Польшаның Мейсц-Оджаньск ауылында он жылдан бері тұңғыш рет ұл бала дүниеге келді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Daily Mail басылымы жазыпты.
Мейсц-Оджаньскте 2010 жылдан бері тек қана қыз балалар туып келген. Тіпті 2019 жылы ауылдың мэрі Раймунд Фришко ұлды болған отбасыны маратпаттайтынын жеткізген. Бұған қоса ол ауылдағы бір көшеге туған ұлдың есімі берілетінін алға тартты
Осылайша 2 мамыр күні Анна және Гжегож Милек есімді ерлі-зайыпты ұл сүйіпті. Балаға Бартек есімі қойылған.
"Коронавирус пандемиясы жағадан алғанда, бұл сондай керемет жаңалық болды", — дейді Фришко.
Сөзінше, сәбидің дүниеге келуі ауылдың болашағы үшін зор болмақ. Бұған қоса Фреско марапат жайлы ұмытпағанын, дегенмен оны кейінірек сыйлайтынын жеткізген. Сонымен қатар баланың ата-анасы да сұқбат беруден бас тартқан.
Марпаттың қандай болатынын ауыл мэрі айтпаған сыңайлы.