орап алып жансақтау бөліміне бардым. “Балам өлейін деп жатыр. Ал баламды” деген кезде түнде кезекшілікте болған дәрігер менен ақша сұрады. Түнде күйеуімді шақырып, ақшасын беріп, сосын баламды жансақтау бөліміне алды. Екі күннен кейін балам комаға түсіп кетті. Жағдай қиындай түсті, жаңа жыл болды. Бауыры бас тартып, диализ жасауға бір құрылғы керек болды. Соны Мәскеуден алдырттық, бала 14 күн жатты. Қайтыс болуына 1 күн қалғанда “өзі дәретке барып жатыр, бәрі жақсы” деді. Содан кейін 1 күннен кейін жүрегі тоқтады”, — деп ағынан жарылды әнші.