"100 пайыз рас": Елге "боқауыз завуч" деп танылған Ұлжан Елмұратованың кеше түнде біреуді бопсалап, ақша алу үстінде ұсталғаны рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"100 пайыз рас": Елге "боқауыз завуч" деп танылған Ұлжан Елмұратованың кеше түнде біреуді бопсалап, ақша алу үстінде ұсталғаны рас па?

"100 пайыз рас": Елге "боқауыз завуч" деп танылған Ұлжан Елмұратованың кеше түнде біреуді бопсалап, ақша алу үстінде ұсталғаны рас па?

Елге "боқауыз завуч" деп танылған Ұлжан Елмұратованың кеше түнде біреуді бопсалап, ақша алу үстінде ұстағаны жайлы ақпарат тарады.  

  • 13 Маусым 2023
  • 29190
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты Құрал Сейітханұлы фейсбуктегі парақшасында жариялады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы 

"Елге "боғауыз зауыш" деген атпен танылған Ұлжан Елмұратова кеше түнде әдеттегідей біреуді бопсалап ақша алу үстінде ұсталды деген хабар келді. Оның қарапайым адамдарға қалай жала жауып ақша өндіріп алатынын сол ауылдың қыздары бірінен соң бірі Айгүл Орынбекке сұхбат беріп айтқан видеоларын мен өз парақшама салғанмын. Кіріп көрсеңіздер болады.

Бұл бәленің полициямен қарым-қатынасы жақсы. Енді бұны босатып жібермесе екен дейміз. Бүткіл бір ауылдың тұрғындарын зар еңіреткен бұндай қылмыскер түрмеде отыруы тиіс. Егер оны билік түрмеге қамаса бүкіл Қазақстан жұрты риза болар еді деп сеніммен айта аламыз.

Ұлжан Елмұратова! Әділдік, адамгершілік, мейірім жайында тек сен айтпай-ақ қойшы. Сенің орның — түрме", деп жазды. 


Айта кетейік, ақпарат ресми дәлелденбеген.