Жамбыл облысының әкімдігі көлемі сұқ саусақтай кішкентай батарейкаларды сатып алуды жоспарлаған екен, дейді Telegram-дағы каналдардың бірі.
Бұл туралы Caravan.kz порталы Zakon.kz-ға сілтеме жасап хабарлады.
Бірақ ол батарейкалардың бағасы сұмдық: бір данасының құны 901 700 теңге! Барлығы 10 тал батарейка алу үшін жалпы 9 млн 17 мың теңгені бөліп қойып, мәз боп отыр еді, қызық сосын басталды:
Антикор мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сатып алу жоспарланған батарейкалардың бағасы тым асыра көрсетілгенін байқап қойып, әкімдікке бағаны қайта қарастыруға кеңес берумен ғана шектелді, делінеді хабарламада.