А.Дерновойдың мәліметіне жүгінсек, қазір шипажайлар мен дауажайлардың 10 проценті мемлекет билігінде. «Кеңестік кезеңде жұмыс істеген базалардың басым көпшілігі» не жабылды, немесе демалыс базалары мен қонақүйлерге айналдырылды, деді ол. А.Дерновойдың атап көрсетуінше, «соңғы уақытта бұрынғы база қайтадан қалпына келтіріліп табысты жұмыс істей бастады».
Шипажайлар мен дауажайлар базасына деген ықыластың артуына деген нақты мысал ретінде А.Дерновой президент іс басқармасы медициналық орталығының шипажайлар жүйесін атады. Оның айтуынша, 2003-жылдың 9 айында бұл шипажайларда 13 мыңдай адам демалған. Жолдамаларды сатудан түскен пайда көлемі 93 млн. теңгеден асып, өткен жылғы көрсеткіштен 49 процентке өскен. Мамандардың айтуынша, соңғы уақыттарда «еліміздің шипажайларында демалушы азаматтардың саны әжептәуір артты».
Алматыда бүгін ашылған конференцияға еліміздің барлық аймақтарынан келген реабилитолог мамандар, Қырғызстан, Ресей, Украина және Израиль мемлекеттерінің, сондай-ақ, ҚР президенті әкімшілігінің, министрліктер мен мекемелердің өкілдері қатысуда.